Материалдар / Жаңа жыл мерекесіне сценарий "Қош келдің, Жаңа жыл!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа жыл мерекесіне сценарий "Қош келдің, Жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне сценарий құруға көмегін береді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1019
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қош келдің, Жаңа жыл»


Жаңа жылдық сценарий.2016-2017 оқу жылына арналған

«Жаңа жыл» әні орындалады

Жаңа жыл иелері кіреді тауық, маймыл костюмін киген 2 оқушы кіреді).



Жүргізуші: Мадина

Қош келдің,Жаңа-жыл

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік.

Жадырап, би билеп тербелейік,

Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы.

Жаңа-жыл:Камил

 Мен –Жаңа жылмын,

Мен –Жаңа нұрмын.


Мен-жаңа жырмын,

Баршаңызбен біргемін.


Тағат таппай күткенің

Бұл тауық жылы еді,


Әкелемін баршаңа

Жаңа бақыт, жаңа жыр.


Жаңа-жыл жаңа әннің тербелуі

Жаңа-жыл ақ арманның өрленуі.

Жаңа –жыл партадағы лүпілдеген,

Көргендер де, көрмегенде арманда,

Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.

Талай қызық болар деп тамсанамыз

Осы күнді сағынып, аңсағанбыз

Жасыл шырша жанында қол ұстасып

Жаңа-жылды қосылып қарсы аламыз.

  • Бүгінгі жаңа жылдық мерекеге жиналған балалар, ата аналар, ұстаздар баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі сіздер үшін ұйымдастырылған ойындарға қатысып,әсем әнге, көңілді би билеп көңіл көтерейік.

Жүргізуші: . Кешімізді көңілді әнмен бастайық.

Жаңа жыл әні орындалады. Әнді орындайтын Ерасыл, Жанасыл, Темірхан.

Жасыл шырша, жасыл шырша жарқыратып жақшы шамды? 

Енді шырша жырын бірге,шыршамызды айналып жүріп шырқайық.

Шырша жыры орындайтын Ерасыл, Темірхан, Алина,Мираль.



Жарық сөніп,боран соғып орманнан мұз ханшайымы келеді.

Мұз ханшайымы:

Соқ, соқ боран қаттырақ

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай- дүлей соқ боран

Барлық дүние шайқалсын.

Тыныштықты бұзатын

Кімдер бұлай ойнайтын.

Балаларды қаламаймын

Сарайымды былғайтын.

Жүргізуші:-Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?

Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған,тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдарма, солайма.

Жүргізуші:Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.

Мұз ханшайымы:Мен ешқандай кідіре алмаймын .Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.

Кетіп қалады

Жүргізүші:Қап, әттеген ай бұл жер Мұз ханшайымдықі екенін білген жоқпыз гой.Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады? Енді қайттік балалар?

Балалар жаңа жылға арналған тақпақтарын айтсын. Эльнур, Зарина, Санжар.

Жүргізуші:Армысыз, балаларға шаттық сыйлаушы күлкі патшасы. Жаңа мұз ханшайымы келіп,көңілімізді түсіріп кетіп еді. Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын болдыңыз ғой.

Сайқымазақ: -олай болса не тұрыс, менің жақсы көретін ойынымды ойнайық. Кәне , бәріміз « буги буги» биін билейік. Менің биімді қайталап, көңілденіңдер.

(көнілді би)

Жүргізуші:Балалар қалай көңілдерің көтерілді ме? Рахмет сайқымазақ! Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық. - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр.

Жұмбақ: Ақ таяғы қасында

Ойын күлкі жанында

Күтеді оны шартарап

Сый дорбасын арқалап

Жаңа жыл сайын келетін

Ол кім?

Балалар: Аяз ата

Жүргізуші : жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Балалар Аяз атаны,Ақшақарды қарсы алайық.

Осы кезде музыка ойналып, таяқтың тарсылдаған даусы естіледі. Аязата мен Ақшақар кіреді

Жүргізуші:

Армысың Аязата ақсақалым,

Бармысың сұлу көркем Ақшақарым

Асыға тағатсыздық сезімменен

Күтуде өзіңізді барша қауым.

Енді шырша жырын бірге,шыршамызды айналып жүріп шырқайық.

Шырша жыры орындайтын Ерасыл, Темірхан, Алина,Мираль.



Аяз ата: 

Ау, амансыңба ұлдарым

Амансыңба қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар:

 Ал,кәнекей балалар

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық

Жаңа жылда

Шыршамызды айналып

Би билейік қалықтап

Қарап тұрма қалыс кап.

Ақшақарлар қалықтап әуенмен шыршаны айналып билейді.

