Материалдар / "Жаңартылған білім беру - заман талабы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жаңартылған білім беру - заман талабы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз еліміздің ақылды да парасатты азаматын қалыптастыруда шағын жинақталған мектептердің де қосар үлесі мол. Шағын жинақты мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектеп.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2021
329
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұқашова Гүлбақыт Мирасбекқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

«Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебі» КММ


«ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ»

Кілт өзі

Аңдатпа.

Тәуелсіз еліміздің ақылды да парасатты азаматын қалыптастыруда шағын жинақталған мектептердің де қосар үлесі мол.

Шағын жинақты мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектеп.


Қазіргі таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты. Барлық мұғалімдердің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Сондай үлкен жауапкершілік шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің де алға қойған мақсаты. Шағын жинақталаған мектептің ерекшелігі – мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді.

Бүгінгі таңда шағын жинақталған мектептерде атқарылып жатқан барлық жұмыстардың нәтижесін, педагогикалық ұжымның жаңашылдықпен ілгеріленуін үнемі бағалап, зерттеп, қорытынды жасап отырудың маңызы зор. Қайссы мемлекеттің де негізі тірегі – білімді де білікті , іскер де белсенді азаматтар. Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін , дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе. Елдің болашағы бүгінгі ұрпақтың қолында десек, шағын жинақталған мектеп ұстаздарының алдында да үлкен жауапкершілік тұр. Ұстаз болу жауапты да қиын мамандық, оның үстіне жас өркеннің бойындағы табиғат берген ерекше құбылысты, дарындылықты тани білу, дұрыс бағыт бағдар бере білу екі есе қиын.

Білім саласындағы мемлекеттік заңдар мен ресми құжаттарда жас ұрпақтың рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру арқылы интеллектін, дарындылығын дамытуға баса назар аударылған. Жас ұрпақтың рухани-эстетикалық, дүниетанымдылық көзқарасын қалыптастыру үшін баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жұмыстары шағын жинақталған мектептерде де кеңінен қарастырылған. Баланың бос уақытын ұйымдастыруды жан-жақты зерттеп, әр мезгілде орынды пайдалануды педагогикалық, психологиялық тұрғыдан негіздеу керек.

Болашаққа үміт артқан мемлекет, ең алдымен білім сапасының іргетасын қалайды. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Ұлы философ Конфуций: «Оқымай ойлану бос әрекет» деген, яғни білім ғана биікке жеткізеді.

Шағын жинақталған мектептердің дамуы үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет. Сондықтан жаңа көзқарас қажеттілігі-өмір талабы.

Бүгінгі шағын жинақталған мектептерде қозғалып отырған басты мәселе-білім сапасы, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы білім беру жүйесіндегі инновацияларды қолдану аясын кеңейту. Қазіргі ғылыми ақпараттық революция дәуірінде ғылымның жетістіктерін білім беру процесіне ендіру арқылы жаңа оқыту, тәрбиелеу технологияларын пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Білім беру жүйесіндегі инноация дегеніміз бұл оқу-тәрбие процесін жүйелі түрде жобалауға, ұйымдастыруға мүмкіндік беретін білім алушы мен оқытушыға тиімді жағдайды қамтамасыз ететін прогрессивті, жаңа педогогикалық енгізулер. «Инновациялық процес» - бұл жаңашылдықты еңгізу, қабылдау және қолдану процесі. Шағын жинақталған мектептерде инновациялық оқыту мәселелерін қазіргі қоғам талаптарына сәйкес дамыту үшін білім берудің мәні мен қызметіне назар аудара отырып, оқытуда қолдану аясын мүмкіндігінше кеңейту керек.

Шағын жинақты мектеп жұмысын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Бала болашағы үшін бүгінгі күні қоғам алаңдаулы, тіпті, оқушының өзі де. Осы орайда шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы сабақты тиімді ұйымдастыруда бірдей жастағы немесе білім саласы бойынша пәнаралық байланыстары бар пәндерді біріктірген тиімді. Мұндай ұстаным балалардың ерекшелігіне сай әртүрлі жастағы ұжымда бейімделуіне мүмкіндік береді.

