Материалдар / Жаңартылған бағдарлама негізінде құрылған 2 сыныпқа арналған «әдебиеттік оқу» оқулығының жаңа мазмұнын меңгерту жолдары.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңартылған бағдарлама негізінде құрылған 2 сыныпқа арналған «әдебиеттік оқу» оқулығының жаңа мазмұнын меңгерту жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама негізінде құрылған 2 сыныпқа арналған «әдебиеттік оқу» оқулығының жаңа мазмұнын меңгерту жолдарымен таныстыру.«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1308
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Қарасай ауданы білім бөлімі» КММ









Тақырыбы:Жаңартылған бағдарлама негізінде құрылған2 сыныпқа арналған «әдебиеттік оқу» оқулығының жаңа мазмұнын меңгерту жолдары.











Өткізілген жері: «Керімбеков мектебі»Жауапты мұғалім: «Ушинский атындағы орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі Тогысбаева Р С











2017 жыл2-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» пәнінің мазмұны жаңартылып ұсынылып отыр. Бұл жаңарту неден байқалады?
  • Оқу мақсаттарының жүйесі «құндылық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық бағдарлық, комуникативтік тәсілдемелер» негізінде оқушылардың дербестігін дамытуға қызмет жасайтындай етіп үйлестірілген;
  • Оқу үдерісіне қойылатын негізгі талап – оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру;
  • Мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қамтамасыз ететін интербелсенді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданылады;
  • «оқу мақсатының жүйесі түрінде күтілетін нәтижелер» түзіледі және орындалады;
  • Оқулық тек пәндік білім мен білікті ғана емес, сонымен қатар, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталады.
Білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық –коммуникациялық пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен, жұппен және жеке-дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешім қабылдай алу, алған білімін өмірде қолдана алу сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады.

«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.Оқу бағдарламасында әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылған. Нақты шығармаларды оқып білу және қажетті шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін, мұғалім білім алушылардың даярлық деңгейіне байланысты сабақтар санын анықтайды.Қорытынды тексеруді ұйымдастыру үшін және оқыту нәтижелерін бағалау үшін әртүрлі тапсырмалар қолданылады:-​ кешенді әртүрлі деңгейлі жұмыстар (ағымдағы тексеру үшін);-​ әдебиеттік диктанттар (әдеби білімін және сауаттылығын тексеру үшін);-​ өтілген шығарма, тақырып, бөлім бойынша тест тапсырмалары;-​ дауыстап және іштей оқу дағдыларын жаппай тексеруге арналған сұрақтары мен тапсырмалары бар мәтіндер;-​ оқу әрекеттерінің қалыптасуын тексеруге арналған диагностикалық тапсырмалар және тест тапсырмалары;-​ дауыстап оқу дағдысын жеке тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (әр жартыжылдық соңында);-​ оқырмандық біліктерінің және білімділігінің деңгейін тексеру бойынша кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстар (әр жартыжылдық соңында);-​ қорытынды тест тапсырмалары (кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстардың бір түрі);-​ оқулықпен жұмыс жасау дағдыларын тексеруге арналған бақылау жұмыстар (2-сыныптың І жартыжылдығының соңында)2-сыныптың ІІ жартыжылдығынан бастап балаларға арналған кітаппен жұмыстар бойынша тапсырмалар оқырмандық біліктерін және оқыған шығармалары жөніндегі ағымдық және қорытынды тексеруге жатады.

ОҚУЛЫҚТЫҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫН МЕҢГЕРТУ ЖОЛДАРЫ

1.Көркем мәтіндерді оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану

Бастауыш сатыда оқыту технологиясын оқушының уақын, күшін, оқу құрал-жабдықтарын өз орнымен пайдаланып, балалардың оқу жүктемесін жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай белгілеп, денсаулығына зиян келтірмейтіндей және баланың өзі түсінетіндей , әрі оны жетілдіретіндей етіп икемдеп қолдану қажеттігі туындайды. Мәселен, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерінің барлығы бірдей бастауыш сыныптарда қолдану тиімді нәтиже бермеуі мүмкін. Дегенмен, сын тұрғысынан ойлау технологиясынан оның мазмұнын құрайтын
  • Қызығушылықты ояту
  • Мағынаны ажырату
  • Ой толғаныс құрылымы дегендерді оқулық құрастырғанда басшылыққа алынған.
Қызығушылықты ояту – оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадамБұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізулеріне күш алуларына және орындау керек тапсырмалар жөнінде жекетжәне топтық түсініктерді қалыптастыруларына көметеседі. Сонымен қатар, оқушының жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын-болмайтындықтарыншешуі де алғашқы фазада іске асады. Мағынаны тану фазасы оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез-келіп қалғанда іске асады. Талқылау, кітап оқу, бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қайсысы болмасын осы кезеңде іске асады.Оқушылар жаңа идеяны қабылдайды, ескі мен жңаны ұштастырады, ойлау қабілетін кеңейтіп, не түсінгенін анықтайды.Оқулықтағы ой жалғау, түртіп ал, топтық, жұптық, ұжымдық, сондай-ақ кесте, сурет, сұрақ түрінде кетірілген тапсырмалар - осы кезеңнің тапсырмалары. Ой толғаныс үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып , түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен , мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе бір зерттеуді бастаумен айғақталады. Бұл кезеңде оқушылар өздерінің ойын нақтылайды, қатарластарымен, мұғаліммен кері байланыса отырып, мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Яғни іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта көз жіберіп, өзгерістер енгізеді. Бұл - ең ұзақ та маңызды кезең.

