Материалдар / «Жаңартылған білім беру мазмұны – болашақтағы сапалы білім кепілі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Жаңартылған білім беру мазмұны – болашақтағы сапалы білім кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2019
296
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көктерек негізгі мектебі











Баяндама «Жаңартылған білім беру мазмұны – болашақтағы сапалы білім кепілі»

















Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі

Есеналина .Н.А









Жаңартылған білім беру мазмұны – болашақтағы сапалы білім кепілі.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек екенін айтқан болатын.Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан барлық курстарда сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың тәсілдері, сыни ойлауды оқу және жазу арқылы дамытудың стратегиялары, жобалау әдісі, өз пікірін жазбаша рәсімдеу (мақала, эссе, комментарий беру және т.б.) әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады. Аталған бағдарлама бойынша жүргізілген курстарда тыңдаушылардың бойында тілдік дағдыларды қалыптастырудың, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру мен инновациялық технологияларды меңгеріп, оны тиімді қолдана білудің маңызы зор.Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.Жаңартылған бағдарлама бойынша жүргізілген курста дәріс, практикалық жұмыста мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының түйінді идеяларын түсініп, тың тәсілдермен таныса алды. Топтық жұмыстың да мән-мағынасын тез ұғып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын білді. Жұмыс түрлерін атап өтсем: «Топтастыру», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Ақпаратты жаңғырту», «Сұрақ-жауап», «Өз миыңды сал», «Стоп-сұрақ» стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың білімдерін бекітіп, білім деңгейін күнде бақылап, бағдарламаның түйінді идеясын барлық оқушылардың санасына сіңіруге болады деген ойдамын.Бүгінгі күні дамыған елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының білім деңгейімен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі заман талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды жаңартылған білім беру бағдарламасының талабына сай инновациялық әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұлүрдістің жалпы білім беретін мектептерге белсенді түрде енгізіле бастауы көңілді қуантады. Курстың маңыздылығы да міне, осында. Курс аясында жоғарыда айтылған міндеттер мен мәселелер өз шешімін табуда. Міндетіміз ауыр, мақсатымыз айқын. Отандық білім беру саласында әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, жаңаша ойлай алатын білікті мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жеттік деп білеміз.Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деп білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойған болатын.Біліктілікті арттыру курсының басты мақсаты - білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мазмұнын және мақсаттарын біліп түсінумен қатар, жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана білуді меңгеруде.– Біліктілікті арттыру курсының басты мақсаты қандай? Елімізде орта білім беру мазмұны жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін. Аталмыш міндет орындалу үшін білікті маман «қарулану» қажет. Өтіп жатқан курстың негізгі мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасының табысты іске асырылуына көмектесу; мұғалімдерге білім беру бағдарламасының мазмұны өзгертілгенін ұғындыру; жаңа оқыту әдіс-тәсілдерінің қажеттілігін түсіндіру болып табылады.– Курстың маңыздылығын атап өтсем. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Оқу мен оқытудағы әр іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталатынын түсінді. Егер ұстаз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Яғни, «Не үшін?», «Қалай?», «Неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздей бастайды.– Неліктен енгізілген жүйе тіл мамандарынан бастау алды? Жаңартылған білім беру бағдарламасы Тілдік қызмет дағдыларын дамытуға (тыңдау, айту, оқу, жазу) аса назар аударылып отыр. Оқу кезеңінен жазба тілге дейінгі оқытудың бірізділігін жүзеге асыруды көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы қарым-қатынас құрудың маңызын түсіну және сабаққа арналған тілдік мақсаттарды белгілеу көзделген. Тілдік мақсат үш тілде оқытудың коммуникативті дағдыларын дамытуды қолдау болып табылады.– Мен үшін бұл курстың маңыздылығы өте жоғары. Курс оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді дәстүрлі әдістемелік жүйемен салыстыруға болмайды. Біз жаңаша сабақ құрылымын жоспарлауды үйреніп жатырмыз.Педагогикалық шеберлігімді ұштайтын мазмұнды әдістермен қаруландым. Менің оқу үдерісіне жаңаша көзқарасым қалыптасты.-Үйреніп жатқан әдістер оқушылардың ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауына, ойын еркін жеткізуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына септігін тигізетініне көзім жетті. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімі нәтижелі болуға жұмыс атқаруға көмектесетін курстың берері көп екен.Ертеңінен үміт күткен Мәңгілік еліміздің ұрпағы білімді, білікті болу үшін нақты жоспар, нақты қадам керек. Әр мұғалім әзірленіп жатқан жаңа мазмұнды бағдарламаны игеруі маңызды. Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді», – дегендей, сапалы білім, саналы тәрбие берген қоғамдағы ұстаз қауымының орны ерекше екенін ұмытпай, қоғамның әр мүшесі жан-жақты қолдау көрсетуі қажет деп ойлаймыз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!