Материалдар / Жаңартылған білім беру аясында қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім беру аясында қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек. Ешкім де өзіне-өзі баға беруді үйренбей тұрып, басқаларды бағалай алмайды. И. Гете
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
534
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жаңартылған білім беру аясында қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы

Ешкім де өзіне-өзі баға беруді

үйренбей тұрып, басқаларды

бағалай алмайды.

И. Гете

Білім беру мазмұнын жаңарту 2016-2017 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне енгізілді. Білім беру саясатында реформаны сәтті жүзеге асыру «білім беру жүйесінің ағымдағы ахуалын, оның тиімділік дәрежесін, адами, ақпараттық, қаржылық және басқа да ресурстар деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін, бірдей бағалау жүйесін енгізу жағдайында ғана мүмкін болатынын көрсетеді».

Бүгін білім бағалау ұғымы кеңейіп, мұғалім оқушының сараптау және жағдайды бағалау қабілеттерін сынайды. Бағалаудың критериалды жүйесі оқушыға педагогикалық көмектің көрсетілуіне және оқушының өз жетістіктерін жете түсінуіне мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау қазіргі оқу үдерісінің ажырамас бөлігі екенін, оның оқушы жетістігіне жағымды ықпалын, оның тиімділігін қазақстандық ұстаздар түсініп, өз тәжірибесіне біртіндеп енгізіп келеді. Бұл бағалаудың түрі білім алушыға белгілі бір оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бағасыз (көп жағдайда белгісіз) мұғалім мен құрбыларының үздіксіз қолдауына, критерилерге негізделген өзінің оқып-үйренгендігі туралы өзара талдауына, жетістікке жету жолын өзін-өзі, өзара бағалау мен кері байланыстар арқылы анықтауға, даму жолын белгілеуге мүмкіндік бере алады.

Қалыптастырушы бағалаудың тарихына жүгінсек, «жүргізіліп отырған оқу бағдарламасын жақсарту рөлі бар» бағалау үдерісін сипаттау мақсатында «қалыптастырушы» терминін бірінші қолданған Майкл Скривен екен. Сонымен қатар, ол бағалау алынған сараптама үдерісінің нәтижелерін қолдану негізінде, мектеп әкімшілігіне аяқталған оқу бағдарламасы айтарлықтай маңызды алға жылжу алып келгендігін немесе келмегендігін талдауға қызмет ете алады деп, «қалыптастырушы» және «жиынтық» бағалау терминдерін осы рөлдерде жіктеу керек екендігін ұсынады . Ал, 2005 жылы Дж. Люней «оқудағы қажеттіліктерді анықтау мен оқытуды бейімдеу мақсатында жиі білім алушылардың интерактивті түрде жетістігі мен түсінігі туралы бағалауын қалыптастырушы бағалауға»жатады деген анықтама береді . Сонда білім алушы белгілі оқу мақсатына қол жеткізу үшін мұғалімдер сол білім алушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін алдын ала анықтап, білім алушымен бірге даму аймағын белгілеген жағдайда қалыптастырушы бағалау тиімдірек болады.

«Қалыптастырушы» бағалауды мұғалімдердің білім алушыларды оқытып отырған белгілі бір тақырып пен дағды бойынша жинағанын өлшеу мақсатында қолданылатын құралы» реттінде 2005ж. С. Кальдың қарастырғанын Р. Дж. Стиггинс, А. Дж. Aртер, С. Чапюис (2005) оның жеті стратегиядан тұру қажет екендігін ұсынып, іс-жүзінде қалай іске асыру керек екендігін көрсетті.

1. Білім алушыларды айқын және түсінікті оқу мақсатымен қамтамасыз ету.

2. Мықты және әлсіз жұмыс мысалдары мен моделдерін қолдану.

3. Кері байланысты үнемі ұсыну.

4. Білім алушыларды өзін-өзі бағалауға және мақсат қоя алуға үйрету.

5. Бір уақытта бір оқу мақсатына немесе сапалық аспектіге бағытталған сабақты құру.

6. Мақсатты қайталау жүргізуге үйрету.

7. Білім алушыларды өздік рефлексияға және өзінің оқуы туралы хабардар болып, оны бақылай алуға және онымен бөлісуге тарту.

Білім алушы күнделікті өзінің мақсатын білмесе, немесе ол тым жалпы, түсініксіз болатын болса, күннің соңында мақсатқа жетіп, жұмыстың сәтті аяқталуыекі талай болуы ғажап емес, немесе біршама қиындықтармен, бірнеше күнін сарып ету арқылы жетуі мүмкін. Осы аралықта білім алушының ішкі уәжі түсіп, үйренуге деген ынтасы да түседі. Сол себептен, сабақтың басында білім алушымен бірге құрылған немесе мұғалім тарапынан таныстырылған SMART-негізіндегі оқу мақсаттары құрылып, күтілетін нәтижелер айқындалғаны абзал. Бастапқыда мұғалім өз білім алушыларды оқу мақсаттарымен таныстырса, кейінен білім алушылардың өздеріне сабақ мақсатын айқындауға, өз іс-әркететін өлшемдерге негіздеп өзі бағалай алуға үйретсе, өзін-өзі реттеудегі оқуға деген жауапкершілікті оқушы өз қолына алатын болады. Осы орайда Д. Р. Сэдлер (1989) қалыптастырушы бағалаудың тиімді қолданысы – бұл тек мұғалімнің жеке жауапкершілігі ғана емес, талап етілген өзгерістерге жауапты оқушылардың да рөлі маңызды дейді. Ол жақсарту шарттарының бірі оқушылар сапа ұғымын мұғалімнің ұғымымен ұқсасұстанса, өнімді іске асыру барысында өнімнің сапасын үздіксіз бақылай алатын болады және кез келген берілген тапсырмада баламалы тәсілдер мен жолдар жиынтығын ұсына алатындығын айтады.Басқа сөзбен айтқанда,білім алушылар не жасап отырғандығының сапасы туралы талдай алуы және оны іске асырып отырғанда іс-әрекетті реттей алуы қажет.

