Материалдар / «Жаңартылған білім беру аясында жаңашылдыққа қарай бағытталған өзгерістер»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жаңартылған білім беру аясында жаңашылдыққа қарай бағытталған өзгерістер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2021
373
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Оян «мектеп –бөбекжай -балабақша» кешені

Директорінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Хойрашева Айгул Шамаховна



«Жаңартылған білім беру аясында жаңашылдыққа қарай бағытталған өзгерістер»


«Шәкіртке ұстаз болу ірілік, ұстазға ұстаз болу ұлылық»

М.Әлімбай

Қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын.

Осы орайда мұғалімдердің біліктілігін көтерудің «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында» курсын тілге тиек етуге болады.Болашағымыз жарқын болуы үшін жаңартылған білім бағдарламасының, инновациялық технологиялардың,мұғалім біліктілігін арттыратын курстардың пайдасы өте зор. Білім беруді жаңашаландыру арқылы оқыту-мұғалімнің оқушымен педагогикалық қарым –қатынасын жақсартып, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білуі оқушының тұлға ретінде дамуына оң әсерін тигізеді. Курс бұрынғыдан да өзгеше, жаңалықтарға толы, түрлі іс-әрекеттер жоспарланған. Жаңартылған білім беру мазмұны мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсерім өте көп. Курс барысында оқытылған бағдарлама жаңартылған білім беру мазмұнын қамтиды.

- Оқу бағдарламасын жаңартудың алғы шарттары туралы түсінік.

- «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеяның құндылықтары туралы айтылған.

- Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны бойынша жалпы түсінік алу, белгілі бір сыныпта оқушылардың қандай білім, білік, тәжірибе жинақтайтынын анықтауға мүмкіндік беретіндігі қамтылған.

- Тиімді оқыту және оқу тәсілдері туралы идеяларды талқылау.

- Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау. Бағалаудың түрлері туралы теориялық білім және бағалаудың әр түрлі формалары қамтылған.

Қазіргі таңда оқытудың жаңа тәсілдерінің бірі-топтасып оқыту және оқу болып отыр. «Дәстүрлі» стильмен оқытуда топтық жұмыс тек жарыстыру мақсатында ұйымдастырылса, сындарлы оқыту теориясы бойынша керісінше серіктестік негізінде қолданылатындығы анық. Сонымен бірге, жұмысты топта қорғау, бағалау(бағалау түрлерін көрсету), қорытынды жасау арқылы байланыстырып кетудің де өзіндік ерекшелігін көрсетуге болады.Мұғалім өзінің жинақтаған тәжірибесімен жаңа алған білімін ұштастырып, белсенділік танытып, өз қоржынын қажетті ақпараттармен толықтырды. Сонымен бірге, білім беру үрдісінің табысты болуы мұғалімдердің оқуды өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары аясында жүзеге асады. Білім беру үрдісінде басты әрекет етуші – мұғалім. Мұғалім қазіргі заман талабына сай жаңаша білім беруді, білім берудің жаңа технологияларын үйренуді, сабақ барысында жүйелі қолданыс табуын қадағалай білу маңызды.

Әрбір мұғалім бұл курсты көріп, оқып-танымайынша, әркім әр түрлі пайымдап, курс біз үшін алынбас қамалдай боп тұрған еді. Алайда, аз уақыт ішінде біз үшін тиянақты дайындалған оқу процесіне қызу кірісіп кеттік. Баршамызға аян, білімге қол жеткізудің күн сайын артуының нәтижесінде мұғалімнің рөлі өзгереді. Әр күн әр түрлі етіп топтарға бөліну тапсырмаларын орындадық. Берілген тапсырмаларды түсінікті етіп парақтарға түсіріп, топтық таныстырылымдар жасадық. Сабақ өткізу жолдарын, қысқа мерзімді жоспарын жасап үйрендік. Әр тапсырманы орындау кезінде өмірмен байланыстырып,ой түйдік. Бұл курс - оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін мұғалімдер тынымсыз еңбектену керектігін айғақтап берді. «Білімді болу деген сөздің мағынасы-белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу»,-деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.Сондықтан, ұрпақтың келешегі біздің қолымызда екендігін ұғынуымыз керек.

Сөзімнің соңында, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім, алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол таба білсек, оқушыларымыз білімді де білікті болып шығады деп ойлаймын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!