Материалдар / «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша берілетін үй тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбындағы коучингтің жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша берілетін үй тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбындағы коучингтің жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша берілетін үй тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбындағы коучингтің жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2018
736
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша берілетін үй тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбындағы

коучингтің жоспары


Жалпы мақсат

және міндеттер

Тыңдаушыларды жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша берілетін үй тапсырмаларының ерекшеліктерімен таныстыру және оны тексерудің түрлі әдіс-тәсілдерін талдау.

1.Коучингке қатысушылар үй тапсырмаларының ерекшеліктерімен танысады . 2. Үй тапсырмаларын сурауда жаңа әдіс-тәсілдерді қалай пайдаланатыны туралы түсінік алады.

3. Үйге тапсырма беруде және тексерудегі әдіс-тәсілдерді қолдану үшін практикалық түрде меңгереді. 4. Қолданылған тәсілдердің тиімділігіне көз жеткізеді.

Күтілетін нәтиже

1 . Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша берілетін үй тапсырмаларының ерекшеліктерімен танысады .

2. Үй тапсырмаларын сурауда жаңа әдіс-тәсілдерді қалай пайдаланатыны туралы түсінік алады.

Түйінді идеялар

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша берілетін үй тапсырмаларының ерекшеліктерін қолдана отырып, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру.

Ресурстар

Ғаламтор материалдары, МАН, үлестірме материалдар, бағалау туралы қосымша материалдар

Қолданылатын материалдар

Интербелсенді тақта, А4 парақтары, флипчарт, ноутбук, фломастер, стикер, бағалау парақшалары, түрлі-түсті қағаздар, қайшы

Коучинг кезеңдері

Уақыт жалпы 35 минут

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі. Эмоциолналды жағымды ахуал орнату

6 мин

Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер? Бүгінгі коучингте сіздерді көріп тұрғаныма өте қуаныштымын. Коучингте бірлесе жұмыс істеп, жетістікке жетеміз және сіздерге керекті мағлуматтар аласыздар деген сеніммен сабақты бастайық. Қазір сіздер көтеріңкі көңіл орнату үшін жылдам , әрі тез берілген сұрақтарға шеңбер бойымен жауап береміз.

  • Бүгінгі коучигтен не күтесіз?


  1. ТОПҚА БӨЛУ

Енді топқа бөлініп аламыз. Топқа бөлінбестен бұрын мен сіздерді балалық шаққа бір шолу жасатқым келіп тұрғаны. Ол үшін сіздер мектепте оқып жүрген шақтарыңызды еске түсіріп, мектепте оқушыны мұғалімдер өзі қалаған партаға отырғызатынын білесіздер.. Кей ұлдар ұнататын қызының жанына отырғызуды өтінеді. Оқымайтын балаларды үздік оқитын қыздың жанына отырғызады. Орын ауыстыру сәтінде ерік өзіңізде болса, суретте көрсетілген төрт орынның қайсысын таңдар едіңіз?-деп ортаға сандар жазылған фишкаларды тасатап, таңдатамын.

Мына сан жазылған фишкаларды таңдаңыздар

Shape4 Shape2 Shape1

3

Shape3

2

4

1





Топқа бөлінудің әдістері өте көп, солардың ішінде мен сіздерді осы сандарға бойынша топтастырғым келіп отыр. Сонымен топтарға

1 топ- «Оқушылар» тобына 1 санын таңдағандар;

2 топ-« Ата-ана» тобына 2 санын таңдағандар;

3 топ-«Мұғалім» тобына 3 санын таңдағандар

4 топ-«Мектеп әкімшілігі» тобына 4 санын таңдағандар бірігіңіздер.


Сонымен әр топ мүшелеріне психологиялық жақсы қасиеттерін айтып өтемін. Ал енді әр топқа жиналғандар туралы қысқаша қасиеттерін айтып өтемін.


Егер нөмірі

1-партаны таңдасаңыз, көңілді жүруді және үнемі бірінші болуды қалайсыз. Біртоға өмірге төзе алмайсыз, сондықтан үнемі көңіл көтеретін әрекет пен орта іздеп жүресіз. Әлдекім сізді жауапсыз деуі мүмкін, бірақ бұл шындыққа аса жанаса қоймайды.

