Материалдар / Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру менің ең басты мақсаттарымның бірі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2022
245
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "Қоңыр орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жанатбек Манас Жанатбекұлы

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру менің ең басты мақсаттарымның бірі.Ол үшін мен әр түрлі әдебиеттер,интерактив тақта,білім ленд,онлаин мектеп,дарын онлаин,ай тест, деген арнайы жаңа жүйемен оқушыларға сабақты түрлендіріп өткізуге тырысамын.

ⅩⅩⅠ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан,бүгінгі заманға сай зерделі шығармашыл,қабілетті де білімді өзгермелі ортаға сай тез бейімделгіш жеке тұлға бейнесін қалыптастыру маңызды.Тарих ғылымы өте қызықты да күрделі,осы пәнге қызықтыру үшін мұғалімнен үлкен шеберлікті,оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабақта тиімді пайдалануды талап етеді.Сабақта дәстүрлі емес сабақ түрлерін тиімді пайдалана білу оқушы белсенділігін арттырады.Дайындық барысында әрдайым оқушының тарихи білімін жетілдірудің негізі оқушының өз бетінше ізденуін көзден тыс қалдырмаймын,үнемі оқушы кітап көлемімен шектеліп қалмасын деп,қосымша ақпарат іздеп

зерттеп келуге арналған тапсырмаларды ұсынамын

Оқытуда түпкі мақсатқа жету үшін оқушының өз бетінше ізденуіне аса көп көңіл бөлемін.Күнделікті сабақта проблемалық ситуацияларды қарастырамын.Сонымен қатар бір сабақтан екінші сабақты түрлендіріп өткізуге тырысамын.Осындай жұмыс түрі оқушының өзіндік ізденісіне жол ашады.Менің ойымша оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана ұштай алады.Шығармашылық арқылы баланың таным мотиві қалыптасады.Өйткені таным арқылы оқу балаға құлшыныс және тұрақты қызығу әкеледі.Заман алға жылжып,қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы.Сондықтан да қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер жаңа технологияны пайдалану жолдары түрлі ынталы бастамалар мен түрлендіруге кеңінен жол ашуда.

Оқушының білім алудағы жоғары белсенділігін қалыптастыру үшін оқытудың әдістері мен тәсілдерін дұрыс қолдану оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың ең басты құралы болып табылады.

Қорыта айтқанда, жаңа әдістердің көмегімен білім алушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қазіргі интербелсенді оқыту әдістері бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мән-жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді, дәлелдер келтіру, дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады, теория мен практиканың бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, өткір сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.

Қарапайым сұрақтан күрделі сұрақтарды қоя білу арқылы оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта жасауға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға жаттығады. Топтық жұмыс барысында да белсенділік таныту арқылы оқушылар дарындылығын байқата отырып, топта өзіндік пікірлерімен ғана емес, көшбасшылық қырымен де таныла бастады.

Оқытудың әдіс-тәсілдерін өз сабақтарымда қолдану барысында түсінгенім оқушылардың бірін - бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретуі, бұрын үндемей отыратын оқушының сабақ барысында қызу араласуы сабақтың ерекше, олардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіншілік туғызады. Мұндай әрекет сабақтың барлық үш кезеңінде байқалып отыратындығы сөзсіз.


Алматы облысы Ескелді ауданы Қоңыр ауылы Қоңыр орта мектебі

Жанатбек Манас Жанатбекұлы тарих пәні мұғалімі

Тел:87767166614

Емаил почта:manaszhanatbek19@mail.ru


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!