Материалдар / Жаңартылған білім беру мазмұны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім беру мазмұны

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық пәндер үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Тамыз 2018
427
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім беру мазмұны

Эссе бйқауы.



Кіріспе

«Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаhандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. Жиырма бірінші ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастыққа өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаhандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек». (Андреас Шлейхер, 2014)

ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы жолдауында елімізде білім сапасын арттыру бағытын жүзеге асыру мақсатында ұстаздардың біліктіліктерін арттыру мәселесін көтерді. Осы бастаманың негізінде Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша ҚР-да «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында «Педагогикалық шеберлікті арттыру» тақырыбында үш айлық курс жұмыстары жүргізіліп келеді.  Үш айлық курстың міндеті-ұстаздардың шеберлік деңгейі мен белсенділік, табыстылық нәтижелерін шыңдап, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеру.

Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту. 7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.





Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту оқушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Біліктілікті арттыру оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа білім беру болып табылады.

Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды қолдана білуге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасын жаңарту критериалды бағалау жүйесі оқушылардың сонымен қоса мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Жаңаша оқытуда педагогиканың барлық аспектілері сындарлы оқытуға негізделген. Яғни оқушылардың бір-біріне сын тұрғысынан қарауы. Жаңаша білім беру мектептердің оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқу деп өзгерді. Белсенді оқуда топтық, жұптық, рөлдік ойындар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып белсенді оқуға жетілдіру.

Біліктілікті арттыру курсында деңгейлеп оқыту бағдарламасының әдіс-тәсілдерінің теориялық негізін меңгере отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін деңгейлеп оқыту бағдарламасын оқып үйреніп, практика кезінде бұл оқудың артықшылықтарына көз жеткізуге болады. Қазіргі таңда білімді өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде бұл оқу бағдарламасының алатын орны ерекше. сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен бағдарламаның негізі Ж. Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Қазіргі уақытта педагогика ғылымның бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне енгізу.

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсынан өтім. Жаңартылған білім беру бағдарламасына және оның құрылымына қысқаша шолу, оны тиімді іске асыру үшін қажетті педагогикалық және критериалды бағалау жүйесі туралы лекция тыңдадық. Білім беру бағдарламасының пәндік аспектілері(белсенді және тәжірибелі) біліктілікті арттыру курсының алғы шарттары,оқушылардың болашақ өмірдегі қиындықтарды еңсере білуге дайындау, нәтижелерге негізделген білім беру бағдарламасы Тиімді оқыту мен оқудың тәсілдері, белсенді оқу, критериалды бағалау моделі,қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау туралы білім алдық. Маған ұнағаны таңертеңгі шаттық шеңбері әр түрлі бағытта өткізіледі.Курста біз Ұзақ мерзімді,орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспармен таныстық,

Дүниетану, математика,сауат ашу, қазақ тілі,әдебиет,жаратылыстану пәндері бойынша білім беру бағдарламасының ерекшеліктеріне тоқталып, әр топ өз ойларын постер қорғау арқылы ортаға салды,әріптестерімен бөлістім..

2-сынып оқушылары ақпаратты тыңдайды және түсінеді, салыстырады, жазылым дағдыларында қаламды ұстаудан бастап сөйлемді ұқыптап жазу сөз, әріп тыныс белгі ережелерді пайдалану дағдыларын үйренеді.

Әр пән бойынша қысқа мерзімді жоспар жасауды үйреніп жүрміз. Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленетінін, бағалау критерийлері, тілдік мақсаттың жазылуы, түйінді сөздер, алдыңғы оқу, дескриптор жазу, кері байланыс, бағалау, ресурстар жайында көптеген мәліметтер алып өз іс тәжірибемізге қолданамыз деп үйренудеміз, әлі де болса қиындықтар бар.

Қорыта келгенде, бұл жолғы біліктілікті арттыру курсында мұғалімдер өзара рефлексия тапсырмаларын орындап, біліктілікті арттыру курсының оқу мақсаттары тұрғысынан өздерінің алға ілгерілеуін байқатты. Осы алған білімім мен іс тәжірибемді өз сабақтарымда қолданамын.



Қарағанды облысы. Шет ауданы.

Жарылғап батыр ауылы.

Алтайбаев негізгі орта мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі

Мукашева Мейрамкул Саулебекқызы

Еңбек өтілімі: 11 жыл

Жаңартылған мазмұны бағдарламасы бойынша курстан өткен, сертификат, алғыс хат. Т.б

Телефон номер: 87753553401

Мектептін эл почтасы: altaibaeva.00 @ mail.ru







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!