Материалдар / Жаңа технологияны жүйелі және сабақта қолдану бастауыш сынып оқушыларының сапалы білім беру,ауызша және жазбаша сауаттылыққа қол
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңа технологияны жүйелі және сабақта қолдану бастауыш сынып оқушыларының сапалы білім беру,ауызша және жазбаша сауаттылыққа қол

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2018
270
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жаңа технологияны жүйелі және сабақта қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім беру,ауызша және жазбаша сауаттылыққа қол жеткізу Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп бала тәрбиесін жақсы көңіл бөлген.Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасы мен ішкі және сыртқы саясатын дамытатын да бүгінгі жас ұрпақ.Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігін бағыт алуда. Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгеруде. Оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға  баланың білім, білік дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуда. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б. елдерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында оқыту формасын, әдістерін, қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгіменен құруға мүмкіндік береді.Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғарғы технологияның, ғылым мен білімнің заманы.Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді. Оқыту процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру – мұғалімнің міндеті.Оқушылармен жұмыс жасағанда:-        Еркін ойлауға мүмкіндік беру;-        Ақыл-ойын дамыту;-        Шығармашылық белсенділігін арттыру;-        Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу;-        Тіл байлығын жетілдіру;-        Жан-жақты ізденушілік арттыру керек.Жаңа технологияны жүзеге асырудағы міндеттеріміз:-        Әр сабақта оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.-        Әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру.-        Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу.-        Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу.Мазмұнына қарай мен өз іс-тәжірибемде қарым-қатынастарды ізгілендіру мен демократияландыру негізіндегі, оқушылардың іс-әрекеттерінің белсенділігі мен тиімділігін арттыруды, халық педагогикасының буындарын қолданамын. Сабақтарымда оқушылардың тілін дамытуда, өзіндік жұмыс жасауда, ел-дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізуге баулимын. Сабақтарда Эльконин Давыдовтың дамыта оқыту технологиясын, оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолданамын, балалармен шығармашылық жұмыстар жүргіземін.Баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту бағытындағы іс-әрекетке көшу – заман талабы.Шығармашылық – бұл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, өмірден дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлілді шешімдер қабылдай білуге үйрену қажет.Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болады. Біздің міндетіміз оқушы бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Шығармашылық қабілетті дамыта оқытатын мұғалім де шығармашылықпен жұмыс істеу керек. Шығармашыл мұғалім үшін шығармашылық деңгейдің белгілері:-        Жаңа әдіс-тәсілдерді, білімді меңгеруі;-        Жаңа білім аумағында өз еңбегін ой елегінен өткізу;-        Жаңа форма, әдіс-тәсілдерді құрастыру;-        Озық іс-тәжірибені пайдалана білу;-        Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай білу;-        Нақты жағдайда бағыт-бағдарды, шешімді өзгерте білуі;-        Ең жоғары деңгейдегі жаңа оқу-тәрбие жүйесін құрау.Ұлы педагог Я.А.Коменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, жалындап жүретін тұлға екенін айтқан. Ал, шығармашыл мұғалімнің шәкірті де шығармашыл болуы керек. Дарынды балаға дарынды ұстаз қажет. Олай болса, оған білімнің нұрын құйып, шығармашылық ынтымақтастықта әрекет етсе, шығармашыл дарынды тұлға шығары сөзсіз.

























































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!