2-нөмірлі партаны таңдасаңыз, бір мезгілде демалып әрі еңбек ете аласыз. Уақытыңызды қалай жоспарлауды және әр істен нәтиже шығаруды жақсы білесіз. Алға нақты жоспарлар қоясыз, осы арқылы үнемі жетістікке жетесіз. Таңдауыңыз

3-партаға түссе, ақылды да қызықты адамсыз. Сізбен әңгіме айту сондай жағымды, себебі кез келген тақырыпты ары қарай өрбіте аласыз. Өзіңізге назар аудартуды ұнатпайсыз, сонда да үнемі сырт келбетіңіз тартымды көрінуіне күш саласыз.

4-нөмірлі парта ұнайтын болса, демек үнемі бәрінен жақсы болуға ұмтыласыз. Сіз үшін әр істің нәтижелі болғаны маңызды, жай ғана нәтижелі емес, өте жақсы көрсеткішті болуы керек. Жауапкершілігіңіз мол және өте уайымшылсыз, сондықтан жеңілісті мойындай алмайсыз. 

Толығырақ: 
https://massaget.kz/jigitterge/psihologiya/50859/


Келесі тапсырма топта өз міндеттеріңізді бөлісіп алыңыздар.

(топтық ереже, топ басшы міндеттерімен таныстыру, бағалау парақтарын тарату және түсіндіру)


Шебер – сынып кредосы:

Өзгені тыңда!

Өзіңді тыңдат!

Мүмкіндікті пайдалан!

Уақытты сыйла!

Ойыңды ашық айт!

Өзгенің пікірі құнды!


Шеңбер құрып, бір-бірлеріне жағымды сөздер айтады. Геометриялық фигуралар бойынша төрт топтарға бірігеді. Ережемен, бағалау парақтарымен танысады.

1-5 слайдтар

«Дейін-кейін» стратегиясы

2 мин

Коучинг басында берілген «Дейін-кейін» стратегиясының «дейін» бағанасын толтыру

Үй тапсырмасы дегеніміз не? Жалпы үй тапсырмасы туралы не білесіз?

Қатысушылар «Дейін-кейін» стратегиясының «дейін» бағанасын толтырады


6 слайд

Миға шабуыл арқылы практикалық жұмыс

5 мин

«Шетелден келген хат» ойыны (топтық жұмыс)

Хат ұсынылады. Сол ұсынылған хат бойынша әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

Бренди Янг деген америкалық ұстаздан хат келді.

Бренди Янгтың ата-аналарға жазған хаты. Онда жыл соңына дейін оқушыларға үй тапсырмасы берілмейтіні, тек сабақта орындап үлгермеген тапсырмаларды аяқтайтыны, үй тапсырмасына жұмсалып жүрген уақытта баланың отбасымен бірге кешкі ас ішіп, кітап оқып, серуендегені, ертерек ұйықтағаны дұрыс екені жазылған.

Үй тапсырмасын орындауға баласын көндіре алмай жүрген ата-ана, әрине, бұл бастамаға қуанды, қолдады. Тіпті бірқатар америкалық ғалымдар да қарсы шықпады. Ресейлік “Лайфхакер” порталының жазуынша, үй тапсырмасының балаға 6 түрлі зияны бар-мыс. Олар:

1. Баланың денсаулығына кері әсер етеді

Себебі, ол тапсырманың көптігінен аз ұйықтайды, омыртқасы қисайып, гастрит, созылмалы шаршау пайда болады.

2. Көп уақыт алады

Бостон колледжінің профессоры Питер Грейдің айтуынша, бала математика мен бағдарламалауды үйренемін деп, өмір сүруді үйрене алмайды. Себебі, ол мектептен шыққан соң репетиторға, түрлі үйірмелерге барады, үй тапсырмасын орындау – артық жүк.

3. Оқушы үлгеріміне әсер етпейді

Білім беру саласындағы бірегей сарапшылардың бірі Альфи Кон “Үй тапсырмасы туралы мифтер” кітабында төменгі сыныптағылар үшін үй тапсырмасының ешқандай маңызы жоқ екенін, жоғарғы сыныптарда да оның пайдасы аз екенін жазады. Алайда онымен бәрі бірдей келіспейді. Том Шеррингтон деген оқытушы бастауыш сынып оқушысына тапсырманы үйге бергеннен пайда аз екенін растады, дегенмен 11 жастан асқан оқушы үй тапсырмаларын орындау арқылы елеулі жетістіктерге қол жеткізетінін айтты. Ал, TMISS зерттеу орталығы әр елдегі оқушылардың үй тапсырмасын орындауға жұмсайтын уақытын зерттеді. Нәтижесінде төртінші сыныптағы оқушылардың тек 7 пайызы ғана үй тапсырмасын орындамайтыны белгілі болды.

