Педогогикалық
кеңес
Тақырыбы: «Жаңартылған білім беру
аясында «STEM» инновациялық технологиясын оқу үрдесіне
енгізу»
Жоспар:
1.Шаттық шеңбер (
тренинг)
2.«Жаңартылған білім беру
аясында «STEM» инновациялық технологиясын оқу үрдесіне енгізу» (
теориялық бөлім)
3.Практикалық
бөлім
4.Қорытынды
бөлім
Сәлеметсіздер ме,
Құрметті әріптестер
! «Жаңартылған білім беру
аясында «STEM» инновациялық
технологиясын оқу үрдесіне енгізу»атты семинарымызға қош
келдіңіздер.
І. Шаттық шеңбер: «Ақпаратты қалай қабылдап
жеткіземіз» атты тренингімізді бастаймыз; (теріс қарап қатарға
тұрады,алдыңғы адамға қимыл жасап көрсетеді. Көрсеткен адамы келесі
адамға сол қимылды көрсетеді)
Шаттық шеңберге тұрып (Технология-ішке,
Ғылым-сыртқа, Инженерия-айналады) Ойын 3 рет ойнатылады, аяқталған
соң суреті бар карточкалар арқылы бес топқа
бөлінеді.
ІІ. Слайд
жасалынды STEM
атауын алғаш рет 1990 жылы АҚШ
бактериолог ғалымы Р.Колвелл ұсынған, алайда STEM аббревиатурасы
2001 жылы АҚШ-тың Ұлттық ғылым қорының ғалымдары білім беру және
кәсіптік салалардағы тенденцияны белгілеу үшін ұсынылған және
кеңінен қолдана басталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаев 2020 жылы 1 қыркүйекте «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл
кезеңі» атты жолдауында цифрландыру барлық реформаның басты
элементі екеніне маңыз берді. Бұл ұлттың бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың негізгі құралы , табысты болудың негізгі кілті
деген.
Қазіргі кезде цифрлық
технологияның жедел дамуы мен адам қызметінің барлық саласын
цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты STEM білім беру маңызды
және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде
ерекше назар аударуды талап етеді.
STEM білім беру технологиясы
дегеніміз не?
Бұл Нақты ғылымдардың негізгі
принциптерін бір уақытта зерттеуді қамтитын жан-жақты оқыту. Яғни
оларға жаратылыстану ғылымдары, инженерия, математика, технология
жатады. Балалар оқиғалардың өзара байланысын көруге үйренеді,
логика принциптерін жақсы түсінеді және өз модельдерін жасау
барысында жаңа және ерекше нәрсені табады. Кешенді тәсіл олардың
білім құмарлығын дамытуға және білім беру процесіне тартылуына
ықпал етеді. STEM білім берудің басты
мақсаты-
дәстүрлі білімге тән
практикалық міндеттерді шешуден алшақтықты еңсеру және балаларға
түсінікті оқу бағытында байланыс орнату.
Түрлі бағытта қолдану
нәтижесінде STEM-нің STEAM деп аталатын түрі
қалыптасты
STEАM технологиясы дегеніміз
ағылшынша А әрпі жалғанып тұр. Ағылшынша АРТ яғни шығармашылық
өнер, технология мен өнердің
өзіндік синтезі ретінде пайда
болды..STEАM бұл тек оқыту бағдарламасы емес, әр баланың ерте
жастан алған білімнің өз қолына алатын және
қай
салаға дайын екендігін
анықтаған кезде сол бағытта өзін өзі дамытуға қолдау көрсететін
бағдарлама
Бүгінгі таңда STEM - және
STEAM-білім беру тәсілдері екі негізгі бағыт бойынша
ілгерілеуде:
1. Барлығына арналған
STEM/STEAM-сауаттылықты дамыту.
2. жоғары технологиялық салаларға кадрлар
даярлау.
Бағыт әр баланың
инновациялық ойлау құралдарымен және әртүрлі
кәсіби есептерді шешу үшін математиканы, инженерияны және ғылымды
қалай пайдалану тәжірибесімен қамтамасыз етуге әсер етеді. Ол үшін
логиканы, цифрлық сауаттылықты, әлемге ғылыми көзқарасты дамыту
және мақсатты міндеттерге бөлу қабілетін қалыптастыруға және
қойылған мәселені шешуде креативті ойлауды пайдалануға көмектесетін
ұжымдық шығармашылық жобаларды орындау
қажет. Яғни біз осы
мектепке дейінгі ұйымда бес бағыттың ішінде шығармашылық пен
математикалық және практикалық зертханда балалармен жұмыс кеңінен
жүргізілуде. Сондықтан біз сіздермен қазір ойын
ойнайық..
ІІІ. Ойын: «Су мен қағаздың
құпиясы» ғылым бағыты
Шарты: балаларға алдарына су
құйылған ыдыс пен әр түрлі сурет салынған қағаз таратылады. Қағазды
суға салады,сол кезде су бетінен суреттер
көрінеді.
Мақсаты: баланың қызығушылығын
арттыру,
2.Ойын: математика бағытында
«Үлгіге қарап құрау», карточкалар «сан мен
нүкте»
Шарты: әр балаға карточкалар
және әр түрлі геометриалық пішіндер таратылады. Карточкада берілген
үлгіге қарап пішіндермен құрайды. Сандарды нүкте арқылы
табу.
Мақсаты: есте сақтау
қабілетін, қызығушылықтарын дамыту, қол саусақ жаттығуларын
арттыру
3.Ойын:шығармашылық бағыты
«Домалақтартан бейне жасау»
Шарты: қағаз бетіне сызылған
домалақтардан сызық арқылы немесе фигуралар қолдану бағытында
күнделікті көретін бейнелер сызып
шығарыңыздар.
Мақсаты: қызығушылықтарын
арттыру, ойларын кеңейту, қабілеттерін
ынталандыру
4.Ойын: «Боялар сыры»
практикалық зерттеу
Шарты: Бос жарты литрлік
бөтелкенің сыртын жемістің суреттері ойылған ақ қағазды орап
жапсырамыз. Бөтелкеге су құйып, оның
қалпағына краска жағып аузын
жабамыз. Бөтелкені қатты шайқаймыз. Бес түрлі жемістің түстері
шығады.
Мақсаты: түстерді ажырата
білу, тани білу қабілеттерін, қызығушылықтарын
арттыру
ІV.
Қорытынды:
STEAM-білім беру тұжырымдамасы
аясында қосымша білім берудің маңыздылығын бірнеше жағынан байқауға
болады
Жоғарыда айтылғандардың бәрін
қорыта отырып, әрине STEAM орталықтарын құру және робототехника
сияқты пәндерді қосу, пәніне
бағдарламалау негіздерін
қосымша білім берудің бағдарламасына енгізу және педогогтардың
тақырыптық қауымдастықтарға біріктіру арқылы
бар
тәжірибені пайдалану қажет.
Біз ересектер тек бірігіп, күш салу арқылы балаларымыздың болашағын
өзгерте аламыз.
Осылайша, болашақ
технологиялар үшін, ал технологияның болашағы-жаңа форматтағы
мұғалімдерге маңызды
"Сіздің қолдарыңыз сіз
білгеннен гөрі көп нәрсені біледі! Сіздің қолыңыз сіздің ақыл -
ойыңыздың не білетінін білмейді!»
«Айым» балабақша – бөбекжайы
ЖШС
Педогогикалық сағат
тақырыбы:
«Жаңартылған білім беру
аясында «STEM» инновациялық технологиясын оқу үрдесіне енгізу
жолдары»
Өткізген: Сембинова
К.Қ
Семей қаласы
2023-2024жыл