Материалдар / «Жаңа технологияларды пайдаланып заманауи білім беру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жаңа технологияларды пайдаланып заманауи білім беру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ыбырай атамыз салып кеткен сара жолмен жүріп, жас ұрпақтың бойына ізгілікті, адамгершілікті, еңбекқорлықты сіңіру, жаңа технологияларды пайдаланып заманауи білім беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2022
396
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңа технологияларды пайдаланып заманауи білім беру»

Даланың алып қоңырауы

Әдіскер Акжигитова Улмекен Мыратбаевна

Picture 1















Мақсаты: Ыбырай атамыз салып кеткен сара жолмен жүріп, жас ұрпақтың бойына ізгілікті, адамгершілікті, еңбекқорлықты сіңіру, жаңа технологияларды пайдаланып заманауи білім беру.

Бір Аллаға сиынып,

Кел балалар оқылық.

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Ы.Алтынсарин.

Қазақ халқының өткенін танымай ХХІ ғасырға көз тігу мүмкін емес екендігі белгілі. Ы.Алтынсаринның өмірімен, қызметімен танысу арқылы оның ұлтын, елінің тарихын, салтын, білім саласын сүйген тұлға екендігі бізге мәлім. Ыбырай Алтынсарин - ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға. Жас ұрпақ тәрбиесінде таптырмас тәрбие құралы болып саналатын қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуын, осы мәселе төңірірегінде алғаш төл туындылар жазған демократ ағартушы. Халық қазынасының қайнар бұлағынан сусындап өскен, халқымыздың дана перзенті. Ыбырай Алтынсаринның әрбір шығармасы инабатылыққа, парасаттылыққа, имандылық пен ізгілікке тәрбиелейді. Олай болса, адамгершілігі мол, салауатты жас ұрпақ тәрбиелеу ісінде Ыбырай Алтынсаринның еңбектері теңдесі жоқ туындылар болып табылады. Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы әлеуметтік педагогикалық мәселелерді шешудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды.

Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғырту кезеңінде тұрмыз. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс. Дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін, үнемі білім беру саласына жаңашылдық енгізіп, инновациялық технологияларды пайдалану керек! Еліміздің болашағы ертеңгі ел тізгінін ұстар білімді, ер жүрек азаматтар тәрбиелеуде тәрбиеші педагогторымызға да байланысты. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгерту. Сол Ыбырай атамыз салып кеткен сара жолмен білім қарқындап, жаңа технологияларды пайдаланып, ақыл – ойы дамыған, еңбек сүйгіш, шығармашыл азамат пен азаматшаларды тәрбиелегім келеді. Бұл жолда ізденіп қазіргі таңда бірнеше жаңа технологияларды «Триз» технологиясы, «Ойын» технологиясы, «Блум» таксономиясы, «Дамыта оқыту» технологиясы балабақшаларда пайдаланылып жүр. Бөбекжайда күнделікті оқу қызмет барысына қолдануға ыңғайлысы – Блум таксономиясы. 1950-жылдардан бері білім беруде жасалған өзге жүйелердің ішінде Б.Блум таксономиясы түсініктілігімен әрі заманауи білім беру парадигмасы жағдайында кеңінен қолдануға жарамдылығымен ерекше болды. Бұл таксономия оқу қызметтерінде ауқымды да терең жоспарлауға (жобалауға) көмегін тигізіп, күтілетін нәтиже мен тәрбиеші міндеттерін айқын тұжырымдауға мүмкіндік береді.


Оқу мақсаттарының деңгейлері

Балалардың нақты іс әрекеті

Білім

Есте сақтау,еске түсіру, танып білу, жұмыстың орындалу ретін білу.

Түсіну

Түсіндіру, өз сөзімен жеткізу

Қолдану

Ұғымдармен мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолдану

Талдау

Алған білімдерін жай қабылдамайды, талдайды саралайды

Синтез (жинақтау)

Алған білімге толықтыру жасау

Бағалау

Алған білімге бағалау жасау

  1. Кесте (Б.Блум таксономиясының деңгейлері)

Оқу мақсаттарының деңгейлері

Балалардың нақты іс әрекеті

Тәрбиешінің әңгіме бойынша сұрақтары

Баланың әңгіме бойынша жауабы

Білім

Балалар, өрмекшіні, қарлығашты, құмырсқаны біледі

Балалар өрмекші не істеп жүр?

Құмырсқаны көрдіңдерме, ол не істеп жүр?

Аспанға қарайықшы, не ұшып жүр?

Қарлығаштың аузында не бар?

Өрмек тоқып жүр



Ия, нан қиқымын тасып жүр



Қарлығаш





Аузында шөбі бар.

Түсіну

Іс-әрекеттерін ажыратады, түсінеді

Тәрбиеші әңгімені айтады, түсіндіреді, жақсымен жаманды ажыратып көрсетеді.

Балалар әңгімені тыңдады, түсінді,

Қолдану

Балалар көрнекі құралдарды қолдану.

Тәрбиеші көрнекі құралдарды қолдану арқылы балаларды еңбекке баулиды.

«Жалқаудың жаны тәтті еңбектің дәмі тәтті» мақал-мәтелдің мағынасын ашып,қолданды.


  1. Кесте (Ыбырай Алтынсаринның «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесін Блум таксономиясы арқылы оқу қызметтенің жоспары)




Қорытындылай келе баланың бөбекжайда оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуде Ы.Алтынсаринның әдеби туындалары балалар дүниесіне өте жақын. Ы.Алтынсаринның әңгімелері арқылы балалардың еңбек сүйгіштікке, талапты болуға тәрбиелейді. Әңгімелердің идеясы жақсы мінез құлыққа бағыттап, халқын, елін сүю,махаббат –мейірім, перзенттік парыз сияқты өзекті мәселелерді қамтиды. Осының бәрі жас ұрпаққа үлгі болады. Ы.Алтынсарин мұраларын қолдану тәрбиешілер үшін маңызы өте зор. Сол себепті мен жаңа технологияларды қолдану арқылы балалардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік, алғырлық қасиеттерді түрлі тәсілмен сіңіргім келеді және сол жолда аянбай еңбек етемін.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. – Алматы,1981

  2. Қоянбаев Б.Ж. Педагогика. – Оқу құралы.- Алматы,1992

  3. Бенджамин Блум «Блум таксономиясы»

  4. «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы








IMG-20211028-WA0021.jpg IMG-20211028-WA0020.jpg Ыбырай Алтынсаринның «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесін Блум таксономиясы арқылы оқу қызметтенің өткіздім


1 – сурет 2 - сурет


20200312_094937.jpg

20200312_094939.jpg






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!