Жаңа технология арқылы білім сапасын арттыру

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа технология арқылы білім сапасын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ ғасыр – технонолиялардың дамыған заманы. Өскелең ұрпақ оқу орындарында ғана емес, мектеп жасынан бастап бұл бағытта дамып, сапалы білім алып, жетілуде. Бүгінгі таңда ақпарат алмасу, байланысу, жұмыстарды тиімді атқару бағыттарында технологияның ролі аса зор екені айқын. Әрине, білім берудің сатыларға көтерілуі, даму жолы, жаңа бағытқа жол алуы бірден пайда болған жоқ. Уақыт өте келе мамандар, дамушы мемлекет аясында жетіліп, жоғары деңгейлерге көтерілуде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа технология арқылы білім сапасын арттыру

ХХІ ғасыр – технонолиялардың дамыған заманы. Өскелең ұрпақ оқу орындарында ғана емес, мектеп жасынан бастап бұл бағытта дамып, сапалы білім алып, жетілуде. Бүгінгі таңда ақпарат алмасу, байланысу, жұмыстарды тиімді атқару бағыттарында технологияның ролі аса зор екені айқын.

Әрине, білім берудің сатыларға көтерілуі, даму жолы, жаңа бағытқа жол алуы бірден пайда болған жоқ. Уақыт өте келе мамандар, дамушы мемлекет аясында жетіліп, жоғары деңгейлерге көтерілуде.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, жаңа технологиялар пайда болып, ғылымда өзгерістер бола бастаған сәттен бастап ескі жүйелердің даму жолында аса қанағаттармайтыны сезіле бастады. Ғылымда, ақпараттық бағытта, басқару құрылымдарында да жаңа ресурстар ене бастады. Алайда, осы жаңа технологияны басқарып, жұмысқа енгізіп, ел игілігі жолында пайдалану үшін жастардың, болашақ жас мамандардың білім сапасын, интеллектісін арттыру маңызды. Дәл осы тұста, осы жаңа технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру маңыздылығы туындайды.

   Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттыру үшін өте қажет, соның кепілі. Заманның талабы да сол.

Бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың да көзі – технологияны меңгеріп, тәжірибеге пайдалану. ҚР Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Әрине, жоғары деңгейге шығып, осы мәселелерге үлес қосу үшін әрбір ұстазға ізденіс, талап, өзгерістерге дайындық керек. Жаңа қарым – қатынастарға, жаңа тәжірибелерге жол ашып, оны тиімді пайдалана пайдалана білу де ұстаз біліктілігінің нәтижесі.

Еліміздің дамуы, бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуы – бірінші кезекте білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Кез-келген ұлттың, мемлекеттің дамуына үлес қосатын институт – ол оқу орынбары, білім беру ұйымдары. Жаңа технологияның ұрпақты жан-жақты етіп тәрбиелеуде маңызы зор екені айтпаса да түсінікті.

Еліміздің даму жолында оқу орындары, білім беру ұйымдары, жаңа технологиямен толығып, оны игеретін жас, білімді мамандар қатары да көбейіп келеді. Осы тұрғыда оны игері бағытында ұстаздар, оқытушылар қауымы да білімдерін жетілдіріп, дайындық курстарынан өтіп, заман көшіне ілесуде алдыңғы қатарда келеді десек болады.

Әсіресе, техникалық білім беретін орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарын жаңа технологиямен қамтып, оны игеріп, жастарды заманауи дамыған біліммен сусындату алдыңғы қатардағы мәселе. Мемлекетіміз бұл бағытта қашанда білім беру саласына көңіл бөліп, дамуына ықпал жасауда.

Мемлекеттің қолдауын сезініп, ұрпаққа мамандық иесі атануға зор үлес қосып жүрген оқытушылар қауымы еңбектерін де осы жолға арнауда. Оның нәтижесі жоғары деңгейлерден көрініп жүрген жас студенттер, ғылым саласына үлес қосып үлгерген жас ғалымдар мен жас мамандар.

Әрине, әрбір саланың өзіндік даму жол бар. Сол жолда адал еңбек ете білсек, жас мамандардың сапалы білім иесі болуына үлес қоса білсек біздің еңбегіміздің ақталғаны деп білемін.





Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Е. Муканова, Б.Н.Тулегенова. «Педагогикалық шеберлік».2005 ж

  2. Әбуов. А.Е. «Оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың педагогикалық шарттары». 2005 ж

  3. Айтбаева А.Б. «Білім берудегі жаңа технологиялар» 2011 ж.









 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2024
313
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі