Материалдар / жаңартылған бағдарлама бойынша әдіс тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

жаңартылған бағдарлама бойынша әдіс тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге қосымша матепиял ретінде қолдануға ұсынылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2023
255
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сыныптарда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Осы тәжірибемді таратудағы мақсатым - барлық бастауыш сынып мұғалімдері өз шеберлігіне байланысты қолданса деймін. Бұл әдіс-тәсілдерді барлық сабақта тиімді қолдануға болады.

Мұндағы менің қолданған әдіс – тәсілдерім сабақтың басында,айтылымда жазылымда , тыңдалымда , оқылымда және сабақты қорыту кезінде қолданылатын әдіс тәсілдер.


Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.

Әр сабақта әдістерді түрлендіру арқылы оқушылардың қызығушылықтары арта түседі.

Ендеше, ізденіске жетелейтін, ізденгенге көмекші құрал болар әдіс-тәсілдер қоржынынан шыққан дүниелер кәдеңізге жарасын деп өз сабақтарымда қолданған әдіс-тәсілдеріммен бөліссем деймін.

Сабақты бастауға арналған «стартер» әдісі оқушылардың көңіл күйін көтеру үшін қолдануға болады. Бұл әдістерді қолданғанда мұғалім өткен тақырып бойынша тапсырма бергені дұрыс, сонда оқушылардың өткен сабақтағы білімін тез және оңай жолмен байқауға болады. Мысалы «Ұшақ ұшыру», «Қар кесегі», «Артығын алып таста», «Сәйкестендір», «Сөйлемді толықтыр», «Жоқ сөздерді тап», «Ыстық орындық», «Домино», «Білім ағашы», «Жұбын тап», «Карта», «Пазл» т.б. көптеген әдістерді қолдану арқылы өткен сабақты қаншалықты меңгергендігін байқау қиын емес. Бұл әдістер - кәдімгі үй жұмысын сұрау. Яғни балалар ойнап отырып үй жұмысын толықтай айтып береді.

«Пазл» әдісі Әдебиет сабағына арналған пазлдар. Балаларға құрастыру үшін қиылып беріледі (кез келген пәнге арнап жасап алуға болады)

Тыңдалымға арналған әдістер аудио, видео, лекция, сұхбат т.б. жұмыс түрлерін қолдануға болады. мысалы: «Автор орындығы», «Жұппен диктант», «Концерт көру», «Көріністер», «Монолог», «Бейнебаян», «Сыдырма» т.б. Тыңдалымнан оқушылар ақпаратты түсінуге, болжай білуге, сұрақтарға жауап беруге дағдыланады және тілдік қоры дамиды.

Айтылымға арналған әдістер баланың сөйлеу тілі дамиды, сондықтан әр сабақта айтылымға байланысты мынандай әдіс-тәсілдерді қолданған жөн: «Блиц кездесу», «Дебат», «Мен кіммін?», «Үш қадамдық сұхбат», «Шындық па, жалған ба?» немесе «Дұрыс па, бұрыс па?», «Егер мен...», «Серпілген сауалдар», «Ақылдың алты қалпағы», «Қар кесегі», «ДЖИГСО», «Ыстық орындық

Оқылымға арналған әдістер

Бастауыш сыныптарда оқу жылдамдығын арттыру кезінде қолданылады.. Ол жүгіртіп оқуға жатады. Ал мәтіннің мазмұнын айту үшін оқуда түсініп оқу жүзеге асады. Оқылым бөліміндегі әдіс-тәсілдер мәтін бойынша сұрақтар қоя білуге, мәтіннің идеясын, құрылымын анықтауға, мәтінге анализ жасауға негізделеді.

Оқылымға әсіресе «Бір мәтінмен жұмыс» әдісі тиімді

Жазылымға арналған әдістер

Жазылым кезінде қатесіз жазу, оқып алып жазу немесе өз ойыңды жазу, суретке қарап жазу және естігеніңді жазу сияқты бірнеше түрлері бар. Жазылымға сөздік және көру диктанттары, шығармалар т.б. жатады. Жазылым үшін әр балаға сыныптағы оқушылардың фотоларын таратып, сол оқушы туралы қысқаша әңгіме жазуға тапсырма берген өте қызықты болады. «Аялдама» әдісімен де жазылымды ұтымды әдіс қолдануға болады: автобустың артына сөйлемдерді жалғастырып мәтін құрастыру ойынын өткізу тиімді.

Сабақты қорытындылауға арналған әдістер мұғалім бөлім біткенде оқушылардың білімді қаншалықты меңгергендігін байқай алады. «Пирамида» әдісі соның бір айғағы. Сабақта өзiн – өзi әдiл бағалауға жетелеу үшiн «Даналық ағашы» ойыны өткiзуге болады. Алдын–ала дайындалып әкелген алманың суретттерiне оқушылар өтiлiген тақырыптар бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарына жауап алған соң, жоғары деңгейдегi сұрақтар ағаштың жоғарғы жағына, орта деңгейдегi сұрақтар ортасына, төмен деңгейдегi сұрақтар төменгi жағына жапсырылады.

Өз сабақтарымда «Өрмекшінің торы» әдісін қолданамын.

«Фишбоун» әдісінің тиімділігі берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді.

«Бес саусақ» әдісі.

Мақсаты: Баланың бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету

Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Бұл әдісті сабақтың қорытынды бөлімінде кері байланыс жүргізгенде тиімді. Өйткені бүгінгі жасаған жұмысына талдау жүргізеді. Келесі жолы қандай өзгеріс енгіземін деп ойланады.

Осылайша өткiзген сабақтарым өз жемiсiн берiп, менi ғана қуантып қойған жоқ, сонымен қатар көңiлдерi қуанышқа толған, ынтымақ пен сыйластық қалыптасқан ортада оқушылар бiр-бiрiнен қалай оқу керектiгiн де үйрендi.

Педагогикалық тәжірибесі бар ұстаз ретінде менің әріптестеріме айтарым: "Дәрігер адам тәнін емдесе, мұғалім адам жанын емдейді.

Мұғалім сыныпқа баға қою үшін емес, балаларды шабыттандыру, ең болмағанда, ынталандыру үшін кіру керек деп ойлаймын.

Әр сабаққа шабыттанып кіріп, қанаттанып шыққан мұғалім – бақытты.

Себебі әр сабақтың қайталанбас тағдыры бар.

Сабақтағы әдісті «менікі» деме, «біздікі» деген дұрыс деп ойлаймын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!