4. Үй тапсырмасы ештеңе үйретпейді

Тапсырмалар шынайы өмірден алшақ. Балалардың миы тек фактілер мен теоремаларға толып кеткен, алайда олар оны қорыта алмайды.

6. Оқуға деген ниетті өшіреді

Себебі оқытушы үй тапсырмасына өзінің сабақ уақытында айтып үлгермеген тақырыптарын береді. Нәтижесінде балаға түсіну қиынға соғады.

7. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты бұзады

Көптеген ата-аналар үй тапсырмасын баласымен бірге немесе баласы үшін орындайды. Мектеп бағдарламасы ауысып кеткен, ал ата-ананың білімі “ескірген”. Немесе бала тапсырамын орындағысы келмейді, ата-ана оған дұрыс мотивация бере алмайды. Нәтижесінде келіспеушілік, ұрыс-керіс туындайды.


Енді осы америкалық әріптесіміздің хаты бойынша әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

1 топ- «Оқушылар» тобына Оқушыға үй тапсырмасы берілуі керек пе?

2 топ-« Ата-ана» тобына – балаңыз үй тапсырманы орындағанда қандай қиындықтар орын алуда?;

3 топ-«Мұғалім» тобына - үй тапсырмасы туралы не дейсіздер?

4 топ-«Мектеп әкімшілігі» тобына – сіз оқушы, ата-ана мен мұғалімнің іс-әрекетін саралап, қандай нақты шешім қабылдайсыздар?


Қолдануы: хат ұсынылады, , ортақ ортада оны талқылайды. Келесі жаттығуға логикалық көпір болады. Зейінді күшейтеді.


Қатысушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын постер арқылы қорғайды.

7 слайд

Сергіту сәті

5 мин

«Ішкі-сыртқы шеңберлер» әдісі

Мақсаты: жалпы қатысушылар тосыннан қойылған сұраққа жылдам жауап беруге және сұрақ қоюға үйренеді.

Шарты: ішкі және сыртқы шеңбер бойымен тұрып, сыртқы шеңбер бойында тұрған қатысушылар коучинг тақырыбына байланысты сұрақтар қояды. Кейін орын ауыстырып, үшкі шеңбердегі қатысушы сырттағы әріптестеріне сұрақтар қояды.

Қолдану түрі: сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады.
 


Қатысушылар ішкі және сыртқы шеңбер бойымен тұрып, сыртқы шеңбер бойында тұрған қатысушылар коучинг тақырыбына байланысты сұрақтар қояды. Кейін орын ауыстырып, үшкі шеңбердегі қатысушы сырттағы әріптестеріне сұрақтар қояды.

8- 9слайд

Талдау жұмысы


7 мин

Жеке және жұпта жұмыс жасау

  1. Жеке жұмыс

  2. Жұпта жұмыс жасау

Үй тапсырмасы дегеніміз не? Жаңартылға білім беру бағдарламасы бойынша берілетін үй тапсырмасының ерекшеліктері туралы не білеміз?- сұрақтарымен жұмыс жасау


Үй тапсырмасы - сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі.Сабақта бекітілген білім көлеміне тура тәуелділіктегі үй тапсырмасы ның педагогикалық мақсаттағы көлемі оқу бағдарламасымен көзделген. Үй тапсырмасы түсінікті, жаңалық элементі бар және дербестігін көрсетуге мүмкіндік ашатындай болуы керек.Тапсырма тақтада қысқаша белгіленіп, оқушының күнделігіне жазылады, мұғалімнің түсіндіруімен бірге ілеседі. Мұғалім сонымен бірге үй тапсырмасын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік нұсқаулар береді орындалуын үнемі тексереді.[1]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы – білім алушылардың тапсырмаларды мұғалімнің бекітіп беруі бойынша өз бетімен орындауы және оқып-үйренетін материалды терең меңгеруге, сондай-ақ оны іс жүзінде қолдануға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және оқу біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Үй тапсырмасын ұйымдастыру кезінде:

  1. орта білім беру ұйымының түрі және білім алушылардың контингенті;

  2. сабақ кестесіне сәйкес басқа да пән бойынша берілген үй тапсырмасының көлемі;

  3. жоғары сыныптарда әр сабақ бойынша берілетін үй тапсырмасынан оқу тоқсанына берілген тапсырмалар жүйесіне өту мүмкіндігі (немесе бөлімді аяқтағаннан кейін);

