Материалдар / Жаңа сабақ. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. ҚМЖ 5 сынып матем 4 тоқсан
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңа сабақ. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. ҚМЖ 5 сынып матем 4 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу мақсаттары: 5.1.2.34 берілген санның пайызын табу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2024
156
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Таныстым:


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Математика

Тақырыбы: Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу


Бөлім:

5.4А Пайыз

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

03.04.2024ж

Сынып: 5 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.2.34 берілген санның пайызын табу;

Сабақтың мақсаты

  • "пайыз" ұғымын қайталау;

  • берілген санның пайызын табуды үйрету;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Оқушыларды оқу мақсаты, тілдік мақсаты, сабақ мақсатымен таныстыру. Боялған бөліктің ауданын табу. Сынып оқушылары кезекпен берілген бөліктің қанша пайызы боялғандығын жай бөлшекпен, ондық бөлшекпен және пайызбен атап, кестені толтырады.



Жай бөлшек

Ондық бөлшек

Пайыз














Жинақтала

ды,сабаққа ынталанады.

Кестені толтырады.



























Дұрыс жауап берген оқушыларға стикер беріледі.



Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Берілген санның пайызын табу үшін: 1) пайызды жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеу керек;

  1. 2) берілген санды осы бөлшекке көбейту керек.

1-мысал. 140 санының 23%-ын табайық.

Шешуі: Пайызды ондық бөлшекпен өрнектейік: 23% = 23 : 100 = 0,23. Көбейтуді орындау керек: 0,23  140 = 32,2.

Яғни, 140 санының 23%-ы 32,2-ке тең.

Жауабы: 32,2.

a және b сандары берілген. a санының b санына пайыздық қатынасын анықтау үшін: 1) a және b сандарының қатынасын табу керек;

  1. 2) қатынастың мәнін 100-ге көбейтіп, % белгісін жазу керек.

Егер a санының b санына қатынасы берілген болса, онда b санының a санына қатынасын анықтау үшін: 1) қатынастың мәнін 100-ге көбейту керек;

  1. 2) алынған мәнге берілген сандардың біреуін бөлу керек;

  2. 3) алынған мәнді 100-ге көбейтіп, % белгісін жазу керек.

2-мысал. Урал өзенінің жалпы ұзындығы 2430 км, ал Қазақстан территориясындағы бөлігінің ұзындығы 1080 км-ге тең. Урал өзенінің толық ұзындығының Қазақстан территориясындағы бөлігінің ұзындығына және керісінше Қазақстан территориясындағы бөлігінің ұзындығының толық ұзындығына қатынасын табу керек. Жауабын мыңдыққа дейін дөңгелекте.

Урал өзенінің жалпы ұзындығының Қазақстан территориясындағы бөлігінің ұзындығына қатынасы:

  1. 2430 : 1080 = 2,25;

  2. 2,25  100% = 225% – Урал өзенінің жалпы ұзындығының Қазақстан территориясындағы бөлігінің ұзындығына қатынасының пайыздық көрсеткіші.

Урал өзенінің Қазақстан территориясындағы бөлігінің ұзындығының жалпы ұзындығына қатынасы:

  1. 225 : 100 = 2,25;

  2. 1 : 2,25 ≈ 0,44444;

  3. 0,44444  100% = 44,444% – Урал өзенінің Қазақстан территориясындағы бөлігінің ұзындығының жалпы ұзындығына қатынасының пайыздық көрсеткіші.

  4. Есінде сақта!!!

Санның 20%, 30%, 40%, 60%, 70%, 80%, 90% табу үшін:

  1. Санның 10%-ын анықтап

  2. Одан кейін 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9-ға көбейтеміз.

  1. Тапсырмалар орындау. Жеке жұмыс:

1. Пайызын табыңдар:

1) 40, 50, 90, 100, 200, 400 сандарының 50%-ын.

2) 16, 24, 68, 100, 320, 360 сандарының 25%-ын.

3) 100, 200, 300, 400, 700, 900 сандарының 10%-ын.

  1. Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгей

1. 1) Пайыздарды ондық бөлшекпен жазыңдар:

1%; 6%; 10%; 25%; 50%; 75%; 120%; 170%.

2) Пайыздарды жай бөлшекпен жазыңдар:

2%; 5%; 20%; 60%; 80%; 140%; 180%; 170%.

В деңгей

2. 1) Токарь күндік нормасын 18 %-ға артық орындады. Токарь күндік тапсырмасын неше пайыз орындады?

2) Комбайншы комбайнның ақауы болғандықтан, күндік тапсырмасын межелегеннен 12 %–ға кем орындады. Комбайншы күндік тапсырмасын неше пайыз орындады?

С деңгей

3. Тік төртбұрыштың ұзындығын 15 %-ға кемітіп, енін 20 %-ға ұзартқанда оның ауданы неше пайызға өзгереді?

Жаңа тақырыпты меңгереді.




Мысалдарды жазады.























































Тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.




Деңгейлікк тапсырмалар орындайды.































































Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл.





Тапсырма деңгейіне қарай бағаланады.




















Сабақтың соңы

Үй жұмысы:

Теледидардың бағасы 48 300 теңге. Оның бағасы бірінші рет 20 %-ға арзандатылды, екінші рет соңғы бағасы тағы да 15 %-ға арзандатылды. Теледидардың екінші рет арзандатылғаннан кейінгі бағасы неше теңге?

Сабақты бекіту.

  • Пайыз деп нені айтады?

  • Пайызды бөлшекпен, бөлшекті пайызбен қалай өрнектейді?

  • Берілген санның пайызы қалай табылады?


Үй жұмысын алады.


Сабақты қорытындылау мақсатында кері байланыс жасалады.


















Таныстым:


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Математика

Тақырыбы: Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу


Бөлім:

5.4А Пайыз

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

03.04.2024ж

Сынып: 5 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

525тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!