Материалдар / ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ: НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ: НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақтың туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігін ояту, Отанды құрметтеуге шақыру, патриоттық тәрбие беру. Ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, өлеңді қазақ тілінде жатқа айту арқылы тіл байлығын арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2021
420
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ТаразқаласыәкімдігініңбілімбөлімініңӘлиханБөкейхановатындағы №1 гимназиясы»коммуналдықмемлекеттікмекемесі





Бекітемін

1 гимназия директоры

_______________

/Л.Ә.Қызылғұлова/

«____» _________ 20___ж.


Келісілді

ТІ жөніндегі дир.орынбасары

____________________

/Б.И.Исаев/

«____» _________ 20___ж.


Ә/Б отырысында қаралды

Хаттама №__________

_____________________

/С. Жангабулова/

«____» __________ 20___ж.










ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖОСПАРЫ

2020-2021 оқу жылына



       Педагог:

       Сыныбы:






Түсінік хат


Тәрбие жұмысының жоспары №1 гимназияның қазақ тілінде білім алатын 5 Ә сынып оқушыларына арналған. Тәрбие жоспары 2018 жылғы 31 қазандағы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» № 604 бұйрығына сәйкес типтік оқу бағдарламасына негізделген.

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі:

1) «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл;

4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;

5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;

6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI Заңы;

7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;

8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жүргізілуі тиіс.

2020-2021 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілі енгізіледі. Бұл бағдарлама білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға, олардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге, экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Тәрбие жұмысының жоспары жыл бойында 5 сыныптарда аптасына 1 рет тәрбие үрдісін жүзеге асыруға құрылған,сонымен қатар 35(1 сыныптарға 34) тақырыптық сынып сағаттарын қарастырады (34 оқу аптасы, білім сабағы және қорытынды сынып сағаты),сонымен бірге 21 сағат қауіпсіздік техникасы және 7сағат АҚ –қа байланысты сейсмикалық жаттығу, жол жүру ережесі 10 сағатқа енгізілген.


Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері


Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан- жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету. 2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету. 3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету. 4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.

6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;

2. Рухани-адамгершілік тәрбие;

3. Ұлттық тәрбие;

4. Отбасы тәрбиесі;

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады. Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.


Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда

күтілетін нәтижелер:

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері:

Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс уәждемелік-құндылықты аясын;

білім алушы жастарда қазақстандық патриотизмды, азаматтық өзіндік санасын, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, толеранттылық және рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың артып отырған деңгейін;

жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті; – рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;

бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың психологиялық- педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, қамқоршылық кеңестерінің рөлін көтеруді;

білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау 20 әзірлігін дамытуын;

тұлғаның дамыған экономикалық ойын және кәсіби қалыптасуға саналы қарым-қатынасын қалыптастыруды; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейін;

табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алу мен өзін-өзі жүзеге асыруды, отбасы институтының өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптастыруға бағытталған.



























Тәрбие жұмысының бағыттары бойынша іс-шаралар жоспары


Тәрбие жұмысының атауы


Аяқтау нысаны


Жауаптылар


Орындау мерзімі


I. Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету



Қазақстан Республикасының Конституциясы









басшылыққа алу










Сынып жетекші









Жыл бойы


«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы

«Бала құқығы туралы»

БҰҰ Конвенциясы

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы

214-IVЗаңы

«Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VIЗаңы

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл













Сынып жетекші













Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы

«Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы

525 бұйрығы


ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету



2020-2021 оқу жылына әдістемелік нұсқау хат









басшылыққа алу



Сынып жетекші

оқу жылының басы

«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамызда № 345 бұйрығына 2-қосымша



Сынып жетекші













Жыл бойы





«Қазақстанның киелі орындары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың әдістемелік ұсынымдар

https://www.nao.kz)

Білім беру ұйымдарында «Туған жер» бағдарламасы арқылы білім алушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

https://www.nao.kz)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетанулық жұмыстарды жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!