Жүргізуші:Олай болса, Ақшақардың құрметіне В лесу родилась елочканы орындайық.

Ендеше, ескі жылмен қоштасатын уақыт жетті.

Ескі жыл: Ерназар

Тірлік жіпке түбі үзілер, байланып,
Мың құбылған аспан сынды өмір-ай!
Ескі жылым естелікке айналып,
Есімде алған, ескірмейтін көңіл-ай!

Тағы бір жыл тереземді қағып тұр,
360 күнге түйіп қабағын.
Тағы бір жыл ту сыртымда қалып тұр,
Қоштаспауға амалым жоқ, амалым.

Менің сана түкпірімде қаласың,
Мөлт-мөлт еткен дәуренімнің көзі боп.
Есігімді сырттан жауып барасың,
Енді саған айтар елдің сөзі жоқ.

Ей,
Ескі жыл,
Інің үйге еніп тұр,
Танысуға, табысуға мұрсат бер.
Мен де өзіме,
Ол да өзіне сеніп тұр,
Сөйлесуге рұқсат бер…



Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар сіздермен бір ойнағысы келіп тұр.

«Кім жылдам?» ойыны

Жүргізуші:Аязата, ақшақар сіздер демалыңыздар. Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

Музыка ойналып мұзханшайымы келеді.

Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар ! Сендерге келер жаңа жылдарыңды мен қатырып кеттім.

Аяз ата:

 О ханшайым сабыр сақтаңыз,

Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.

Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,

Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,

Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.

Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекен.

( Жаса, Қазақстан әніне патриоттық би)

Мұз ханшайымы: Менің мына биден кейін көңілім жайланды.Бір жеңілдеп қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын. Мен жаңа-жылды босатайын.

(Шығып кетеді)

Жүргізуші: Қыздардың орындауында Үкілі кәмшат биі



Аяз Ата:Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Хош сау болыңдар, балалар!

Кетті біздің сүйікті де, сүйкімді

Енді қалай келтіресің ұйқыңды.

Шыршамызды шыр айналып өмір жүр,

Біз білмейміз одан өткен сиқырды.



Музыка ойналып мыстан келеді.

Мыстан:Аспанда қайдағы бір тікұшақтар мен ұшақтар ұшып жүр. Ал жерге түссең мынандай менің сұлулығыма шек келтіретін балалар жүреді. Аяқтың астында. Тфу, МАИ нені қарап жүр. Осыларды тексермей. Сендерге алаңдаймын деп таяғымды сындырып алдым. Ооо Аяз ата мен Ақшақарда мында екен го . Мен сіздерді келесі мектептегі жаңа-жыл мерекесіне алып кетпекші едім. Жүріңіз. (Мыстан Аяз ата мен Ақшақарды қолынан ұстап кетпекші болады. Сол кезде жүргізуші кеп алып кетеді)

Жүргізуші: Мыстан әже, қош келдіңіз, жаңа жылыңызбен! Сізсіз Жаңа жылдың сәні кірмес, бізбен бірге бір ойын, не бір би билеп кетіңіз. Келіп қалдыңыз гой. Балаларда соны қалайды , Солайма балалар.

Мыстан: Ай, жарайды менің мына сыпырғышыма мына шыршадан қосып қойыңдар. Мен енді жылдам жететін болайын.

Ал, қандай ойын, қандай би бар мен бір билеп қалайын. Ааа , таптым , таптым мына шарды ішке үрлеп ,жылдам жаңа жылға тілек не тақпақ айтамыз.

Жүргізуші: Өзімнің орындауында Әдемай әнін қабыл алыңыз.

Мыстан: Аяз ата мен ақшақар кеттік енді балалар күтіп қалған болар-деп іздейді.

Жүргізуші: Аяз ата мен Ақша қар мана кетіп қалған.

Мыстан: Не-дит Ай,ай тағыда алдандым, жаңа қащейге Ақшақарды алып келем деп сөз беріп едім. Жаңа жылда басын қосып үйлендірембе деп едім. Кап, қап

Енді мен сендермен бірге қала берейін, мен кащейге келер жылы барармын.

Жүргізуші:Ақылға келген мыстан әжейдің құрметіне мыстан әженің өзін ортаға алып бір билейік.

Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,

Аялаймыз ару құстың ақ таңын.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

-деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Сынып жетекшінің сөзі:

Сіздірді Жаңа 2017 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.

Поздравляем Вас с Новым 2017 годом!
  От всей души желаем Вам счастья, благополучия в предстоящем году, исполнения надежд, здоровья, мира Вашему семейному очагу, а также всего наилучшего Вашим родным и близким!
С наилучшими пожеланиями,
от нашего коллектива школы имени Дауан.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!