Материалдар / «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа белсенді әдістер» мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа белсенді әдістер» мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімнің тиімділігі туралы әріптестеріммен бөліскім келеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2020
391
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы

жаңа белсенді әдістер»

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысына қанағаттандыратын тың бағдарлама. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Жаңартылған білім мазмұны бойынша курсты аяқтап келгелі сабақты жоспарлау бағытым түбегейлі өзгерді. Сабақты жоспарламас бұрын тақырыпқа сай орта мерзімдегі оқу мақсаттарын таңдап алып, сол мақсатқа қол жеткізу үшін бала деңгейіне сай әдістерді  алуымыз қажет және баланың сыни ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатында осы әдістерді қысқа мерзімді жоспарлауда меңгерілуі тиіс төрт дағдыға /тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым/ байланысты қолдануымыз керектігін ескеруді ұмытпауымыз қажет. Осыған орай өз сыныбымда қолданыста жүрген тиімді әдістерді ұсынып отырмын.

«Шеринг» әдісі арқылы

Оқушылар видео мазмұнынан түсінгендері бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады.

Жұмыс алгоритмі:барлығы шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек.

«Журналистік сұрақтар» кестесі.

Кестені толтыруға 7 минут беріледі. Оқушылар өзіндегі оқылым мәтіні бойынша төмендегі сұрақтарға ақпараттарды іріктей отырып, кестені толтырады. Мәтіннің әр абзацына тақырып қояды. Топ ішінде талдайды (3 минут).

Сұрақтар

Жауаптар

Не?


Қашан?


Қайда?


Неге?


Қалай?













«Төрт сөйлем» әдісі

Оқушылар топта жүргізілген талқылауды қорытындылап, мәтіннің негізгі ойын төрт сөйлем арқылы білдіреді.

1. Пікір.Мәтіннің негізгі ойын жазады.

2. Дәлел. Пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Пікірге бір сөйлеммен қорытынды жасайды.

«Зерттеушілік конференциясы» әдісі

Ұсынылған мәселе бойынша өз елестетулерімен таныстыра біледі. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Оқушының зерттеушілік шеберлігін анықтай отырып сауалнама өткізеді. Бұл әдісті кезкелген сабақта қолдануға болады.

Сабақ барысындағы зерттеу жұмыстарының берілуі және іске асуының маңызы өте жоғары. Зерттеу жұмысы оқушының логикалық ойлауын, ізденушілік қабілетін, өзіне деген сенімділігін, танымын арттырады. Зерттеу жұмыстары көбінесе саралау кезеңінде іске асады.оқулықтарда математика, жаратылыстану, дүниетану сабақтарында тапсырманың бірі болып берілген. Бұл тапсырманы топтық немесе жұптық ретінде орындағанда нәтиже көрсеткенін байқадым. Кез келген сабақта зерттеу дағдысын дамыту мақсатында жұптық, топтық, жеке жұмыстарға проблемалық тақырып бере отырып, оны шешуде оқушылардың білім сапасының артуына ықпалы өте зор екеніне көзім жетті.

«Данышпан үкілер»

Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.

Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.

Маңызды өмірлік даналық.

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

Таныс және таныс емес.

Мәтіннен сізге алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.

Иллюстрациялық бейнелеу.

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.

Үлгі боларлық қорытынды.

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.

Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.

«Дарабоз»

Бала еңбегін сабақта бағалауға рейтинг жүйесінің қарапайым түрін ұсынар едік. Мұғалім өзінің жеке шығармашылық журналы төмендегі бағытта бағалау жүйесін қолданады. Бұл баланың төмен баға алу қорқынышынан туатын қажетсіз әрекеттерінен арылып, шынайы еңбегімен көрінуге ұмтылуына ықпал етеді. Ұжымда демократиялық қатынастар орнатуға қызмет етеді.

Ұтымдылығы – бірінші орында баланың қабілетінен гөрі еңбектенуі тұратындығында. Тынымсыз еңбек қабілетті дамытады. Баланың сенімділігі мен қызығушылығын ұштайды.

