Жас
мамандармен психологиялық тренинг
Тақырыбы: «Жаңа оқу
жылын- жалынды жастық жігермен
бастайық!»
Мақсаты:
Жас
мамандардың «Мен педагог» позитивті концепциясын,
коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуіне,
басқа адамдарды түсінуге, психологиялық қолдау көрсетіп,
дамыту.
Міндеті:
-
Бір – біріне деген сенімділік, адамгершілік
қатынасын қалыптастыру
-
Психологиялық қолдау
көрсету
-
Шығармашылыққа бағыт
беру
Психолог:
Саламатсыздар ма, құрметті тренингке қатысушылар!
Ұстаздарға өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой,
алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Біздің
кездесулеріміз ендігі жерде тұрақты болады деп сенемін!. Бүгін біз
бір - бірімізбен жақынырақ танысатын боламыз. Ішкі барьерлерді алып
тастауға, толқуларды сабырға түсіруге, оң зарядтар алуға тырысамыз.
Бүгінде мұғалімдік сара жолға қадам басқан жас ұстаздарға сәттілік
тілей отырып, тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Біздің сіздерге ұсынатын бірінші жаттығуымыз - бой сергіту. Ол
бізге аздап денені ширатып, күш қосып алуға, сөйтіп жұмысқа жаңа
жігермен кірісуге көмектеседі. Бір - бірімізді жақсырақ білу үшін
оған жағдай жасауымыз керек.
Жоспар:
-
«Мен өзімді.. мақтаймын»
жаттығуы
2.«Үй, адам, сілкініс»
жаттығуы.
3. Жас мамандарға арналған
сауалнама
4. Ситуациялық
сұрақтар
5.Сұраққа
жауап
6. Тыныштық сәті нұрға
бөлену
-
«Мен өзімді.. мақтаймын»
жаттығуы
Мақсаты: танысу, өзін-өзі
бағалау деңгейін көтеру.
Яғни, өз-өзіне сенімділікті
арттыруға бағытталады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев
жырлағандай:
Сенбе жұртқа, тұрса да
қанша мақтап,
Әуре етеді, ішіне құлық
сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып
шығар,
Ақылың мен еңбегің екі
жақтап.
Нұсқау: әрбір қатысушы өз есімімен қоса есімінің
алғашқы әрпі бойынша өз бойындағы жақсы қасиетін айтады. Мысалы:
Ақмарал- ақққкөңіл.
-
«Үй, адам, сілкініс»
жаттығуы.
Мақсаты: ұжымда бірлікте жұмыс істей
білуді қалыптастыру.
Біз үш адамнан топқа
бөлінеміз. Ендігі кезекте топ басшысын таңдап, оның үстінен
қолдарынды көтеріп үй шатырын жасайсыз. Егер мен үй деп айтсам,
онда үй иесі өзіне жаңа үй іздейді, ал үй десем онда иесі қалып үй
жаңа иесін іздейді, сілкініс деген кезде барлығы шашылып, жаңа топ
құрайды.
Қорытынды: Естеріңде болсын, біздің
ұжымдық жұмысымыз, біздің күшіміз!
3. Жас
мамандарға арналған сауалнама
-
Сіз өз мамандығыңызды дұрыс таңдағаныңызға
сенімдісіз бе?
-
Сіз өз пәніңізді
ұнатасызба?
-
Оқыту процесінде қиындық кездессе кімге
жолығасыз?
-
Сіз оқушыларыңызбен ортақ тіл табыстыңыз
ба?
-
Тәлімгеріңізге көзқарасыңыз
қалай?
-
Сіздің шығармашылық мүмкіндігіңіз? (оқушыларды
немен қызықтыра аласыз?)
-
Қатты ренжіген сәтіңізде не
істейсіз?
-
Ата – анаңызбен қарым – қатынасыңыз
қалай?
-
Сіз жұмыстан кейін үйге асығасыз
ба?
-
Сізге біздің ұжымда жақсы ма? (қосатын ойыңыз
болса)
Жағдаяттан жол тауып шығу
:
Ұстаздық жолда талай
қиналасың,
Қиналасың, артынан жол
табасың
Күтпеген жағдайларға кез боп
талай
Сол жағдайдан шыға алсаң, сыйлы
адамсың.
4. Ситуациялық
сұрақтар
1. Ата – аналар жиналысында сіз баласы туралы
нашар пікір айттыңыз. Ата – анасы баласын жақтап, мұғалімді
кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», - деп ашуланды. Барлық
ата – ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс –
тәсілдерді қолданасыз?
2.Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған.
Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Оқушылар
байқап сізге ескертті. Қандай амал қолданасыз? Жаппай ұрысасыз ба?
Басқа да амал қолданасыз ба?
3.Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді.
Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кінәлады.
Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай
жұмыс атқарасыз және қандай шара
қолданасыз?
4.Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй
тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми
деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында
білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді
білдірмей қалу керек пе?
5.Сабақ үстінде балалар бір
келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрса
бастадыңыз. Қатты – қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа оқушы ол
істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға
көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз
ба?
6.Сіз бүгін қандай бір
жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан,
жоспарсыз сабақ өткізу сіз үшін қиындық келтіреді. Сабаққа
келсеңіз, сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз жағдаяттан
қалай шығасыз?
5.Сұраққа жауап
Ұстазсың ба, болуың керек
жан-жақты,
Кездестіресің өмірде талай
сұрақты
Білімділік керек саған, жас
ұстаз
Жылдамырақ тауып көрші
жауапты.
-
Оқушылардың халықтық педагогикамен тәрбиелеуге
негізделген бағдарламаның аты
қандай? Атамекен
бағдарламасы
-
Шоқанның шын аты кім?Мұхамедқанафия
-
Мемлекеттік бас құжат
не?Конституция
-
“Жұқа тақтай бөлшегі, ұзындықтың өлшемі” ол
не?Сызғыш
-
Әлемнің кереметі нешеу?7
-
Жол сілтер жұлдыз қалай
аталады?Жеті қарақшы
-
“Көп түкірсе не болады?Көл
-
Қазақ алфавитінің негізін салушы
кім?А.Байтұрсынов
-
“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасынан
туған ән?Елім-ай
-
Абайдың шын аты кім?Ибраhим
6. Тыныштық сәті нұрға
бөлену
Мақсаты: Тұлғаның өмірге деген құлшынысын
арттыру,жігерлендіріп көңіл-күйін
көтеру.
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры
сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің
орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу
ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын
ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға
ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.
Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз
нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді
және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз
нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы
жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,
тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана
айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз
бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті,
көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.
Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі
ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және
шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле
шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге,
достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша
түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да
жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық
адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен
Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде
отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға
толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта
сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға
болады.
Рахмет.
Психолог: Құрметті, жас
мамандар! Осы өткізілген тренинг жұмыстарынан қандай әсер
алдыңыздар? Өз ойларыңызбен бөліссеңіздер.
Бәріңізге көп - көп рахмет! Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу біз
үшін үлкен ғанибет. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін!
Кездескенше!!!
Жас
мамандармен психологиялық тренинг
Тақырыбы: «Жаңа оқу
жылын- жалынды жастық жігермен
бастайық!»
Педагог –психолог: Башикова
М.Ж
2018-2019 оқу
жылы