Білім алушының оқу мақсаттарына жету жолында мұғалімдер мен құрбылар тарапынан ұсынылған жазбаша және ауызша кері байланыстардың ықпалы да зор. Себебі, өзінің айқындаған не айқындалмаған жетістіктері мен даму аймақтары, және оқудағы ақтандақтары туралы әлеуметтік ортада талдап, онымен бөліссе, біршама сәтті не сәтсіз тұстарын өзара анықтап, алдағы қадамдарын жоспарлай алады, өз оқуына деген жауапкершілік арыта түседі. «Сонда оқушылар келешекте неге қол жеткізгісі келеді?» деген сұраққа мүмкіндіктер мен қажеттіліктерді таразыға сала отырып, жан-жақты бағаланған, толық жауап беріп, мақсатқа қол жеткізе алады.

П. М. Бродфут, Р. Доферти, Дж. Гарднер және т.б.(2002) «қалыптастырушы» терминінен гөрі «оқу үшін бағалау» терминін қолданғанды жөн көреді. 1999 жылы П. М. Бродфут айтуынша, «Қалыптастырушы» терминіне әртүрлі интерпре тация жасауға болады және оқытумен қатар жоспарланып, әдеттежиі бағалау деген мағынаны береді. Бұл бағалаудың барлық мінездемесінің анықтамасы оқу үдерісіне көмек көрсету ғана емес. Сонымен қатар, мұғалімге оқытуда қай аралықта көбірек түсіндірулер мен тәжірибе қажет екендігін анықтауға көмек көрсетіп, мұғалімнің түсінігін қалыптастырады.

Білім алушының үйрену жолының сапасын бақылап, анықтау арқылы мұғалім өзінің оқытуы, жоспарлауы мен тәжірибесіне өзгертулер еңгізіп, оны үнемі жетілдіріп отыруына септігін тигізеді және мұғалімнің кәсіби дамуы үнемі жүріп отырады. Алайда, білім алушылардың жұмысындағы белгілер (бағалар) мен ескертпелер, білім алушыларға келешекте үйрену жолында жетістікке қалай жетуді емес, тек қолдағы жетістіктер мен кемшіліктерді ғана айтады. Ал, «Оқу үшін бағалау» терминіне «оқушылар үйренуде қай жерде және қай аралықта болу керек, сол аралыққа жетудің тиімді жолы қандай екенін шешу үшін мұғалімдер мен білім алушылардың дәлелдемелерді қолдану мақсатында іздеу және түсіну үдерісі» деп анықтама беріп, оны таңдау себептерін негіздейді. Білім алушы жұмысында «жақсы», «тамаша», «+», «-» немесе « ...осындай бетті қара», «...осындай тақырыпты қайтала» деген белгілер мен ескертпелер берілетін болса, білім алушы оқуындағы артықшылықтары мен ақтандақтары туралы ақпаратты ғана алады, ал алдағы уақытта жетістікке қалай, әлі нені дамыту керек екендегі туралы мәлімет ұсынылмай қалады. Немесе, дамыту аймақтары ұсынылуы мүмкін, бірақ белгілермен, бұл жағдайда білім алушы назарды тағы тек бағаға немесе белгілерге ғана аударып, ұсыныстар мен пікірлер назарсыз қалып қояды. Бұл заңды да, себебі кез-келген адамға жұмыстың не сәтті, не сәтсіз аяқталғанын білу қажет. Осы арқылы үйрену үдерісіне белгілермен шектеу қойып тұрғанымызды аңғаруға болады.

Сондықтан, білім алушы жұмысын бағалауда жоғарыда берілген белгісіз, ескертпелерсіз тек пікірлер мен ұсыныстар жазып, дамыту аймақтарына баса назарды аударсақ, «оқу үшін бағалаудың» негізгі мақсаты «оқуды жақсарту, жетілдіру» орындалатыны анық.




Қолданылған әдебиеттер


  1. Можаева О., Шилибекова А. Білім беру мазмұнын жаңарту

аясында оқушылардың оқу жетістігін критериймен бағалау// Білімді ел. Образованная страна. № 15 (52)16 августа 2016 г.// www.bilimdinews.kz

  1. Скривен М, Бағалау әдістемелігі, Р. У. Тайлер, Р. М. Ганье және М. Скривен (ред.), оқу бағдарламасының бағалау перспективасы (б. 1, 1967, 41-43 беттер). Чикаго, Иллинойс: РэндМакНалли.

  2. Люней Дж, (ред.). Қалыптастырушы бағалау: орта сыныптарда оқуды жақсарту. Париж, Франция: ЭЫДҰ, 2005, 21бет.\

  3. Сэдлер Д. Р, Қалыптастырушы бағалау және әдістемелік жүйе әзірлеу. Нұсқаулық ғылым, 18, 1989, 120-121, 119-144 беттер.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!