Материалдар / Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны (баяндама)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны (баяндама)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2023
509
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндаманың тақырыбы: Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны

І-бөлім. Білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары

ІІ- бөлім. Химия пәні бойынша оқу бағдарламасының құрылымы

ІІІ бөлім. Оқытудың тиімді әдістері

Бүгінгі  таңда  елімізде  білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы  Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын.  Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.

Білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейдегі жұмыстар республикалық деңгейде жүргізілуде. Оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.

Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деп білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойған болатын. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен – Оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. Мұндағы жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту.

  Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыру.

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Бағдарламаның мақсаты: пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

- мұғалімдердің пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын білуін қамтамасыз ету;

- пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;

- пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

Одан күтілетін оқу нәтижелері:

- мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;

- мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;

- мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.

Бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады. Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде жүреді. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан-ақ оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқушылардың жетістіктерін өлшеп, алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған соң оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Химия пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары)үйретеді. [1] Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. [2] Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды. ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.

XXI ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет.

Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, олардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Тұлғаның ең басты функционалдық сапалары саналатын белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Мұндай дағдылар кең ауқымды құзыреттіліктерді меңгеруге жол ашады. Ол белгілі бір жағдайларда дағдылар мен өмірлік ұстанымдарын жұмылдыра отырып, күрделі міндеттерді шешу білу қабілетін қамтиды. Сонымен қатар,  тиімді қарым-қатынас құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибелік дағдыларына ықпал етеді

 Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Оқушылар табысты оқу үшін мұғалімдер білім беру бағдарламасы, оқыту тәсілдері мен бағалау жүйесін өзара үйлестіруді іске асыру маңызды. Орта білім беру мазмұнын жаңартудың бүгінгі ерекшеліктеріне тоқталсақ.  

Біріншіден, жаңа оқу бағдарламалары құзыреттілік тәсілге негізделеді. Тұлғаны табысты әлеуметтендіру үшін қажетті функционалдық сауаттылық негізінде құрылған құзыреттіліктерді қалыптастырады. Әлемдік педагогикадағы танымал Б. Блумның оқу мақсаттары  Таксономиясы бойынша қазіргі стандарт оқушылардың 6 деңгейдің 2  деңгейін, яғни «білу», «түсіну» деңгейлерін ғана меңгеруіне мүмкіндігі бар. Жаңа бағдарлама қалған 4 деңгейді «қолдану», «талдау, «жинақтау, «бағалау» деңгейлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Екіншіден, анық, қолжетімді оқу мақсатының болуы. Мұғалімдер қауымы тікелей тәжірибе алаңының өкілдері болғандықтан, олар оқу үдерісімен күнде бетпе-бет келеді. Күнделікті сабақ жоспарларын дайындауда тіл үйретудегі оқу мақсатын оқытудың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік компонентіне негіздей отырып, әр мұғалім өз еріктерімен таңдайды. Бұл мақсаттар бір академиялық  сағатта (45 минут)  қолжетімсіз, жүгі ауыр мақсаттар болып жатады. Ал жаңартылған оқу бағдарламасында көрсетілген пәндік оқу мақсаты мен күнделікті сабаққа қойылатын мақсаттар бір мазмұнда, жүйеленген, дайын мақсаттар. Әрі барлық мақсаттар сөйлеу әрекетінің 4 дағдысын, яғни тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған.

Мақсаттың қолжетімділігі дегеніміз – мақсат мазмұнының ықшам, нақты болуы; бір тақырыпқа берілген оқу мақсатының бір тоқсанда, тіпті оқушы мектеп қабырғасын аяқтағанға дейін бірнеше рет қайталанып келуі. Бұл оқушының бір сабақта жете алмаған оқу мақсатына келесі сабақтарда қол жеткізуіне мүмкіндік береді, әрі оқушының оқуға деген оң мотивациясына ықпал етеді, өз-өзіне деген сенімін нығайтады

Үшіншіден, жаңартылған білім беру мазмұны білім салалары бойынша анықталған күтілетін нәтижеге негізделеді. Күтілетін нәтижелер оқушы жұмысы мен оның жетістігін бағалауға мүмкіндік береді, әр оқушының жеке даму траекториясының дамуын нақтылауға жағдай туғызады. Сонымен қатар білім, білік дағдыларының дамытуға уәжін арттырады. Оқу үдерісінің сапасын жақсартады.  Сол себепті, оқыту нәтижесін мониторингілеудің жаңа формасы енгізіледі, яғни критериалды бағалау жүйесі. Оқыту мақсаттарына жетуде жетістік критерийлерін құрастыру және қолдану– бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Ең маңыздысы – оқу үрдісінің өзі, жетістік критерийлері арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді. Бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны белгілі болады. Білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім үрдісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстырылады.

Төртіншіден, барлық білім беру деңгейлері «Мәңгілік Ел» идеясына негізделген. Мектептегі білім беру мазмұны академиялық пәндер, зерттеу және сыныптан тыс әрекет, қосымша білім беру, элективтік курстар негізінде жүргізіледі. Идеяның мазмұны – оқушыларды рухани-адамгершілік тұрғыдан, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, толеранттылық пен ұлтаралық, мәдениетаралық жағдайда қарым-қатынас жасай алуға үйрету, терроризм мен экстремизге қарсы жастармен үгіт-насихат жұмыстарын нығайту болып табылады.

Бесіншіден, қазақ және орыс тілдерін деңгейлеп оқыту 1-сыныптан басталады. Әлемде тілдерді меңгеру деңгейін бағалаудың белгіленген талаптары нақты стандарт бойынша іске асырылуда. Онда шынайы мәдениетаралық қарым-қатынасқа дайындауда деңгейлеп оқыту әдісі қолданылады. Оқу бағдарламасында тілді оқытудың  коммуникативті қарым-қатынасқа негізделеді. Осындай тәсіл оқушылардың білімін шектеу емес, керісінше лексикалық сөздік қорларын дамытуға көмектеседі және тілді жаңадан үйренушілер мен өзге тілде еркін меңгеруге дейінгі үдемелікті қамтамасыз етеді.  

Алтыншыдан, үштілділік оқыту моделі енгізіледі. Басты міндеті мемлекеттік тілді жоғарғы деңгейде меңгеру. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқының Ассамблеясының XIX сессиясында химия, математика, физика, биология пәндері дамыған елдердегі мектептер мен университеттерінде ағылшын тілінде оқытылады деп атап көрсеткен болатын.  Ал тарих, әдебиет және басқа да гуманитарлық пәндер ана тілде оқытылады. Осы жалпы әлемдік тенденцияларға қарай отырып, жекелеген пәндер, оның ішінде «Қазақ әдебиеті» және «Қазақстан тарихы» қазақ тілінде оқыту қолға алынуда. Бұл оқушыларға мемлекеттік тілді терең меңгеруге көмектеседі және мемлекеттік тілді білу – мемлекетіміздің әр азаматы міндеті екенін есімізге салады.

Бұл жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның негізгі қағидаты - коммуникативтік тәсіл арқылы оқушының тіл туралы, ұлттық және жаһандық мәдениеттің маңызы туралы түсінігін кеңейте отырып, қазақ тілін табысты үйрету. Бүгінгі таңда білім беру саласына түбегейлі өзгерістің қажеттілігін ескерсек, реформаның басында тілдік пәндердің тұру себебін бағдарламада көрсетілген мына жолдармен түсіндіре аламыз: «...Әрбір оқушы үшін тіл – негізгі білім құралы. Оқушылардың тілдік қарым-қатынасы өздері өмір сүріп отырған және білім алатын орта арқылы жүзеге асады. Тілді жетік меңгеру ұлттық құндылықтарды түсінетін, әлемдік деңгейде жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді».

Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген. Отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев) пән сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова) т.б технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үрдістеріне кеңінен ендірілуде. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру-мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты. Деңгейлеп оқыту технологиялары баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин, тағы басқа ғалымдар осыны түбегейлі зерттеп, оқыту мен даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған. Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы оқушылардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы-әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім берушілердің (Эрик Рустем, Сьюзон Шуман) бірлескен еңбегі; Бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л. Выготский, теорияларын басшылыққа алған. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдерінен түзеледі.

Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаоану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту. 7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазіргі мұғалім:

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

Білімді, іскер, шебер болу керек;

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

  • Дүниетаным қабілеті жоғары;

  • Дарынды, өнерпаз;

  • Іздемпаз, талапты:

  • Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланса өз өнімді нәтиже алмақ.

  1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру;

  2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;

  3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;

  4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударулары керек:

  1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;

  2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;

  3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;

  4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;

Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – ұстаз, ата-ана және қоғам қауымының міндеті.

Құндылықтар адам болмысының әр түрлі формаларына деген қатынасын білдіретін адамзат мәдениеті болуымен ерекшеленеді.

А) оқушылардың үлестіріліп берілген материалдармен жұмысы;

Ә) химиялық тәжірибелер орындау;

Б) құралдар құрастыру, модельдер жасау;

В) жазбаша және графикалық жұмыстар орындау жатады;

Химия ғылымының зерттеу әдістерін химияны оқытуға қолданғанда оқыту әдістерін бақылау, химиялық эксперимент, модельдеу, суреттеу, теориялық түсіндіру, теориялық болжаулар әдістері деп жіктейді.