2. Мәтіндегі көркем сөздерді түсіндірудің тәсілдері.Жалпы алғанда, оқушының мәтіндегі көркем сөзді түсіну механизмін психологиядағы ассоциациялық ұстаныммен түсіндіруге болады.М.Мұқановтың түсіндіруі бойынша ассоциациялық ұстанымды жүзеге асыру тәсілдері: көршілестік ассоциациясы, ұқсастық ассоциациясы, қарама-қарсы ассоциациясы, себеп ассоциациясы.Көршілестік ассоциациясының осылай аталу себебі – нәрсені екінші көршілес нәрсемен бірге қабылдайтындықтан. 2-4 сынып оқушылары үшін сол жастағы баланың іс-әрекеті сюжеттік оқиға ретінде суреттелген мәтіндердің таңдап алынуы көршілестік ассоциациясының көрнекті мысалы бола алады. Мысалы, Д. Қасеновтың «Өкініш» әңгімесіндегі Аңсардың басынан кешкен оқиғасы арқылы нақты өмірде өз бастарында болған көршілес оқиғаны естеріне түсіруі мүмкін. Міне, осы әңгімедегі Аңсардың көңіл-күйін түсіну өзі де осындай оқиғаны басынан кешкен бала үшін оңай өтеді. Бұл тәсіл көркем мәтіндегі кейіпкерлер тұлғасын талдау тиімді әрі нәтижелі болмақ.Ұқсастық ассоциациясы мен қарама-қарсы ассоциациялар, әсіресе көркем мәтіндердегі кейіпкерлерге қатысты қолданылған әсерлі сөздерді түсіндіруге жиі қолдануға болады.Қарама-қарсы ассоциациялар.Әдетте кездесетін нәрселердің бәрі бір-бірімен ұқсас бола бермейді. Олар бір-бірімен қарама-қарсы да болып кездесетіндіктен, мұны қарама-қарсы ассоциациялар дейді. Мысалы, біздің есімізге адамгершілігі мол, сүйкімді бейне түссе, дәл сол уақытта оған қарама-қарсы, тек өздерінің қамын ойлайтын адамдардың бейнесі түсуі де мүмкін. Бұл өмірде жиі кездеседі. Өйткені есімізге түрлі нәрселерді, яғни бейнелерді салыстырғанда тек ұқсастығын ғана емес, тіпті қарама-қарсы жақтарын да еске аламыз. Себеп ассоциациясы- ойды тиянақнап дәлелдеуде ерекше орын алады.Мұның себебі ой процесі бір немеше бірнеше қорытындыға келіп дүниедегі құбылыстардың өзара байланысын, себебін шешуге бейімделген.Баланың мәтінді түсінуге қолжеткізу – оның ойын дамытудың алғы шарты.
  • Мәтінді эстетикалық қабылдау мен талдау жолдары
Мәтінді эстетикалық қабылдау эмоция, сезім ұғымдарымен байланысты. Бастауыш сыныптарда көркем әдебиеттің қыр-сырын танынып білдіру үшін, әр сынып көлемінде бірізділікпен жүргізілетін жүйелік жұмыстар арқылы оқушылардың шығарманы талдаудың қалыптасқан жүйесін меңгеруге алып келеді. Біріншіден, мазмұндық-тақырыптық талдау, шығарманы тұтастай ала отырып, бөлім бойынша мазмұнын, тақырыбын таныта отырып талдау. Екіншіден, тілдік эстетикалық талдауға көңіл бөлу. Шығарманың тілдік ерекшелігін, сөз өрнегін, суреттемелік шеберлігін, көркемдігін, сөздер табиғатын, стильдік айырмашылықтарын таныту. Үшіншіден, кейіпкерлік-бейнелік талдау. Шығармадағы кейіпкерлерді талдау, олардың өзара сабақтастығын шығарма тақырыбы мен оқиға желісіне қатысын айқындай отырып, ажырату әрі салыстыру.Бағдарламада 2-сынып оқушылары үшін ұсынылған оқу тақырыптары:
  • Мысал, ертегілер, аңыздар, әңгімелер;
  • Өлеңдер, ән өлеңі, шешендік сөздер, табиғат лирикасы, азаматтық лирика;
  • Балаларға арналған юморлық және сатиралық шығармалар;
  • Балалар түсінігіне сай ғылыми-танымдық шығармалар.
Бастауыш сыныптарда «Әдебиеттік оқу» пәнінде классик ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларыәр сыныпта қайталанып отырады. Оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай олардыңәртүрлі жанрда, әртүрлі тақырыпта жазған шығармаларын оқуға мүмкіндік алады. Осындай шығармаларды қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар мынадай:
  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтау;
  • Мәтінді әңгімелеу;
  • Мәтінге жоспар құру;
  • Мәтіндегі оқиғаға, мәтін авторының көзқарасына өз пікірін білдіру;
  • Мәтінді эстетикалық-сезімдік тұрғыда қабылдау
2-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» кітабының жаңа басылымында мәтінге тек сурет қана беріліп қоймай оқушылардың мәтінді эмонационалды қабылдауын қамтамасыз ететін сұрақ-тапсырмалар кеңінен қамтылған.Суретпен жұмыс – қабылдаушы кішкентай оқырманды тәрбиелеудің бір жолы. Суретпен жұмыс жасау кезінде оның мәтінмен арақатынасын анықтай отыры, баланың сезіміне әсер ету, рухани даму басты назарда болады.суретшінің көңіл-күйі қандай деп ойлайсың? Оны қандай бояулар көрсетіп тұр? Ақын да өлеңде белгілі бір күйді бере алады. Осы өлеңнің түсі қандай деп ойлайсың? Оны қандай сөздер арқылы байқадың? Осы мәтін бойынша сен қандай сурет салар едің? деген сияқты сұрақтар шығарманың сыртқы қабын-бояуын ғана емес, оның ішкі мәнін танып, ұға білуге жетелейді. Сондай-ақ ақын-жазушылардың көңіл-күйін, оқушының мәтіндегі оқиғаға, кейіпкерге қарым-қатынасын смайлик арқылы белгілеп, білдіріп отырулары да – шығарманы эстетикалық қабылдауға әкелетін әдіс-тәсілдер.





























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!