Материалдар / "Жаңартылған білім" баяндама

"Жаңартылған білім" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға қажетті материалдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
260
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие жұмысында қолданылатын әдістер-жұмыс сапасының нәтижесі /баяндама/

Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салды. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процес

«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді.

Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім мен тәрбие берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім және тәрбие беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. 

  •  Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі.  

  • Кез-келген тәрбие шарасында іс-әрекеттің психологиялық тұрғыдан қажет 4 кезеңі орындалады: мақсатты жорамалдау, жоспарлау, мақсатты іске асыру, нәтижелерді талдау.

  •       Ұжымдық шығармашылық жұмыс – ҰШЖ – ұжымдық ізденіс, жоспарлау және қойған мақсатты шығармашылықпен іске асыру.

  •       Ұжымдық – бұл бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жолдастық, тұлғааралық қатынасын білдіреді.

  •       Шығармашылық – бұл істі белгілі бір үлгі бойынша емес, жаңаша, бұрынғыдан да жақсы жасауды білдіреді. «Бәрі шығармашыл, басқаша қажеті не?»

  •     Жұмыс – бұл оның нәтижесі, ортақ пайда және қуаныш дегенді білдіреді. «Жұмыс, шара емес!»

Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама.

  • Жеке – даралықты тәрбие формалары: әңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жәрдем, проблема шешімін бірлікте іздестіру. Тәрбиеші міндеттері: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.

  • Топтық тәрбие формалары: іс – шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиеші міндеттері: әр оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді нәтижеге жету жағдайларын жасау.

Ұжымдық тәрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, ән – күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат – шерулер, спорт жарыстары.

  • Тәрбиеліліктің компьютерлік диагностикасы. 

Белгілі бір мақсатқа бағытталған сынып жұмысы зерттеп білуден басталады. Тәрбиелілік диагностикасы дегеніміз — бұл сынып жетекшісінің әрбір сынып оқушысы мен сынып ұжымының тәрбиелілігі жайында ақпарат алатын зерттеу жұмысы. Тәрбиелілік диагностикасының басты мақсаты -оқушылардың моральдық және әлеумсттік сапаларының шын мәніндегі жағдайын белгілеу, оиың қиын жәнеқатерлі аспектілерін анықтау. Диагностика негізінде тәрбие үрдісін басқарудың стратегиясы мен тактикасы, тәрбиелілік істердің бағдарламасы жасалады. Сынып жетекшісі баланы қалыптастыруда көздеген мақсатына жету үшін қанша уақыт пен күш жұмсайтынын да диагностика анықтап бере алады.

  • Тәрбиелілік диагностикасының технологиясы төмендегідей маңызды талаптардан тұрады:

  • 1) тәрбие ісімен айналысушы кез келген маманның жаппай қолдануына қолайлы болуы қажет:

  • 2) уақыт пен күш аз жұмсалатындай үнемді болғаны жөн;

  • 3) мүмкіндігінше жоғары негізде сенімді қорытынды шығара білу керек;

  • 4) диагностикалық ақпараттың нәтижесі көкейде жүрген көптеген мәселелердің шешімін табуға көмектесуі қажет;

  • 5) нәтижелері графиктік салыстырмалы кесінді, суреті түрінде көрнекі болса, оларды өлшеу, талдау, жинақтау-тиімді болады.Бұл талаптардың бәрін орындауғгиясыа сыныпты компьютерлік диагностика-мен зерттеудің техноло мүмкіндік береді.

Ұжымдық жоспарларды ұйымдастыру тәсілі. 

  • Мектеп ісі демократиялық сипатга және қамқорлық жасау бағытында, мұғалімдер сының жетекшілерінің шығармашылық ізденісіне қолдау көрсетіп отыру жағдайында жүргізуі тиіс.

  • Мектеп басшылары мен мектептің педагогикалық ұжымы сыныптан тыс және мектептен тыс тәрби( жұмыстарын ұйымдастырғанда, әсіресе төмендегідей бағыттарды ескеруі қажет: әрбір өткізіліп отырған тәрбие шараларының мазмұны жан-жақты және қоғамдық  бағытта болуы керек.

  • Оқушыларды тәбиелеуде және олардың бос уақытын мазмұнды өткізуде бұл жұмыстың көпшілікті қамтитын түрін тандаған тиімді.

Педагогикалық ұжым сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға оқушылардың түгел қатысуына ықпал етуі керек.

Сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың қоғамдық іске қызығушылығы мен белсенділігін, жеке басының дербестігін дамытуға бағытталып өткізілгенде ғана нәтижелі болмақ.

Міне, осылардың бәрін ескере келе, педагогикалық ұжым қоғамдық ұйымдармен берлесе отырып, сыныптан тыс және мектептен тыс шаралардың жүйесін жасайды, олардың дайындықпен өткізілуіне жауапты адамдарды анықтайды, мектеп басшылары мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіп, жұмыстың орындалу сапасын бақылайды.

Оқушыларды тәрбиелеу технологиясының маңызды бөлігі ~ әдістер жүйесі. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге орай тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесінің жаңарып, толығуын қажетсінеді. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған классификациясы бар, олардың кейбіреулерінің практикалық, ал кейбіреулерінің теориялық маңызы басымырақ. Тәрбие әдістерін классификациялағанда әдістердің жалпы және маңызды жақтары ескеріледі.

Тәрбие әдістері сипатына карай сендіру, жаттықтыру мадақтау және жазалау болып бөлінеді. (Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев жөне т.б.) Осы жіктеуге мазмұны жағынан жақын жалпылама классификация жүйесіне сендіру, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету жатады. (Т.А.Ильина, Н.Т. Огородникова). Ал И.С.Марьенко тәрбие әдістерін түсіндірмелі-репродуктавті, проблемалы-ситуативті, үйрету, жаттықтыру, белсенділігін арттыру, тежеу, басшылық жасау, өзін- өзі тәрбиелеу деп топтайды.

Осыған орай тәрбие әдістері үш топқа ажыратылады:

  • 1. Тұлғаның санасын қалыптастыратын әдістер./ Кім мықты? Мен қазақпын./

  • 2. Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер./Бес сайыс, Латын әліпбиіне көшу-рухани жаңғырудың іргетасы./

  • 3. Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер./ Рухани жаңғыру –ұлттық сананың кемелденуі.Білім шапағаты./

  •      Қарсы аргументтер

  • «Мен біреудің көшірмесі болғым келмейді, мен – дербес тұлғамын».

  •      Ранжирование (таңдау)

  • (не жақсы, ал немене жаман)

2.     «Коллаж» технологиясы

  • Табылған иллюстрациялар, цитаталар және қолда бар құралдардан плакаттар жасау арқылы тақырыпты немесе проблеманы зерделеуді болжайды. 

  • Топтарда жүзеге асырылады.

  • Презентация (тұсаукесер) ескерілген.          

3.     Ұжымдық шығармашылық жұмыс технологиясы  

  • Ұжымдық шығармашылық тәрбие технологиясын (басқаша атаулары:

  • жалпы қамқорлық педагогикасы, ұжымдық шығармашылық жұмыстар әдісі) И.П.Иванов және оның серіктері әзірледі және енгізді.  

  • Шығармашылық тәрбиені ұйымдастыру – бұл ұжымның барлық

  • практикалық жұмыстар, қарым-қатынас, қатынас және барлық бастамаларды өздігімен ұйымдастыру тәсілдерін

Қазіргі таңда мектеп оқушыларының тәрбиесі мен білім алуына аса назар аударылуда.«Болашақ-жастардың қолында»,-деп Елбасымыз айтқандай,болашағымызды қолына алатын жастардың негізі осы мектепте қаланады.     Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты-жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру,халық дәстүрлерін дәріптеу,әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге тәрбиелеуде.    Дегенмен,қазіргі уақыт талабы жаңаша дүниелік көзқарас тұрғысынан жаңаша ойлап,шешім қабылдай алатын,креативті ойлау қабілеті дамыған тұлғаны,өз елі мен жерінің,туған тілінің жанашырын дайындауды міндеттеп отыр.Бұл міндет жаңа уақыт талаптарына төтеп бере алатын,кәсіби білікті,бәсекеге барынша қабілетті,ұлтжанды азамат тәрбиелеу ісінің өзектілігін алға тартады.    

Бір данышпан жеке бастың рухани дамуы үшін үш жағдай — үлкен мақсат, үлкен кедергілер және үлкен өнеге керек деген екен.

Қорыта айтсақ ,заман талабына сай білімі мен тәлімді тәрбиесі бар,қазақ жастарының арқасында еліміздің өркендейтіні анық.Олай болса еліміз үшін аянбай білім алып,ерінбей еңбек етуіміз қажет!

А.Ажығожина

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