Материалдар / Жаңартылған білім беру жағдайында оқушылардың орта буынға бейімделуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім беру жағдайында оқушылардың орта буынға бейімделуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажеттіліктері жайында жазылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
1823
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім беру жағдайында оқушылардың орта буынға бейімделуі

Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген.

Дамудың негізі білім мен ғылымға екені белгілі. Әлемдегі дамыған елдер қатарында тұру, Ол үшін, Қазақстандағы білім берудің сапасын жетілдіру қажет екені белгілі. Осы орайда , оқушыларға сапалы білім беріп, үйлесімді дамуына және қоршаған ортада тұлға ретінде қалыптасуы мұғалімнің кәсіби шеберлігік көрсеткішінің бірі- озық тәжірибе, ғылыми-теориялық жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Қазіргі заман ұстазының алдындағы міндет:- қарқынды дамып жатырған қоғамда, оқушының білімді, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жетілген құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Қоғам көшінен қалмай, қызмет істеу үшін ұстаздар өз біліктері мен кәсіби шеберліктерін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:

1.   Пәннің маңыздылығы;
2.   Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3.   штілділік саясатты іске асыру;
4.   Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5.   Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6.   Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7.   Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8.   Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9.   Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Бағдарламаның міндеттері:

1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер:

- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;                                                                                  
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен  дағдылары қалыптасқан.

Жаңашылдықты қабылау- күрделі іс. Әсіресе бастауыш сыныпты бітірген оқушылар үшін, кедергілер көптеп кездеседі. . Бұл кезең – бастауыш сыныбын бітірген , оқушылар үшін де, ата-аналары үшін де, оларды 4 жыл бойы оқытып, аялап келген ұстаздары үшін де, ендігі сабақ беретін ұстаздары үшін де – ең бір қиын да жауапты кезең.

Жаңартылған білім берудегі : Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. Формативті бағалаудың мақсаты – оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл бағалаудың түрі күнделікті сабақтағы тәжірибе кезінде қолданылады. Ол мұғалімге сыныптың үлгірімін жаңартуда көмектеседі. Жиынтық бағалау немесе қорытынды бағалау көп жағдайда түсініспеушілік туғызып жатады.

Бұл кезеңді оқушы өміріндегі ең алғашқы өтпелі кезең деуге болады. Бұл кезеңде қандай қиындықтар болуы мүмкін:

-оқушының жас ерекшелігін байланысты оқу жүктемелеренің көбейіуі

(5 сыныптың оқу жүктемесі)

-орта буында оқу пәндерінен әр түрлі мұғалімдердің беруі немесе қарым –қатынасқа түсуге тура келеді (бастауыш сыныпта бір-ақ мұғалім сабақ берді)

-кабинеттік жүйе де оқу (бастауышта бір сыныпта оқыды)

-көп оқулықтарды асынып, қабаттан-қабатқа жүгіріп жүру де 10-11 жастағы балаларға өз ауыртпалықтарын салады

- әр мұғалімнің ауысуы мен қатар қояр талаптарының әртүрлілігі, бір мұғалім мейірімді болса, бір мұғалімнің қаталдығы немесе талапқойғыштығы тіпті дауыс ырғағы да - орта буынға жаңа келген бала үшін қиындық туғызары сөзсіз және баланың психикасына оңай емес.
Зерттеулерге сүйенсек- бұл жағдайдан, кейбір балалар онша қиналмай өтсе, яғни 4-5 аптадан соң, көпшілігі 2-3 айға дейін немесе 5-сыныпты бітіргенше, ал тағы біразының осы кездегі алған әсерлері салдарынан бейімделу орта мектепті бітіргенше сақталады екен. Міне, осы балалар назардан тыс қалмауы керек деп ойлаймын. Бұл кезеңде қандай кедергілер немесе белгіліер байқалады:

-бейімделу кезеңінде балалар шектен тыс сезімтал, сылбыр немесе керісінше, шамадан тыс шулы, беймаза болуы

