Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
1.«Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері»
«Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру қажет»
Н.Ә. Назарбаев
«Министрлік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. Былтырғы 2016-2017 оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптан бастап енгізілді. Осы ретте ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн 30 қанатқақты яғни пилоттық мектепте сынақтан табысты өткенін мәлім етті.
Біріншіден, барлық дамыған елдердің өзіндік бірегей білім беру жүйелері бар. Біздің алдымызда ұлттық білім берудің барлық буындарын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.2020 жылға дейін Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балалардың 100 пайызын мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.Демек, бұл балаларды заманауи білім беру әдістемелерімен және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету аса маңызды болып табылады.Орта білім беруде жалпы білім беретін мектептердің деңгейін Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу қажет.Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығуы тиіс.Оқытудың нәтижесінде оқушылар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, өз бетінше зерттеу жүргізу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруі тиіс».
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.
«Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізілуде: 2016 жылы - 1-сынып, 2017 жылы - 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы - 3,6,8,10-сыныптар, 2019 жылы - 4,9,11,12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады».
Бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.
1. Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану
2. Сын тұрғысынан ойлау
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
4. Коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану
5. Топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай білу
-
Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі
4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру
6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)
2. Жаңартылған білім беруде білім беру салалары және қандай пәндер оқытылады?
Жаңадан енгізілген пәндер қатарында, ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар. Жаратылыстану пәнінде (химия, физика және биология пәндері) дүниетану пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдары қалыптастырылады.
Ж. Аймауытов өз сөзінде ....бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін деп айтып өткен болатын.
Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4 сыныпқа арналған тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Тағы бір жаңалығымыз, бастауыш мектептің 3-4 сыныптарында оқушыларға ақпаратты іздеу, талдау және тасымалдау дағдыларын үйрету мақсатында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқытылатын болады. Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату.
Бастауыш мектеп оқушысы математика және информатика, жаратылыстану, адам және қоғам, технология және өнер, денешынықтыру сынды білім салалары аясында білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлерінде күтілетін нәтижелерді көре отырып, меңгеруге талаптанады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлау
-
-
Ұзақ
мерзімді
Орта
мерзімді
Қысқа
мерзімді
-
2017-2018 оқу жылында жанартылган білім беру мазмұны аясында білім беру ұйымдарында оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібі туралы нұскаулық
30.10.2017жылы облыстық әдістемелік кабинет басшысының басқаруында облыс аясында біркелкі болып бекітілді.
1. Жалпы ережелер
1.1. Нұскаулық облыс көлемінде жанартылған білім беру мазмұны аясында білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісін бірыңғай жүйеге келтіру мақсатында жасалды.
1.2. Нұсқаулық мазмұны ҚР МЖМББС-қа, пәндер бойынша оқу
бағдарламаларына және «Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі туралы нускаулығына», мұғалімдерге арналган критериалды бағалау бойынша нұсқаулықтарға негізделеді.
1.3. Осы нұсқаулық білім беру ұйымдарында оқу үдерісін жоспарлауды, оқушы жетістіктерін бағалауды және құжаттаманы жүргізу тәртібін реттейді.
2. Оку бағдарламалары, ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлауға тоқталсақ
2.1. Барлық мұгалімдерде оқу бағдарламаларының кағаз нұскасы болуы қажет.
2.2. Ұзақ мерзімді жоспар негізінде күнтізбелік-такырыптық жоспар жасалады. Күнтізбелік-такырыптық жоспарды мектеп директоры бекітеді.
2.3. Бөлім/ортақ такырыптар бойынша жиынтық бағалауды
15-20 минуттықуакыт аралығын камтитындай етіп жоспарлау ұсынылады. Сабақтың бір бөлігінде белгілі такырып бойынша жұмыс жүргізіледі, екінші бөлігінде бөлім бойынша жиынтық бағалау өткізіледі Күнтізбелік-такырыптық жоспарда бір күнге алдымен сабақта өтетін такырып жазылады, такырыптан соң белім бойынша жиынтық бағалау нөмірімен жазылады
(БЖБ №1, БЖБ №2). Сынып журналына да осы ретпен жазылады.