Біріктірілген сыныптарда оқу үрдісі екі, тіпті үш сыныпта қатар ұйымдастырылатындықтан, мұғалім әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсайды. Бұл, көбінесе, негізгі пәндерді оқытуда қиындық туғызады. Мұндай сабақтарда мұғалім алдымен, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын, оның түрін, оған кететін уақытты және басқа сыныпта мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыстарды анықтап алуы керек. Сондай – ақ мұндай сабақтар жоғары сынып оқушыларының өздігінен жұмыс істеуіне, мұғалімнің төменгі сынып оқушыларына көп көңіл бөлуіне, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды. Біріктірілген сыныптарда бірпәндік оқытуды ұйымдастыру оқушының оқу әрекетін жан – жақты қалыптастыруға мүмкіндік берсе, ал әр сабақты өткізудің тиімді әдіс - тәсілдерін таңдау – ұстаздан кәсіби шеберлік пен ізденімпаздықты талап етеді.Жаңа материалды өткенде, мұғалім оқушылардың ізденушілік жұмысын ұйымдастыра білу қажет. Сабақтың басты мәселесін шешпес бұрын оқушылар ойланып, жаңа жағдайда қалай әрекет ету қажеттігін өздері түсінуі тиіс. Сабақтың міндеті тақырыпты жай баяндаудан тұрмауы тиіс, өйткені бұл кезде танымдық мотивтердің оқушылар үшін маңызы болмайды. Танымдық қызығушылық тудыру үшін «қиындықтарды жеңу» мәселелерімен ұшырастыру керек. Мұғалім оқушыларға арнайы сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін құрып, ізденіске жетелеп отырады. Олар сұрақтарға жауап бере отырып, оқу әрекеттері деп аталатын пәндік және ойлау әрекеттерін орындайды. Оқу әрекетіне қажетті компоненттің бірі –өзін – өзі бағалау әрекеті болып табылады. Бала өз іс - әрекетінің нәтижелерін бағалап, алға жылжу мүмкіндігін сезінеді. Бұл кезеңде әрбір балаға табысқа жету жағдаятын құрудың пайдасы зор. Осы тұрғыда сабақтың қорытындылау кезеңінде кері байланыс орнату маңызды. Өткен сабаққа өзіндік баға берумен қатар, өзіне де бағалау парақшасын ұсынып, өз әрекетіне де сын көзбен қарауды қалыптастыру керек.

Білім сапасы-қоғамның, ұлттық сана-сезімінің даму көрсеткіші екені даусыз. Шағын жинақталған мектептерде білімге «білімділік» дүниетанымдық және дамытушылық тұрғыдан қарауға көшу қажеттігі туады. Яғни, білім сапасын басқару үрдісін актуалдандыру және жетілдіру деген сөз.

Қазіргі таңда адамның өмір бойы білім алуы, яғни білімнің жаңа тұжырымдамасы жайында жан-жақты айтылып жүр. Оған тән мәнді сипаттар: икемділік, әр түрлілік, уақыт пен кеңістіктің қолайлылығы. Мұндай білім адамдық тұлғаның, оның білімі мен дағдысының үздіксіз даму үрдісіне айналуы қажет. Ол адамның өзін-өзі және қоршаған ортаны түсінуін қамтамасыз ету, оның мектепте және қоғам өміріндегі әлеуметтік рөлін орындауға ықпал етуі керек.

Шағын жинақталған мектептер жақсы істердің бастамашысы, жаңалықтың жаршысы болып басқаларына үлгі-өнегесімен танылды. Білім сапасы мен деңгейі, тәрбиелік тағылымы жөнінен озық тұрды. Ұрпақтарға ұлттық білім берудің ұнамды тәжірибелерін өмірге әкеліп, өзгелерімен бөлісті.

Шағын жинақталған мектептер – жас ұрапққа сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар, халықтың биік рухымен ғасырлар бойы жинақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізіп отыратын мәдени орын.

Шағын жинақы мектеп – тәрбие жұмыстары мен формаларының әдістерін арттыру- бүгінгі заман талабы. Сөйтіп, мұның бәрі шағын жинақталған мектептердің жұмысына әдістемелік көмек  көрсетуде тұтас  парадигманың қалыптасуын  көрсетеді. Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызы зор міндет.

Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты."Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз", - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жай айтылған жоқ. Осыдан бастап жас ұрпақ бойындағы іскерлік пен олардың қабілеттерін ашу туындайды. Себебі, қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Мына бейбіт заманда, көзсіз ерліктің орнын білім басып отыр. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан біз сол мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған, шығармашыл, кәсіби құзыреттілігі дамыған бастауыш сынып мұғалімін қалыптастыруымыз керек. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен жұптасып отырады.Сондықтан оқу барысында қашанда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту керек. Шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің шеберлігін шыңдаудың тағы бір жолдары – шағын жинақталған мектеп мұғалімдері үшін сайыстар, байқаулар, бір пәндік немесе бір тақырыптық панорамалық сабақтар сайысын, имитациялық ойындар өткізу. Мұндай жұмыстар мұғалімдердің шағын жинақталған мектептерде жұмыс жасаудағы кәсіби шеберліктерін шыңдайды. ШЖМ әдістемелік көмек ұйымдастыру үшін барлық шағын жинақталған мектептерді «ШЖМ – проблемалары және оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің әдістері мен формаларын іздестіру» деп аталатын үлкен бірлестікке біріктіріп, оларды бірнеше шығармашылық микротопқа бөліп, әр топқа айналысатын проблемаларын бекітіп, жүргізілген жұмыстарды қорытып, жинақтап қажетті әдістемелік жинақ дайындауға болады.Ауылдық жерде өсетін балалар өмірге көбірек бейімделеді. Балалар әр жастағы ұжымдарда тәрбиеленіп, жылы жүзділігімен, ашықтығымен, үйірсектігімен ерекшеленеді.Бірақ кейбір балалар ашушаң, төбелесқор, ұстамсыз, ұқыпсыз, жауапкершілігі жоқ болып келеді. ШЖМ оқушыға тәрбие беретін үш бағыт:

сабақтағы тәрбие жұмысы;

сабақтан және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары;

елді мекеннің қоғамдық ортасының тәрбиесі.

