Материалдар / Жаңартылған білім беру мазмұнындағы қазақ тілі пәнінің ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы қазақ тілі пәнінің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы қазақ тілі пәнінің ерекшеліктері туралы.Жас мамандарға көмек ретіндегі тәжірибемен бөлісу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2019
793
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы қазақ тілі пәнінің ерекшеліктері

Байгатанова Ботагоз КиикбаевнаҚарағанды қаласы №15жалпы білім беретін орта мектебіқазақ тілі мен әдебиет пән мұғаліміі

Елбасымыз Н: Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол - 2050 : Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атта жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Республика болашағына бағыт беретін бұл жолдауда XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз -белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар деген. Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыратыны белгілі.Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында педагогикалық ғылыми теориялық әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор. Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер ойлауға қабілетті әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру.Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсібі білікті болуы тиіс.Оқыту мен оқу жеке – дара екі іс – шара емес, бір үдерістің өзара тығыз байланысты екі элементі екені баршамызға белгілі. Мұғалім өзіміз оқушылардың қалай оқитынын неғұрлым жақсы түсініп, өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартқан сайын, олардың балаларды тиімді оқуға жетелеу қабілеті соғырлым арта түседі. Өзімнің күнделікті сабақтарымда қолданатын әдіс - тәсілдерім: жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) болатын. Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен көрініс табады. «Қазақ тілі» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының ойын әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз етеді, яғни оның өз іс - әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты - жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс. Мысалы: «Қандай доп?» тақырыбын өткен кезде осы тақырыпты жақсы деңгейде меңгеру үшін оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударамын. Осы диалог арқылы оқушылар қандай?деген сұрақ үлгісімен танысады: -Бұл қандай доп? –Қызыл доп. Оқушылар диалогті тыңдап,қайталау жұмыстарын жүргіздім.Содан кейін оқушылар қызыл сөзінің орнына ақ, қара, сары, жасыл, көк, қоңыр сөздерін қолдануға жаттығады.Осыдан кейін сыныптағы оқушыларды екі топқа бөлемін.Әр топтағы оқушылар өздері бір – бір заттан бөліп алады (кітап, дәптер, қалам, қарындаш, доп, текше). Оқушылар өз оқу құралдарын пайдалана алады, ал доп пен текшені өзім алдын ала дайындап қоямын. Екі топқа дайындалуға 3-4 минут уақыт беремін (олар заттарды бөліп алуы және оның түсі қандай екенін айтып жаттығуы, бір – біріне көмектесуі қажет). Содан кейін екі топ жарысады. Топтың әр мүшесіөзінің қолында қандай және қандай түстізат бар екенін айтады. Мысалы: Менде көк қалам бар. Барлығы жақсы айтқан топ жеңіске жетеді. Сабақ соңында кері байланыс кезінде сабақ барысында тапсырмаларды орындауда дұрыс орындамай қателескенін айтып дәлелдеп берді. Бұл әдістер оқушыларды дәлелдеумен қатар өзін - өзі бағалауға және шынайылыққа үйретеді. Осы сабақта "Менің сөзім" әдісін пайдаландым. Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушыны сабақты қорытындылатуға осы ретпен қатыстырдым. Бұл әдістегі мақсатым оқушылардың алған білімдерін бағалау. Әр сабағымды жоспарлап, одан кейін іс-әрекет арқылы қадағалап, кері рефлексия жүргізіп отырамын. Өйткені жіберілген кемшіліктерді келесі жұмыстарымда болдырмау бағытында кері байланыстың әсері мол. Өз ісімізге қажетті қасиеттерді дамытуды қамтамасыз ететін жоғары құзырлық өзін - өзі басқару, көшбасшылық оқушы бойында болатындай әдіс - тәсілдерді де саралап аламын. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда бағалаудың бағдаршам көздері, смайлик, бес бармақ, екі жұлдыз, бір тілек, табиғат құбылыстарымен бағалау, мадақтау, жетон, «джокер» әдісі арқылы бағалау, жеке, топ басшысы бағалау, сонымен бірге сабақты «от шашу» арқылы бағалау сынды түрлерін қолданамын. Сабақтарда көптеген әдістерді пайдалана отырып және оқушылардың ынтасын арттыру үшін бағалаудың бірнеше түрін қолдана отырып жиынтық бағалауынан жақсы нәтиже көрсетуіне жағдай жасадым. Оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Білім – өскелең ұрпақтың тағдыры. Н.Ә.Назабаев «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - дегендей, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз атанып, үлкен нәтижеге жете берейік!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!