Материалдар / «Жаңа технологияның элементтерін сабақта тиімді пайдалану»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жаңа технологияның элементтерін сабақта тиімді пайдалану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту керек, сонда ғана біз басқа ұлт балаларын қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз. Қазіргі заң талабына сай қазақ тілі сабақтарында қолданып жатқан жаңашыл әдіс – тәсілдері өз сабақтарында қалай пайдаланып жатқандығын жөнінде әріптестермен бөлісу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2019
278
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Қостанай облысы, Федоров ауданы

әкімдігінің білім бөлімінің
«Кеңарал орта мектебі» КММ

қазақ тілі мұғалімі

Жакубекова Гульнар Жолтаевна



«Жаңа технологияның элементтерін сабақта тиімді пайдалану»

Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттердің бірі - оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудын тиімді әдіс – тәсілдерін өз тәжірибесінде таңдап алады.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану оқыту мақсатында жетудің тиімді жолдарын көрсетеді.

Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда ең бірінші эстетикалық талғамға сай безендірілген кабинет, оқудын әр түрлі құралдары, кестелері, оқулықтары, техникалық құрал – жабдықтары, информациялық құралдар болуы қажет. Қазақ тілі мұғалімі өз сабақтарын жаңа сатыға көтеру үшін шәкірттерінің білім – құмарлық қасиеттерн дамытып, білім алуға қызығушылығын арттыруды көздейді. Мұғалім сабақ түсіндірген кезде оқушыға аса күш түсірмей жеңілден ауырға қарай, жалықтырмай, оқушының тиянақты білім алуына, мүмкіндіктер туғызуы қажет.

Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту керек, сонда ғана біз басқа ұлт балаларын қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз.

Қазіргі заң талабына сай қазақ тілі сабақтарында қолданып жатқан жаңашыл әдіс – тәсілдері өз сабақтарында қалай пайдаланып жатқандығын жөнінде әріптестермен бөлісу.

Мемлекеттік тілдің жоғарғы деңгейде оқытылуы оқушы санасына сіңірлетін білімнің сапасымен өлшенеді.

Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек.

Мен өз тәжірибиемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушы бірлессіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауда ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын:

Сыйластық ( бір – біріне бірдей бағынышта болу);

Жауапкершілік ;

Топқа бөлгендегі әр тектілікті ұмытпау;

Топтың барлық мүшелерінің кезепен сөйлеу дағдысын үйрету;

Тікелей сөйлеуде әлеуметтік қарым – қатынас жасау, дағдыларын қалыптастыру;

Мұғалімдердің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету;

Топта ұтымды жұмыс істеу.

Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.

Бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім:

Оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарлауы;

Жиі- жиі ой талқасын жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету;

Сабақта өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі оқушынының жұмыс басты болуы;

Бір нәрсеге үйрету мәнді түрде қызығушылығын оянуы;

Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің ұлтына, жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай олардың бір – біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын түсінеді.

Оқушылар жұмыс жасау барысында бір – біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш – қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушыны өз пікірлерін еркін жеткізуге жағдайлар жасайды.

Сабақ үстінде жан – жақты сұрақ қоюда да мұғалім мүмкіндігінше барлық оқушының жауап беруін қамтамасыз етуі керек. Сұрақ қоюдің қарапайым түрінен терең ойлауға дейінгі түрлері бар екендігі белгілі. Ал мұғалімнің мақсаты- оқушының ойлау сатысы ең төменгі деңгейден жоғары терең ойлау деңгейі түсінуден басталады. Одан кейін қолдану, анализ, синтезге дейін жоғарлайды.

Орыс мектебі жағдайында қазақ тілі пәнінің жүргізуде жекелеп оқу технологиясын пайдалану да тийімді. Жекелеп оқыту дегеніміз – оқушының жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту үрдісін ұйымдастырудың әдіс – тәсілдерін, қарқынын таңдау.

Мысалы: 9 – сынып оқулығында «Бастауыш туралы мәліметпен танысу» тақырыбын өтуде деңгейін жоғары оқушыға берілген көркем шығармадан (Абай өлеңдерінен) бастауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалып тұрғанын анықтау ұсынылады.

Инновациялық технологиялардың көптеген, оардың түрімен әдістерінің сан салалығына қарамастан, әр технологияның элементтері өзара бір – бірімен байланысады.

Мысалы: 11- сыныптың зерттеу сабағында оқушылар топқа бөлінеді. Бірінші топ Крыловтың «Қарға мен түлкі» өлеңнің аударма түрінді оқып, композициялық желісіндегі ерекшеліктерін анықтап, тақырыбы мен идеясын айқындайды, осы шығармадағы мәтіннен көркемдегіш құралдарды табады. Екінші топ оқулықтың «Крыловтың ізімен » атты қара сөзбен берілген шағарманы оқып, оқиға желісіне, жазылу тәсіліне талдау жасап алдынғы өлеңмен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.

Бұл әдіс тәсілдер аталған технологиясындай қолданылады.

Сонымен, қорыта келгенде, айтарым – орыс мектебінде қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін мәнділігі бұдан да кем емес.

Сөйтіп, осында жүйелі жұмыстар нәтижесінде оқушының күнінен күнге білімге деген ынтасы арта түседі, олар өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптасады, өзін – өі бағалап, өз күшіне деген сенімділік пайда болады, оқудың мәні мен мақсатын айқын түсінеді. Жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!