400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған білім беру мазмұнына тиімді əдіс тəсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Əріптесрге
Материалдың қысқаша нұсқасы

№27 жалпы орта мектебі













Коучинг сабақтың тақырыбы: «Жаңартылған білім беру мазмұнында тиімді әдіс-тәсілдер»

















Өткізген: Құрбанбекова Венера Алымжанқызы




12.12.2017ж.

Коучинг сабақтың

Тақырыбы:

«Жаңартылған білім беру мазмұнында тиімді әдіс-тәсілдер»

Сілтеме:

Үлестірмелі материалдар, слайдтар

Мақсаты:

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдер туралы түсінік беру. Мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне ықпал ету, жаңалыққа құштарлығын ояту. Өзінің тәжірбиесі туралы ойлану.

Оқыту нәтижесі:

Мұғалімдер түрлі қолжетімді ресурстар арқылы тиімді әдіс-тәсілдермен таныса отырып, тәжірибелерінде қолданады.

Негізгі (түйінді)

идеялар:

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдердің нәтижелілігін анықтау

Бағалау критерийлері

Дескриптор Білім алушы

*Жаңартылған білім беру мазмұнындағы әдіс-тәсілді меңгеру

*Меңгерілген әдіс-тәсілді қай пәнге, қай кезеңде іске асыру тиімділігін анықтау

Тапсырмалар:

КОУЧИНГ

Сабақтың өту барысы:

Психологиялық атмосфера құру

Топқа бөлу

Білу
















Түсіну














Қолдану





Талдау


Жинақтау

Тапсырманың сипаты

Берілген тапсырманы

орындаудағы

қолданылған тәсілдер

1.Тренинг: « Атомдар және молекулалар»

Мұғалімдер араласып жүреді.

І. «Атомдар» деп дауыстағанда олар бір-бірімен араласып жүреді, «Молекулалар!» деп айтып 2 дегенде ұстаздар 2 жұпқа тұрып бір-бірімен танысады.

Бірнеше қабат айту

«Молекула 6» деп, топқа бөліп отырғызу

«Атомдар және молекулалар» әдісі сабақтың қандай кезеңінде тиімді.

Олай болса, бүгінгі біздің шебер сыныбымыз «Жаңартылған білім беру мазмұнында тиімді әдіс-тәсілдер»

Шебер сағатына мақсат қойыңыздар

Біздің мақсатымыз:

Осы тақырыпқа дескриптор құрыңыздар

Дескриптор Білім алушы

*Жаңартылған білім беру мазмұнындағы әдіс-тәсілді меңгеру

*Меңгерілген әдіс-тәсілді қай пәнге, қай кезеңде іске асыру тиімділігін анықтау

ІІ. Мәтінді барлық топтарға тарату

Баяғы заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең әдемі болыпты. Іші толған-алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Қарны ашқан бай кедейге:-Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер,-дейді. –Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын,-деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. –Алтынымның жартысын берейін,-дейді ол бұл жолы. –Жоқ, бере алмаймын,-деп бұл жолы да келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс-тас екен, арпа, бидай-ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.

Топқа тапсырма:

1 топ: Мәтінді рөлге бөліп сахналайсыздар

2-топ:Мәтінді ым-ишара яғни мимика арқылы көрсетесіздер

3-топ: Инструменттер арқылы оқиғаны көрсетесіздер

Бұл әдіс қай пәнге тиімді?

Сабақтың қай кезеңінде тиімді?

Бағалау

ІІІ тапсырма Балмұздақтың таяқшалары арқылы топқа бөлу

Алдарыңыздағы берілген заттармен топ мүшелеріе өлшейді. Графикаға саласыздар.

1 топ: Пластмасс бутылкалар беру

ІІ топ: Жіп тарату

ІІІ топ: Қасық беру

Бұл қандай өлшемдер деп ойлайсыздар?

Стандартты емес өлшемдерді сіздер пиктограммаға салдыңыздар, графикаға түсірдіңіздер

Пиктограммаға саламыз

Бұл әдістер қандай пәндерде тиімді. Дәстүрлі білім беруде осындай әдістер қолданылды ма?

«Фишпул» әдісі

Ұстаздарды екі шеңберге бөлу

Ішкі шеңберде 6 адам болу керек және екі орын бос тұрады. Сыртқы шеңбердегілер пікірталасқа қатыспайды. Тек бос екі орынға сыртқы шеңберден екі ұстаз отырады. Сыртқы шеңбердегі ұстаздар пікірталасқа баға береді.

Талданатын проблема: Жаңартылған білім беру мазмұнынындағы бағалау жүйесі дұрыс құрылған ба, әлде дәстүрлі бағалауымыз дұрыс па?

Сіздер қандай әдісті қолдандыңыздар?

Бұл әдісті қай кезде қолдануға болады?

Сабақты талдау кесетесі

Кестені толтыру

Сабақтың негізгі идеясы

Сабақтағы жаңалық

Сабақтағы ұнаған тәсіл

Сабақтағы басты қиындық


Рефлексия



«Атомдар, молекулалар»














Дескриптор жазу


































Шапан, тақия, сандық, нан, 2 ағаштың суреті, көк лента



Инструменттер:бутылка, қорап, қалам, түрлі түсті қағаз



Балмұздақтың таяқшалары,

Бутылка, жіп, қасық













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
651
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі