Материалдар / «ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына, оқушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2021
310
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Абельдинова Күміс Шаяхметовна


«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»




Тіл және әдістеме



















«№35 мектеп - гимназиясы» КММ, Екібастұз қ.

87023016672. Kumis.abeldinova@mail.ru






ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


К.Ш.Абельдинова қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,

«№35 мектеп - гимназиясы» КММ, Екібастұз қ.


Аңдатпа

Бұл мақалада жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қазақ тілі сабақтарында белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі туралы айтылады, қарастырылады. Оқушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, сыныптастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына, мүмкіндік беретін белсенді әдістер қарастырылды.


Әлем қазір жылдам өзгеруде, сондықтан әлемдік білім беру жүйесінде де өзгерістер болып жатыр. Бүгінгі күнде білім саласында екі маңызды сұрақ туындап тұр: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Шлейзердің айтуынша, «мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, оның оқуын барынша даралап, баланың бойында метасананы қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс» [1, 5-б].

Барлық оқушылар өздері өмір сүретін әлемде жұмыс істеуге дайын болуы өте маңызды. Оқушылар күн сайын БАҚ және түрлі технологиялар арқылы орасан зор ақпаратпен танысатындықтан, тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым мүмкіндіктері оқушыларды барған сайын артып келе жатқан жаһандану жағдайындағы қоғамда қарым- қатынас жасауға даындайды. Бірінші кезектегі және негізгі тіл болып табылатын қазақ тілі бойынша сапалы білім алу оқушылардың өздерінің ойлары мен эмоциясын басқаларға жеткізе алу үшін еркін оқуына және жазуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқылым және тыңдалым арқылы басқалар да олармен қарым-қатынас жасай алады.

Қазақ тілі қазақстандық қоғам мен қазақ тілін ана тілі ретінде қолданатын әрбір жеке тұлға өмірінде бірегей қызмет атқарады. Қазақ тілін функционалдық коммуникативтік және қатысымдық танымдық тұрғыдан оқыту тілдің қоғамдағы маңызды қызметі мен рөлін саналы түрде түсінуге тілдің табиғатын ғылыми танымдық тұрғыдан түсініп меңгеруге, әрбір тілдік бірліктің ішкі мағыналық иірімдерін түсініп қолдануға дағдыландырады.

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қазақ тілі пәні оқушының өз бетінше дамуы өзінің белсенді «МЕН»-ін қалыптастыруға бағытталған, нарықтық қарым-қатынас жағдайында мектеп бітіргеннен кейін де, бүкіл өмір бойы өз бетінше дами білуге дағдылануды мақсат етеді. «Пәннің басты мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету» [5] болғандықтан, қазақ тілі мұғалімдерінің қолданатын оқыту тәсілдері оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтуге, шығармашылық ойлауға төселдіруге, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйретуге, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған болуы қажет.

Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Ғалым Аронсонның жіктеуі бойынша, тілді үйретуде қолданылатын тиімді белсенді оқу стратегиялары мыналар:

  • жаңа лексика мен идеяларды қоса алғанда, драмалық шығармалардағы бейнелер мен мәтіндерді зерделеу және бағалау;

  • мәтіндерді бағалау және өзінің ойын білдіру үшін графикалық органайзерлерді қолдану;

  • мәтіннің сюжетін, құрылымын, лексикасын және сөйлемдердің құрылымын талқылау мақсатында әңгімені бірігіп оқу;

  • ойлануды қажет ететін мәселелерді ортаға салу және талқылау [2].

Белсенді оқыту мен оқу әдістерін таңдау, пайдалану және әзірлеу – оңай жұмыс емес, өйткені мұғалімдерде қандай да бір тәсілді қолданардың алдында көптеген сұрақтар туындайды, мысалы:

  • Осы сабақ білім алушылардың жасына сәйкес келе ме?

  • Сыныпта қандай балалар жиналған, мысалы, олардың қабілеттері, саны, жынысы қандайжәне т.б.

  • Жекелеген оқушыларда жоспарлау барысында ескерілуі тиіс белгілі бір мұқтаждық, өзіндік мән-жайлар бар ма?

Белсенді оқыту мен оқудың белгілі бір әдісін пайдаланардың алдында мұғалімдер өздеріне әртүрлі сұрақ қойып, өзінің үдерістегі рөлі мен іс-қимылын ұдайы ойластырып отыруы керек [4].

Өзіміздің тәжірибемізде қолданып жүрген оқытудың белсенді әдістеріне тоқталып кетейік. Белсенді оқу әдістері ішінде мыналарды атап өтуге болады:

1. Өзіндік ойын. Бұл әдіс оқушыларда белгілі жауапқа қатысты сұрақ құрастыра білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол сонымен қатар балама сұрақтартуралы креативті ойлауға қабілетті оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Жұмыс алгоритмі:

* Оқушыларға сабақта қарастырылатын тақырыпқа қатысы бар сұрақтардың жауаптары беріледі. Жауаптар жай ғана күн, есім немесе орын, эмоция немесе абстрактілі түсініктер түрінде болуы мүмкін.

* Оқушылар әр жауап үшін сұрақ ойлап табуы керек.

* Егер жауаптың бір мәнді сұрағы болмаса, оқушылар өздері ойлап тапқан сұрақтарды бір бірімен салыстырып, белгілі бір сұраққа қатысты тоқтамға қалай келгенін дәйектейді. Мысалы:

Сұрақтар мен жауаптардың үлгілері:

  • 1845-1904 (Ұлы данышпан Абай қай жылдары өмір сүрді?)

  • Мұхтар Әуезов («Абай жолы» роман -эпопеяның авторы кім?)

  • Қара сөздер (Абайдың көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқрастары терең білінген еңбегі?)

2.Қиялдағы кинофильм. Шығармашылықты дамытатын бұл әдіс оқушыларға сабақ тақырыбын түсіндіруде пайдалы құрал болып табылады, сондай-ақ оларды белгілі бір сұрақ бойынша пікірталасқа, пікір алмасуға тартуға септігін тигізеді. Жұмыс алгоритмі:

* Оқушылар көздерін жұмады.

* Мұғалім сыныпқа қысқа оқиғаны оқиды немесе оқушылардың алда не істейтіндерін түсіндіреді.

* Оқушылардан мұғалім оқып жатқан ақпараттыкөз алдарына келтіру сұралады.

* Мұғалім ақпаратты оқуды тоқтатып, оқушылардан оқиғаны тоқтаған жерден жалғастырып,одан әрі дамытуды сұрайды.

* Одан кейін оқушылар шағын топта немесе сынып алдында өздерінің «санасындағы кинокартинада» не болғандығы туралы әңгімелейді. Бұл – мәселені талқылауды дамытудың оңтайлы тәсілі.

Оқиғалардың үлгілері:

  • Адам құқығы проблемасы («Жаһандану мәселесі» 9-сыныпта) ;

  • Жер сілкісінен пайда болған зардап («Табиғи апаттар» 7-сынып);

  • Абайдың оқудан келуі ( «Отбасылық құндылықтар» тақырыбы ,6-сынып) азасы.

3.Үшіншісі артық. Пайдалы әдіс, оны тақырыпты бастапқы зерделеу кезінде немесе білімін бекіту тәсілі ретінде тақырыпты талқылаудың кез келген бөлігінде қолдануға болады. Бұл әдіс оқылатын салаға қарай оқушыларды сөздердің, сөйлемдердің, идеялардың, адамдар мен заттардың сипаттамасы туралы ойлануға итермелейді. Оқушылар осы заттардың арасындағы кез келген қарым-қатынасты тереңірек түсініп, оларды тиісінше жіктей білу үшін, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды. Мысалы:

Тақырып: Қазіргі заманғы тілдер – Менің үйім (үйретіліп жатқан тілдегі сөздер)

  • Кереует, тоңазытқыш, теледидар, гардероб, перде, тұрақ, орындық, ванна, тумба.

  • Тұрақ артық болуы мүмкін, себебі ол бөлмені білдіретін жалғыз сөз;

  • Перде артық болуы мүмкін, себебі қалған заттардың барлығында негіз бар, немесе олар еденде тұрады.

Бұл тапсырма мәселені балалар үйреніп жатқан тілде талқылауға ықпал етеді.

4.Жылжымалы дебат. Бұл әдіс сұрақтарға қатысты әртүрлі пікірлер мен эмоцияларды зерттеуге көмектеседі. Оларды белгілі тақырыптың кіріспе бөлімі ретінде пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын, қарастырылатын сұрақ бойынша негізгі түсінігін бағалау үшін пайдалануға болады. Оқушылар түсініксіз және белгісіз нәрселерді кездестіреді, бұл оларға өз пікірлерін талқыланатын сұрақ туралы білімдерімен негіздеу қажет екендігін түсінуге көмектеседі. Дебаттың алуан түрі бар. Ең кең тарағаны төменде сипатталған «Төрт бұрыш дебаты» болып табылады. Сондай-ақ, «Спектрлік пікірталас», «Құндылықтардың тұрақтылығы» және «Ақиқат пен жалған» деген түрлері бар.

Жан-жақты талқылау мен дебаттарға арналған тапсырмалар үлгілері:

Тақырып: Спорт және адамның денсаулығы( 8-сынып)

  • Футболшылар өз табыстарының жартысын қайырымдылық қорына берулері керек.

  • Допинг қолданғаны үшін кінәлі деп табылған спорт жұлдыздары спорттан өмірбақи аластатылулары керек.

  • Мектеп асханаларында фри картоптарын сатуға тыйым салу қажет.

Жоғарыда аталған оқытудың белсенді әдіс түрлерінің барлығына тән ортақ белгілер бар. Олар:

  • оқушы мен мұғалімнің арасындағы тығыз қарым-қатынас;

  • ойлау қызметі жоғары деңгейде іске қосылған;

  • ұжымдық жұмыс түрлері жеке жұмыс түрлерімен бірге қолданылады;

  • оқушыларға әсер ететін эмоция деңгейі артады;

  • танымдық тұрғыдан оқушылардың дербестігі;

  • оқу үдерісінің тиімділігі артады.

Алға қойылған міндеттерді ойдағыдай шешу үшін оқу үдерісін ұтымды ұйымдастыру қажет, яғни белсенді оқу әдістеріне лайықты деңгейде көңіл бөлінуі керек. Белсенділікті адамның қызметінен көрінетін психикалық қасиет, мінез қыры ретінде қарастырған дұрыс. Белсенді оқу оқу материалын игерудің барлық кезеңдерінде оқушылардың жұмысына игі ықпал етеді. Белсенді оқу кезінде танымдық белсенділік деңгейі мейлінше өсіп, танымдық қызығушылық қызу артады. [2, 20-б]

Сонымен, қазақ тілі сабағында белсенді оқу әдістерін қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, сыныптастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына, мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына, оқушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді.

Мұғалім қалай оқытып, қалай жетекшілік ететінін үнемі жадында ұстау керек. Оқушылардың пән бойынша терең білім алу мұғалімдердің дағдыларына да байланысты, яғни олар оқушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілуіне үнемі қолдау көрсетуі керек. Ұлы данышпан Абай айтқандай, «Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». Демек, Абайдың бұл сөздерінде бүгінгі таңдағы жалпы қазақстандық жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі идеясы жатқандай.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2015ж.

  2. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагогика кадрларының арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 ж.

  3. Әлімов А.Қ. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2014 ж.

  4. Белсенді оқу әдістері. Әдістемелік құрал. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013.

  5. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. (ҚР БҒМ 2017 ж. 25 қазанындағы №545 бұйрығына 22 – қосымша) Астана, 2017 ж.












Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!