  4. бірнеше оқу мақсаттарын ұйымдастыру негізінде жекелеген пәндер бойынша үй тапсырмасының оқу жобасының нысаны;

  5. шығармашылық сипаттағы үй тапсырмасын орындау мерзімі (мысалы, модель жасау, жоба дайындау, еліктіргіш тарих, өз ертегісі бойынша киносценарий жазу) бір білім алушыға айына кемінде бір апта және бір тапсырмадан артық емес шегінде беру ескеріледі;

  6. бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, алғашқы әскери және технологиялық дайындық және дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіру ұсынылады;

  7. білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе ("біледі", "түсінеді", "қолданады", "талдайды", "бағалайды" және "жинақтайды") үй тапсырмасын орындау қажеттілігі болмайды.

Үй тапсырмасын:

  1. мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы үшін көркем, қосымша әдебиеттерді оқу, математикалық мектептер үшін жобалық жұмыстарорындау мен есептер шешуден басқа);

  2. бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;

  3. бірінші сынып білім алушыларына (екінші жартыжылдықтан бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақытта оқу бойынша тапсырмалар болуы мүмкін) бермеу ұсынылады.



Н азар аударыңыз!

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдама ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді.

Осы ұсынымдамаға сәйкес үй тапсырмасын дайындау уақытын қысқарту үшін 5-11-сыныптарда қосарланған сабақтар өткізуге болады.

Үй тапсырмасын (бір оқу күніне) орындауға жұмсалатын уақыт шығынын ескере отырып, тапсырманың көлемі бойынша нормативтер өзгертілді.

Үй тапсырмасын орындау 2-сыныпта 50 минуттан, 3-4-сыныптарда
70 минуттан, 5-6-сыныптарда 90 минуттан, 7-9-сыныптарда 110 минуттан,
10-11-сыныптарда 130 минуттан аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары» ережесіне оқу жылы басталғанға дейін тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

Орта білім беру ұйымдарының басшыларына педагогикалық қызметкерлердің үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша жұмыстарының кезеңділігі мен мерзімдерін басқаруды мектепішілік бақылау жоспарында, мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады.

Үй тапсырмасын беру кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән мұғалімдеріне:

  1. сабақ аясында қоңырауға дейін білім алушыларды үй тапсырмасы бойынша хабардар ету;

  2. үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру;

  3. білім алушылардың орындайтын аз көлемді тапсырмалар (орындалуы міндетті) мен көп көлемді тапсырмаларды (орындалуы ерікті түрде) байланыстыру;

  4. сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады.


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 10-11 беттер



Талдайды, пікірлерін білдіреді, дебатқа түседі


10-11 слайдтар,

«Дейін-кейін» әдісін қорытындылау

3 мин

Коучинг басында берілген «Дейін-кейін» стратегиясының «кейін» бағанасын толтырып, «дейін» бағанасымен салыстыру

Өздерінің коучинг басындағы түсініктерімен коучинг соңындағы түсініктерін салыстырады

12 слайд

Кері байланыс- Рефлексия

4 мин


Біз «бес саусақ» әдісін пайдаланамыз. Сонымен, Сіз көзіңізбен көріп, ой елегінен екшеп, санаңызға түйгендеріңізді бес саусаққа «Бүгін мен не үйрендім?», «Маған не қызық болды?», «Сұрағым бар...», «Әріптесеме не үйретемін?», «Менің тілегім...» секілді аяқталмаған сөйлемдерді толықтыру арқылы бағалайсыз.



Рефлексия. Бес саусаққа жазылған ойларды түйіндеу.


«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»



Біз «бес саусақ» әдісін пайдалананып, қатысушылар көзіңізбен көріп, ой елегінен екшеп, санасына түйгендерін бес саусаққа «Бүгін мен не үйрендім?», «Маған не қызық болды?», «Сұрағым бар...», «Әріптесеме не үйретемін?», «Менің тілегім...» секілді аяқталмаған сөйлемдерді толықтыру арқылы бағалайды.



Өздеріне ұнаған жерлерін және нені түзеу керек екендігін жазып рефлексия жасайды.

13

слайд


Дайындаған : І деңгеймен сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі Абиш Ақерке














Оңтүстік Қазақстан облысы

Созақ ауданы

Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі






К О У Ч И Н Г


ТАҚЫРЫБЫ: «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша берілетін үй тапсырмасының ерекшеліктері»





Дайындаған :

бастауыш сынып мұғалімі Абиш Ақерке






2017-2018 оқу жылы




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!