2.4. Тілдік пәндерден бөлім бойынша жиынтық бағалау токсанда екі рет өткізіледі
2.5. Барлык пәндер бойынша облыс педагогтеріне 1-косымшада берілген қысқа мерзімді жоспардың бірыңғай үлгісі ұсынылады.
2.6. Оқу пәндері бойынша сабақта 1ден -3-ке дейін оқу мақсаты қойылуы мүмкін.
2.7. Қысқа мерзімді жоспарда сабақ мақсаттары бастауыш сыныптарда сараланады, орта және жоғары сыныптарда сараланбайды.
2.8. Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарымен бірдей болуы немесе оқу мақсаттары ұзақ мерзімді сипатта болса, нақты осы сабаққа бейімделген болуы мүмкін.
2.9. Тілдік мақсаттар барлық пәндерде жазылады. Тілдік пәндерде жаңа сөздер, терминдер, ұғымдарды көрсету кажет.
2.10. Саралау бөлімі қысқа мерзімді жоспарды әзірлеу барысында толтырылады.
2.11. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабаққа талдау (рефлексия) жасап отыруы керек.
2.12. Қысқа мерзімді жоспарды компьютерде теруге немесе колмен жазуға болады.
2. Жаңа бағдарлама бойынша 1-2сыныпта ҚМЖ ОМЖ ҰМЖ жүргізілуі туралы
//
Жаңа бағдарлама бойынша 1 сыныптакүнтізбелік-тақырыптық жоспарлауда Сауаташу, Жаратылыстану, Математика, Денешынықтыру, Дүниетану, Көркемеңбек, Музыка, Өзін өзі тану пәндері өтіледі.Оқу жылының ұзақтығы -33 оқу аптасын құрайды.
№ |
Демалыстар |
Уақыты |
1 |
күзгі каникул |
7 күн (2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда) |
2 |
Қысқы |
қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан – 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда) |
3 |
1 апталық демалыс |
5 ақпан-11 ақпан 2018ж |
3 |
Көктемгі |
көктемгі – 13 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда) |
4 |
Көктемгі |
|
1-сыныпқа арналған оқу жүктемесінің көлемі
№ |
Пәндер |
аптасына |
1-тоқсан 8 апта |
2-тоқсан 8 апта |
3-тоқсан 10 апта |
4-тоқсан 8 апта |
жылдық |
1 |
Сауаташу |
6 сағат |
|
|
|
|
198 сағат |
2 |
Дүниетану |
|
|
|
|
|
|
3 |
Математика |
4 сағат |
|
|
|
|
132 сағат |
4 |
Жаратылыстану |
|
|
|
|
|
|
5 |
Көркем еңбек |
|
|
|
|
|
|
6 |
Денешынықтыру |
|
|
|
|
|
|
2-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспарлау
Оқу жылының ұзақтығы 2-сыныпта – 34 оқу аптасын құрайды.
№ |
Демалыстар |
Уақыты |
1 |
күзгі каникул |
7 күн (2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда) |
2 |
Қысқы |
қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан – 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда) |
3 |
Көктемгі |
көктемгі – 13 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда) |
2-сыныпқа арналған оқу жүктемесінің көлемі
№ |
Пәндер |
аптасына |
1-тоқсан 8 апта |
2-тоқсан 8 апта |
3-тоқсан 10 апта |
4-тоқсан 8 апта |
жылдық |
1 |
Қазақ тілі |
4 сағат |
32 |
32 |
40 |
32 |
136 сағат |
2 |
Әдебиеттік оқу |
3 сағат |
24 |
24 |
30 |
24 |
102 сағат |
3 |
Математика |
4 сағат |
32 |
32 |
40 |
32 |
136 сағат |
4 |
Жаратылыстану |
1 сағат |
8 |
8 |
10 |
8 |
34 сағат |
5 |
Дүниетану |
1 сағат |
8 |
8 |
10 |
8 |
34 сағат |
6 |
Көркем еңбек |
1 сағат |
8 |
8 |
10 |
8 |
34 сағат |