Материалдар / Жаңа заман ұстазы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңа заман ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарияланып отырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін ұсынған «Адами капитал- жаңғыру негізі» 7 міндетінде білім берудің жаңа сапасына қалай жетуді нақтылап берген. Онда Елбасы: «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс», - деп бастап білім беру саласындағы дара даму, ерекше оқыту сапасы, білім бәсекелестігін арттыру жолындағы өзгерістер мен жаңартылған мазмұны туралы нақты қадамдарды анық жеткізген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
396
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢА ЗАМАН ҰСТАЗЫ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін ұсынған «Адами капитал- жаңғыру негізі» 7 міндетінде білім берудің жаңа сапасына қалай жетуді нақтылап берген. Онда Елбасы: «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс», - деп бастап білім беру саласындағы дара даму, ерекше оқыту сапасы, білім бәсекелестігін арттыру жолындағы өзгерістер мен жаңартылған мазмұны туралы нақты қадамдарды анық жеткізген. Расында, бүгінгі әрбір күніміз өзгерістер мен жаңашылдықтарға толы, бүгінгі заман ұстазының алдында үлкен міндеттер тұр. Әрине, бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу- сызу, оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағжайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Бүгінгі ұстаз өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш – жігерін, парасат – қуатын салған тұлға екені белгілі. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, ішкі жан дүниесі керемет адамға тән қасиет. Десек те, бүгінгі ұстазға нормативтік – құқықтық актілерді өз еңбек өмірінде қолдана білуі қажет. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 8 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидаларында» нақтыланған педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары және педагогикалық әдептің негізгі нормалары ұстаз тарапынан берілген кез – келген біліммен қоса ұштастырылып берілуін қажет етеді. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:1.Алалдық: Педагог адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесіне, өз қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуіне, сынға және рефлексияға қабілетін дамытуға, оқушылардың, ата – аналардың, әріптестердің кез келген пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігін білдіреді;2.Әділдік: Педагог әділдігі оның бағалау қызметінің ашықтығын, олардың құрған білім беру ортасының айқындылығын білдіреді. Әділдік педагогке оқушының, оның ата – анасының (заңды өкілдерінің), әріптестерінің құқығын бұзуға тыйым салады;3.Өзінің абыройын және қадір – қасиетін құрметтеу: Педагог өзінің кәсіби назарындағы обьектілер болып табылатын оқушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір – қасиетін құрметтейді, олармен қарым – қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік танытады. Осы орайда қазақтың аса көрнекті ағартушы- педагогі, жазушы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің мағынасы терең жатқан сөзі қанша жыл бұрын айтылса да, өзектілігін бүгін де жоғалтпаған: «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады»



Асия Кошкинбаева Қарасай ауданы Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!