Бала еңбегі мынадай бағыттарда жан-жақты бағаланғаны жөн:

сабаққа қатысуы;

оған даярлығы;

тапсырманы орындауы;

өзіндік жұмысы;

ынтасы;

сабақтағы жауабы.

Мұндай жағдайда «екі» деген баға болмайды, себебі өзін ықтырып, үркітетін бағаны емес, жинақталған балды көріп, кемшілігін түзетуге мүмкіндігі бар екеніне сенімді болар еді.

«Боди-арт»

Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. Жағымды ахуал туады.

«Борт журналы»

«Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз ойларымен, тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды, оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.

«Биопоэма» әдісі Бұл обьектіні жан-жақты зерттеп, ой түйіндеуге көмектеседі.

Аты: Су

Сипаттайтын: мөлдір, пайдалы

Қорқатыны: таусылудан

Пайдасы: суарады, өсіреді,

Басынан өткізгені: ысырап

Болашақтан күтетіні: үнемдеу

Мекенжайы: жер

Тегі: табиғат

«Кір жайғыш» әдісі.

Бұл әдісті сабақтың кезкелген кезеңінде қолдануға болады. Оқылым, тыңдалым, айтылым дағдылары қалыптасып, дамиды. Ой түйіндеу, сұраққа нақты, дұрыс жауап және бір-бірін бағалап, бір-бірін қолдау достық ықпалдастығы қалыптасады. Әдебиеттік оқу сабағы 3 сынып «Есеннің кірпісі» Топтық жұмыс. «Кір жайғыш» әдісі. Топтар тапсырманы кір жайғыштан өздері таңдап алады.

І топ. 4-тапсырма. Әңгімеден табиғат суреттелген жолдарды тауып оқы. Осы үзінді бойынша қандай сурет салар едің?

ІІ топ. 6-тапсырма. Әуен тыңдаған кірпі туралы не айтасың? Осыған ұқсас оқыған, көрген оқиғаларыңды әңгімелеп бер.

ІІІ топ. 7-тапсырма Есеннің іс-әрекетіне өз көзқарасыңды білдір. Мәтінді басқаша қалай атар едің?

Топтар тапсырманы кір жайғыштан өздері таңдап алады.

«Сиқырлы себет» әдісі

Әдебиеттік оқу сабағында бұл әдісті оқылымнан кейінгі кезеңде қолдануға болады. 3сынып «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы

Себеттен алған сөздер бойынша топта тапсырмалар орындайды.

Кластер, Кейіпкер, Сахна, Талдау.

Сөз соңында айтарым, менің білгенімнен білмейтін дүниелерім жетерлік. Сондықтан білім әлеміндегі өзгеріс, жаңалықтардан шет қалмай, үнемі ізденіп, курстарға қатысып, онда үйренген жаңалықтарды сабағымызға енгізіп отырсақ, еліміздің білім сапасы шарықтап, өз- өзіне сенімді, білімді, сауатты, мәдениетті,саналы жеке тұлға тәрбиелеп шығуымызға ешқандай кедергі болмасы хақ. Оқушыларға білім беруде негізгі тұлға-мұғалім. Мұғалім- білімді де білгір, Ақпараттық коммуникативті технологияны жақсы меңгерген , оқушылар жанын жақсы түсінетін маман ғана емес , жүрекпен сезініп, мейірімділікпен жанасуы керек. Ешқашан жұмыс істеуден, ізденуден жалықпауы керек. Мұғалім қаншама дерек жинап, жаңалықты хабардар етсе – жан-жақты дамыған болса, соншама оқушының жүрегіне жол табады. Сондықтан «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» ,- деп ұлы Абай атамыз айтқандай,жаңашыл білім технологияларын меңгеріп, балаға үйретуден жалықпайық.


Ататүрік атындағы №4 мектеп- лицейінің бастауыш сынып мұғалімі,

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Жүнісова


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!