ЖАҢАРҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – БЕЛСЕНДІ
ЖАСТАРДЫҢ ҮЛЕСІНДЕ
Ел ертеңі саналатын жастардың қоғам өмірінде алар
орны бүгінде соншалықты маңызға ие болып отыр. Тұғыры биіктен
көрінерлік белсенді жастардың қоғам өміріне араласуы бір жағынан
уақыттың өзі межелеген белгісі секілді. Жас сананың мемлекет
негізінің дұрыс қалануына қаншалықты орны барын уақыттың өзі
дәлелдеп отыр.
Елбасы алға қойып отырған міндеттерді шешу
бағытында ел болып қолға алар, алда атқарылуға тиісті істер әлі де
мол. Ол үшін бірінші кезекте «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жаңа
стратегиясын мұқият зеделеу, тиянақтай түсіну, әсіресе, ел келешегі
– жастарды ортақ мақсатқа жұмылдыру қажет. Осы мақсатта А.Ясауи
атындағы ХҚТУ Тараз институтында білімгерлер арасындағы тәрбие
жұмыстары «ҚР білім туралы» заңының, ҚР Президентінің
«Қазақстан-2030», «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы», «Ішкі және сыртқы саясаттың
негізгі бағыттары» (2004), «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және
саяси жедел жаңару жолында» Жолдаулары (2005ж), 2005-2010 жылдарға
ҚР білім беру жұмыстарын дамытудың Мемлекеттік бағдарламалары, «ҚР
Мемлекеттік жастар саясаты» (2004ж.) және ХҚТУ Жарғысы мен Даму
концепциясы, «А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің тәрбие жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру»
Ережесі негізінде жоспарланып, нақты іс-шаралар
жүргізілуде.
2007 жылы 28 ақпанда Нұрсұлтан
Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында елдегі
жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары жөнінде
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты дәстүрлі
жолдауы жарияланғаннан кейінгі алғашқы
күндерде «Қазақстан-2030»
стратегиясының 10 жылдығы – Қазақстан экономика мен өз
мемлекеттілігінің берік іргетасын құра отырып, дамудың жаңа
кезеңіне сенімді қадам басуда» тақырыбында
білімгерлер мен оқытушы-профссорлардың алғашқы пікір алмасу
сағаттары, кураторлық сағаттар ұйымдастырылып, Елбасы ұсынған «Жаңа
Қзақстан» идеясының мәні мен маңызы, мазмұны жайында ой-пікірлер
ортаға салынды.
Институтта ұйымдастырылған
арнайы дәрістер, семинарлар, жиындар, талқылаулар, «дөңгелек
үстел», ғылыми-тәжірибелік конференция сияқты шараларға қаламыздың
зиялы қауымы, ұлттық орталықтардың өкілдері кеңінен
тартылды.
Жастар ісі жөніндегі комитет
пен студенттік ректораттың ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
ақпан айындағы (2007ж.) Қазақстан халқына Жолдауы бойынша
Республикалық жастар Форумының делегаттары, «Жамбыл жастары», «Жас
Отан», «Облыстық пікір-сайыс орталығы», «Жамбыл облыстық
білімгерлер мен жастар одағы» облыстық қоғамдық жастар ұйымдары,
олардың төрағаларының қатысуымен «Елбасының Жолдауы – кемел
келешегіміздің кепілі» атты дөңгелек үстел өтіліп, өздерінің алға
қойып отырған міндеттері мен ұсыныс-тілектері алға тартылды.
Сондай-ақ, жергілікті теледидардан белсенді білімгерлердің Жолдауға
қатысты сұхбаттары берілді.
Осыдан екі жыл бұрын жастар саясаты туралы Заң
өмірге келген еді. Алайда, Заң қабылданды деген сөз – жастар
мәселесі шешіле қойды дегенді білдірмесе керек. Басты мақсат жастар
саясаты мәселелерімен айналысатын уәкілетті органдарды анықтап,
еліміздің аймақтарында өз бетінше жұмыс жасап жатқан сан алуан
жастар ұйымдарымен бірлесе қимылдауына жол ашу болатын. Екі жыл
ішінде Заң шеңберінде бірқатар айрықша істер қолға алынып, тиісінше
бірнеше бағыт-бағдар белгіленді. Аталған мақсатқа жету жолында
облысымызда облыс әкімі Б.Б.Жексенбиннің тікелей бастамасымен
мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың 2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасы бекемделген болатын. Бағдарлама аясында
жастар өмірінің сан-алуан көрінісін арқау еткен, олардың түрлі
бастамаларына қолдау көрсетуді мақсат тұтқан іс-шаралар ұдайы
ұйымдастырылып келеді.
Институтта жастар саясаты мәселесі ҚР “Білім
туралы” және №181-ІІ 7.07.2004 жылғы ҚР-дағы мемлекеттік жастар
саясаты заңдарына байланысты жүзеге асырылуда білімгерлерді
белсенді қоғамдық істерге тарту, тәрбиелеу, жастар мәселесін
бірлесіп шешу т.б. әрекеттерді Жастар ісі жөніндегі комитет
бірлесіп ұйымдастыруда.
Жастық – бұл серпінділік.
Жастардың белсенділігі бәсекелестікке бастайтын бекем жол,
келешектің кепілі! Әрбір жас адамның салауатты өмір салтын ұстанып,
өз ауылына бір тал ағаш егуінің өзі – абыройлы азаматтың қолынан
келетін іс. Жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеуде, олардың
сезімдері мен азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында студенттік
құрылыс және «Жасыл Ел» отрядтары жұмысының маңызы зор. Елбасының
Қазақстан Халқына Жолдауын негізге ала отырып «Жасыл ел»
бағдарламасын жүзеге асыру бағытында және студенттік құрылыс
отрядтары маусымдық жұмыстарға қатысуға дайындық жұмыстарын
жүргізуде. Қайта жанданған студенттік құрылыс отрядтары мен «Жасыл
ел» жастардың еңбек отрядтары аясында белсенді институт жастары
топтасып «Жеңіс» саябағында, Тараз қаласындағы көптеген нысандарды
тазалау жұмыстарымен шұғылданып, «Жасыл ел – жастар ісі» атты
облыстық жастар сенбілігінде тал көшеттерін отырғызды.
Қай мемлекеттің жастары
болмасын тек ата-анасының тәрбиесін ғана емес, әлеуметтік тәрбиені
де көріп, шыңдалуы керек. Ал ондай шыңдалу біріншіден, жастар
ұйымдары арқылы ғана жүзеге асатыны белгілі. Бүгінгі таңда жоғары
оқу орындарының алдында тұрған нағыз келелі міндет – Жолдауда атап
көрсетілгендей «...тиісті білім мен білік алған еліміздің кез
келген азаматының әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман
болатындай деңгейге көтерілуі». Оқу орнымызда білімгерлерді ұлттық
сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті,
парасатты, ар-ожданы таза, бойында ұлттық қасиеті қалыптасқан және
Қазақстанның белсенді азаматтары болуға тәрбиелеу жолында
Тәуелсіздіктің 15 жылдығына арналған «Қазақстанның болашағы –
ЖАСТАР!» тақырыбында облыстық пікір-сайыс, Жамбыл облысы Қазақстан
халықтары Ассамблеясының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары
арасында өткен «Тіл – ұлт рухының тірегі» атты облыстық байқау,
«Біз таланттыларды іздейміз!» және «Біз салауатты өмір салтын
қолдаймыз» атты байқаулар мен спартакиядалар жиі өтіліп отырылуы -
белсенділікті күшейтудің бір жолы болып есептелмек.
Қазақстан қоғамында
жастарға, жалпы азаматтарға үздіксіз білім беру, сонымен
мемлекеттік деңгейде қамтамасыз ету мәселесінің алдыңғы қатарға
шығуы – еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуындағы ең бір
пайдалы, тиімді әрі өнімді жол деп білемін. Еліміздің ендігі
жылдары техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аударылсын
деген тапсырмасының да ойдағыдай орындалып, қазақ жастарының осы
саладағы үлес салмағын арттыру мақсатының да қоса жүзеге асырылуы
осыған тіреліп тұр.
«Ақылды болуға жетелейтін үш
жол бар: бірінші, тәжірибе жолы – ең ащы жол; екінші, ұқсау жолы –
ең жеңіл жол; үшінші, ойлау жолы – ең таза жол»,- дейді қытай
мақалында. Кең байтақ қазақ даласындағы барлық пайдалы қазбаларымыз
бен ғасырлар бойында шыңдалған, құнарын жоғалтпаған елдік
күш-қуатымыздың қайнарын ендігі жерде ел игілігіне сарқып
жұмсағымыз келсе, Елбасының осынау Жолдауында қадау-қадау етіп
көрсетілген міндеттер мен мақсаттарды нақты жүзеге асыруымыз қажет
және оның негізгі көзі - белсенді жастарды жұмысқа жұмылдыру болып
табылмақ.
Тағдыр таразысының қалай
қарай ауатыны – бесіктің қалай тербелетініне байланысты дегендей,
бүгінгі ұрпақ ертең мемлекеттің тұтқасын ұстар бір-бір азамат.
Жігері жалын боп жанып, өрелі өрге талпынған бүгінгі белсенді
жастар мемлекет еңсесінің биік, тұғырының берік қалануына сүбелі
үлес қосып жатса, қазақтығы қанында, азаматтығы жанында буырқанған
Бөрі тәңірлі еліміздің рухының мықты екндігінің айғағы емес пе?
Меже – биік, межеден табылу – абырой. Ендеше, өркенді де өршіл
дамып келе жатқан елдің ірге тасын қалау – жастардың мақсаткерлігі
мен ынтымақтастығында.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Ақжол газеті, 3 наурыз 2007ж.
-
Егемен Қазақстан, 2005ж, 25 ақпан.
-
Егемен Қазақстан, 2006ж, 20 қаңтар,
№17.
-
Зәкім Жайлыбай. Жарқын болашақ алда. Ақиқат, №1
2006ж, 5-б .
-
Қансейіт Әбдезұлы. Алтын арна. Ақиқат, №4 2006ж,
18-19б.