Шығыс ойшылы ғұлама Әл-Фараби: «Дүниеде ең оңай нәрсе - ақыл айту, ең қиыны - өзіңді түсіну десе , К.Маркс : «Өзіңді - өзің тану -даналықтың бірінші белгісі»,- деп ескертеді.

Шығармашыл ұстаз - оқу-тәрбие саласындағы осы мамандықты жан-тәнімен сүйетін, оқушылармен бірге қуана алатын шыдамды, ұстамды, мейрімді адам. Ол мынадай қағидаларды басшылыққа алады:

1) Әр баланың өзіндік қабілеті бар, сол қабілетін көреді, дамытады.

2) Оқушыға өзін тең адамдай өзіне қарағандай қарайды, балаға айқаламайды, ар- ұжданына тимейді.

3) Ұстаз - қызықты, жұмбақ тұлға оның өзін басқалардан бөліп тұратын ерекше қасиеті бар.

Жаңа формация мұғалімі - кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға деп көрсетілген, яғни ол ізгілігі мол, әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген коммуникативті, бір сөзбен айтқанда толыққанды құзырлы адам. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары оқушының әр түрлі өмірлік жағдайларда мектепте алған білімін, білігі мен икем, дағдылары тиімді қолдана отырып, сәтімен шыға білуіне жағдай жасау, сабақ үрдісінде де, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы да тиімді ұйымдастыра білу жауапкершілігін жүктейді. Сондықтан шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне мектеп жұмысын терең де мазмұнды жоспарлауға нұсқау беріп, білім берудің жаңа технологияларымен жұмыс жасауға бағыттау керек. Әдістемелік көмектер беру үшін сабақтарына тікелей қатысып, әдістемелік талдау жасап, жекеше және топтық, ауызша және жазбаша кеңестер берген дұрыс болады. ШЖМ тұрған орындарына қарай топтастырып, «Әдістемелік күндер» өткізу тиімді. Әдістемелік күнде ашық сабақтармен қатар теориялық баяндамалар да қойылып, тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға болады. Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабы, білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан, мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.Оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыретілігін төмендегіше сипаттауға болады: -өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;-өзінің қызметін бағалай білуі;-түйіткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білу;-өз алдына мақсат коя білуі және оны жүзеге асыра білуі;-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;-өз бетінше алынған ақпаратты таңдай білуі;-түрлі өмірлік жағдайларында пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі.


ХХІ ғасыр өркениеттің алға басуымен сипатталатын болса, ол әр адамның, жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Көптеген зерттеушілер өркениеттің өзін әр адамдағы шығармашылықтың болуымен байланыстыруы осыдан. Өзіндік ойы бар, кез келген мәселені шешудің жолын таба білетін, заман талаптарына орай өзін саналы түрде өзгерте алатын шығармашыл адамдар қазіргі білімнің идеалы, мұраты.

Шағын жинақталған мектептерде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары - үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы. Осы жолдан өзіне сабақ алу, жетер биігін белгілей білу, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін талдай алу - мұғалімнің шығармашылығын дамытудағы стратегиялық бағыттары болып табылады.Қорыта айтқанда, интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңдағы шағын жинақталған мектептердегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын қолдана білетін ұстаздардың ғана қолынан келеді. Сол үшін ертеңгі болашағымыз бен болашақ жастарымыздың білімін ойлай отыра, біз сапалы білім беруіміз қажет және де бүгінгі жастар - ел ертеңі екенін де ұмытпағанымыз жөн.




















Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тәрбие болашақ жастардың тұлғалық қадір-қасиетін қалыптасты-ратын негізгі құралы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материлдары.- Алматы, 2008.- І том.\

2. «Қазақстан мектебі» журналы, №10, 2012 ж

3. Маркс К. Әлеуметтену теориясы.

4. Жаңа педагогикалық технологиялар – болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру құралы ретінде //Профессионал.- Алматы, 2008.- №3

5.  Әл-Фараби. Өнегелі өмір.

6. Ғалымжанов Б. Жаңа формация мұғалімнің кәсіби мәдениеті. «Қазақстан мектебі» N1, 2012

7. Жамантаева Қ. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – білім сапасының кілті. «Қазақстан мектебі», N11,2013.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!