Жамбыл облысы Шу
қаласы
А.С.Макаренко
атындағы
шағын орталықты орта
мектеп
директорының оқу
әдістеме
ісі жөніндегі
орынбасары
Мықтыбекова
Ж.Ж
«Жаңартылған білім беру
бағдарламасының басты
ерекшеліктері»
Білім беру бағдарламасының
негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды
бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі
құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған
білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы
білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу
жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ –ны қолдану, коммуникативті
қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу,
функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны
тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді
(бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді
стратегиялары) қолдану болып табылатындығына толық көз
жеткіздік..
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан
ерекшелігі:
1. Пән мазмұнының
спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан
күрделенуі.
2. Блум таксономиясы
бойынша оқу мақсаттарының
иерархиясы;
3. Бір білім беру
аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында
«ортақ тақырыптардың» берілуі
4. Оқу үдерісін ұзақ
мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы
ұйымдастыру;
5. Оқытудың
тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани
қасиеттерін қалыптастыру
6. Білім беру
деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік
беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат
қою;
7. Бөлімдердің
мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі,
әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар
аударылуы;
8. Оқытудағы
жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді
қатысу)
Біз осы курс аясында қажетті, тиімді оқыту
әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу), ұзақ мерзімді, орта
мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау, оқу мақсаттарын дұрыс
пайдалануды, критерий құруды, бағалаудың тиімді стратегияларын
үйрендік.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты
ерекшелігі - спиральді қағидатпен берігендігіне оқу
мақсаттарының жүйесін талқылау барысында көз жеткіздік.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала
белгіленген критерийлердің нақты балдары бойынша өлшенеді.
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады:
қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалды бағалау,
кері байланыс тәсілі ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан
зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті
дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан
ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу
сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше
меңгеруге және зерделеуге дайындайды және
ынталандырады.
Жаңартылған білім берудің тағы да бір ерекшелігі
– оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын
тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау,
АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен,
топта жұмыс жасай білуі. Тақырыпты мұғалім меңгертіп
түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді болып
табылады.Белсенді оқыту оқушылардың белсенді қызметпен
айналысуы арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған
білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді
көздейді.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім
жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге
қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады,
сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.
Оқушыларды заманауи әдіс – тәсілдермен оқытып, ой – өрісі кең,
саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен
туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан
бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы
көңілді қуантады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні,
оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің
мектеп қабырғасында алған білімін шынайы өмірлік қажеттіліктерге
асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен
байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік
міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық
салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін,
мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы
аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз
ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей
алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи
тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың
келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала
отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа
жетелейміз.
Қорыта айтқанда, бағдарламаның
мәні – баланың функционалды сауаттылығын
дамыту. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған
білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл
бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.
Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеліп отыр. Оқушылардың бойына
қажетті дағдыларды дарыту үшін мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Жаңартылған оқу бағдарламасы
аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз
ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер елімізде
көбейе берсін!