- белсенділіктері төмендеп, есте сақтау қабілеттері нашарлауы

- кей жағдайда ұйқысы, тамаққа тәбеттері төмендеуі

- сабаққа деген қызығушылықтары төмендеп, оқу үлгерімдері нашарлауы

- құрдастарымен арадағы қарым-қатынастың бұзылуыда кездесуі мүмкін


Осындай жағдайдын кездесуі оқушылардың 70-80% -байқалады екен.
Қазіргі таңда білім беру жағдайындағы кездесетін жоғары талаптар- зияткерлік және тұлғалық дамуымен қатар, белгілі бір пәндерді игеруге деген, өзін-өзі реттеуге қойылатын талаптар тағы бар. Алайда оқушылардың даму деңгейі әрқашан бірдей бола бермейді. Кейбіреулерінде ол болашақтағы білім алу жағдайы талаптарына сай болса, кейбіреулерінде ол қажетті талапқа әрең жететіні де жасырын емес. Жақсы оқуға деген талпыныс, ата-анасын қуантуға деген құлшыныс , әсіресе, 5-сынып оқушыларында жиі кездеседі («қатарласымнан қалмасам екен», «бастауыштағыдай үздік бағаларым көп болса екен», «ата-анам күнделігімді көргенде жазаламаса екен»).
Көп кездесетін жағдайдың бірі-бастауыш сыныптарды сабақ соңына қарай қызығушылықтарының төмендеуі.

Ең алғашқы қиындықтар:

оқуға әзірліктерінің жетіспеушіліктері.

-білімдерінің бастауыш сыныппен байланысының болмауы

-оқу дағдылары мен іскерліктерінің қалыптаса қоймағаны

- бастауыш сыныпта кейбіреуінің дұрыс сөйлей алмауы

-сөзді дұрыс жаза алмауының себебі

-түбірді дұрыс таппауы,

-орфография заңдылықтарын түсінбеуі

Ал ең қиыны сол – мұндай проблемены бірден анықтаудың жолын табу. Сондықтан, балаға көмек көрсету үшін оңайдан күрделігіе бағытталған тапсырманы орындауда, мұқият түсінуіне күш салу керек. Бұл кезеңдегі оқушыларда кездесетін екінші қиындық – оқу мен жұмыс істеуге деген құлшыныстың болмауы, яғни үздіксіз сабаққа дайындалғысы келмеуі. Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:

1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);

2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);

3.Шығармашылық ойлау дағдысы

4.Логикалық ойлау дағдысы

5. Сыни ойлау дағдысы

6. Алгоритмдік ойлау дағдысы

7.Критикалық ойлау дағдысы

8.Проблемалық ойлау дағдысы

9.Технологиялық ойлау дағдысы

10.Тілдік құзіреттілік дағдысы

11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту


Жаңартылған білім беру жағдайында оқушылардың орта буынға бейімделудің сипатын Брунердің тәжірбиесіне салсақ: « Брунер оқытудағы  маңызды  тәжірибені дамыту  бойынша бірнеше  өте маңызды  кеңестер ұсынды. Брунер  теориясының  ажырамас  бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға  бөліктерді  бір жерге жинауға  және  өзін  ашушы  болуға  рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер  шынайы» деген ұғымдар болды. (1962) Оқытудың мұндай типінің артықшылығына  төрт  аспектінің  арасында;  біріншіден,  зияткерлік  мүмкіндіктердің  өсуі арқылы; екіншіден,  сыртқы марапаттаудан  ішкі  марапаттауға  өту арқылы;  үшіншіден,  жаңалық ашу арқылы  және  соңғысы,  жадыны  дамыту  үшін  осындай оқытудың тиімділігі  арқылы қол жеткізіледі. Осы кезде оқушы  оқу үдерісіне  белсенді  қатысқанда  ғана    материалды  терең меңгереді.  Басқаша  айтсақ, оқушыға  бағдарланған оқыту ортасында мұғалім  оқушылардың  сыныпқа  келген    кездегі  бастапқы  сенімдерін, білімін және  өзіндік  ойын негізге ала отырып, өз  пайымдарын  жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі  оқушы мен оқу  материалын  жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда  осы үдерісті  үйлестіретін  мұғалімдер  көпірдің  екі жағын да  қадағалай  білуі тиіс.  Мұғалімдер  оқушылардың  не білетінін  және нені  жасай  алатынын, сондай-ақ  олардың қызығушылықтарын, әр оқушының  нені жақсы көретінін  және  не істегісі келетінін түсінуге тырысады.

Жалпы қорыта айтқанда, оқушылардың орта буынға бейімделуді аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. еdu.gov.kz

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. ҚР ЖББМ педагогтерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Астана, 2013.

3. Люблинская А.А. Учителю о психологии младшего школьника: по-собие для учителя/ А.А. Люблинская. – М.: Просвещение, 1977. – 224 с.

4. Степанов  Е.Н.  Педагогу  о  современных  подходах  и  концепциях воспитания/ Е.Н. Степанов, Л.М. Лузина. – М.: ТЦ Сфера, 2002. – 160 с.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!