3.Түсіндірме− сурет бойынша түсіндіру әдісі.

Бұл – ертеден қолданылып келе жатқан, кең таралған әдіс.Мұның мәнісі: мқғалім білімді дайын күйінде береді, оқушылар оны қабылдап, қайта жаңғыртып, ұқсас жағдайда қолданады.Бұл әдіс деректі және теориялық материалдарды баяндау үшін, құралдарды және өндірістік қондырғыларды ссипаттау, құбылыстардың мәнін түсіндіру үшін барлық кластарда қолданылады.

Түсіндірме−иллюстративті жалпы әдістің сөз әдістері тобын толығырақ қарастырамыз.

Ауызша баяндау.Методикалық әдебиеттерде ауызша баяндауды шартты түрде монологтық (әңгіме, дәріс), диалогтық (әңгімелесу), аралас (әңгімелесу элементі бар әңгіме не дәріс) деп үшке жіктеледі. 
Әңгіме. 10−25 минутқа созылатын қысқа мерзімді баяндау.Оқу материалының мазмұнына қарай суреттеу, түсіндіру немесе мәселе тұрғысынан сипатты болуы мүмкін.Оның құрылымы үш бөліктен тұрады: кіріспе, баяндау және қорытынды.

Кіріспе бөлімге кіретіндер: мәселе қою, баяндаудың мақсатын және маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың ынтасын және ықыласын тудыру.

Баяндау бөлімі: жоспарға сәйкес ретімен баяндау.

Қорытынды бөлімде баяндалған материал қорытылады және жүйеге келтіріледі.

Дәріс. Әңгімеден айырмасы ұзақ мерзімді (30−40 минут) баяндауға жатады, жоғарғы кластарда жиі қолданылады.Орта мектеп реформасында, жаңашыл мұғалімдер іс−тәжірибесінде, кейінгі методикалық әдебиеттерде дәріске көбірек көңіл бөлінеді, оның тиімділігі нақтылы дәлелденген. 
Әңгімелесу. Диалогтық баяндауға жатады.Әдістің мәні – мұғалім сұрақтар қояды да, оқушылар жауап қайтарады, сондықтан кейде сұрақ− жауап әдісі деп те аталады.Баяндалғалы отырған материалдың кейбір мәселелері оқушыларға бұрынғы кластардан, басқа пәндерден, өмірден және т.б. таныс болғанда қолданылады.Мұғалім мен оқушы іс− әрекетінің сипаты және мақсатына қарай бұл әдіс хабарлама, эвристикалық және бақылау, қорытынды әңгімелесу әдістері деп жіктеледі.Әңгімелесу мұғалімнің шеберлігін және сезімталдығын қажет ететін күрделі әдіс. 
Оқулықпен және басқа кітаптармен жұмыс. Қазіргі педагогиканың және мектеп реформасының негізгі талабы− оқушыларды оқи білуге үйрету, оларда оқу еңбегінің жалпы және әр пән үшін арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.Осындай оқу біліктерінің ішіндегі ең маңыздысы – кітаппен жұмыс істей білу.Оқулықпен жұмыс істеу әдісі жаңа материалды игеру, алынған білімді бекіту, қолдану және тексеру үшін пайдаланылады. 
Іздестіру және зерттеудің жалпы әдістері. 
Іздестіру әдістері мәселе қою, жорамал ұсыну, оны текскру және қорытынды жасаудағы оқушылардың белсенділігінің артуымен сипатталады.Оған мәселені баяндау, эвристикалық әңгімелесу, көрнекі құралдарды зерттеу әдісімен көрнекі көрсету, оқушылардың өздігінен істейтін тәжірибн жұмыстары, кітаппен жұмыс, т.б. жатады. 
Зерттеу әдісінде қойылған мәселені шешкенде оқушылардың дәйектілігі арта түседі.Үлестіріліп берілетін материалдармен жұмысты, химиялық тәжірибелерді өздігінен орындайды, құралдар қарастырады, модельдер жасайды, графикалық жұмыстар және т.б. орындайды.Оқушылар әр зерттеудің жоспарын жасап, соған сәйкес іс –әрекеттерді жүзеге асырады.Кейде мәселені өзі қойып, қалай шешудің гипотезасын ұсынады, оны тексерудің жолдарын анықтайды.Ол үшін ғылыми, оқу және анықтама әдебиеттермен байсалды жұмыс істейді.

Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына  көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!