Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
жаңартылған білім бойынша
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алматы қаласы
№ 180 Жалпы білім беретін мектеп
Баяндама
Тақырыбы: “ Жаңартылған бағдарлама-білім берудің мазмұны ”
Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Шынжарбаева Галия Талгатовна
2017-2018 оқу жылы
Аңдатпа
«Білім мазмұнын жаңарту аясында коммуникативтік технологияны пайдаланып қазақ тілін меңгерту» мақаласында қазақ тілінің қазіргі кездегі маңыздылығы, оқушылардың қазақ тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыруда пайдаланылатын коммуникативті технологиялар, өзімнің тәжірибемде қолданып жүрген әдіс-тәсілдер мен ойындар туралы айтылған.
“Білім мазмұнын жаңарту аясында коммуникативтік технологияны пайдаланып қазақ тілін меңгерту”
Білім беру берген білімнің санында емес,
сенің білгеніңді толық түсініп,
оны құлшыныспен қолдана білу
Георг Гегль
Білім - қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. XXI ғасыр деңгейінде білім беру және кәсіптік даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауында “ Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әр оқушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажеттігін, оқу жоспарына жаратылыстану бейіндеулі сыныптарды құруды қарастырған жөн” екендігі атап көрсетілген болатын. Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. “Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды” дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті - баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғарғы интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық қасиеттерін арттыру. Жаңа білімді іздену арқылы алу тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет- баланың және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын ағылшын тілін оқытуда қалыптастыру және қолдану болып табылады.
Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың қазақ тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділін арттыру әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың қазақ тілін білуі- уақыт талабы. Қазақ тілі қазіргі кезде заман талабына сай мектебімізде 5- сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Қазақ тілін 5- сыныптан бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, қазақ тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу- білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру болып табылады. Сондай -ақ білім беру мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты. БМЖ байланысты оқушыларға ғана емес, сонымен қатар мұғалімге қойылатын талап зор. Білім беру барысында дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы бар және бүгінгі таңда мұғалімнің өзіне қояр талабы жоғары болатыны анық байқалады. Шәкірттерім сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастырып, ойлау, шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамытып, білім сапасын көтеруде. Себебі, алдыңғы білім беру мен жаңашаланған білім берудің айырмашылығы бар. Сабақтың жоспарын жай ғана құра салып өткізу емес, сондағы басты мақсатқа жету және оқушының білімінің жоғарылаған динамикасы айқын көрінеді. Осы білім беру процесінде технологиялардың ішінде ілгері ықпал жасап отырған: Е.И.Пассовтың коммуникативтік технологиясы.
Коммуникативті технология деп оқуға қатыстылардың барлығын және мүмкін болған құрал- жабдықтармен ақпараттардың барлығын қарастыра отырып өзара белсенді тілдік қатынасқа ену негізінде оқу үдерісін құруды айтады. Оның жетекші әдісі тілдік өзара қарым-қатынас. Қолданылатын жұмыс түрлері: ынтымақтастықта оқу (оқытушы мен оқушылар), жұптық оқыту (оқушылардың бірін-бірі оқытуы), топтық құрамда жұмыс істеу (топтардың құрамы өзгеріп отыруы шарт), оқу тілдік диалог (өзара пікір алысу). Коммуникативтік технологияда тілдік қарым-қатынас алдыңғы орынға шығарылады да басқа жұмыстар осы бағдарға бағытталады. Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық - грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Оқушының тиісті лексикалық қоры, сондай -ақ грамматикалық білімі болуымен бірге, оны сойлеу әрекетінде қолдана білу керек. Сөйлеу әрекеттері негізінен, белгілі бір мақсаттағы жағдаяттар, жүйелі модульдер, ауызекі жауаптасу, сұрақ-жауап арқылы жүзеге асады. Коммуникативтік әдістердің негізгі принциптері мыналардан тұрады:
Тілдік бағыттар
Функционалдық
Оқиғалық
Жаңашылдық
Қарым-қатынастық дербестік бағыттар
Коммуникативтік- оқыту процесінің тілдік бағытын білдіреді. Ол коммуникативтің әдістемеде “сөйлеу” - тіл дамыту жұмыстарының бір түрі ретінде және қарым -қатынас құралы ретінде үйретудің басты принциптері болып табылады. Ол сабаққа іскерлік бағыт-бағдар береді. Сабақтың практикалық жағына бағытталады. Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде бір қалыпты және тез мөлшерде жинақталады. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тіл - ойлау қабілетін дамытатын жағдайлар:
Мәтінмен жұмыс
Мәселемен жұмыс
Ойын ойнату жұмысы
Ойлау - сөйлеуді керек ететін кез келген жағдайда үш компонент байланысады: шешілетін мәселе, бар білімдері, зерттеу әрекеттері. Е.И.Пассовтың коммуникативтік технологиясы тілді үйрету барысында барлық түрде қалыптасады. Тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол іске асыуын қамтамасыз етеді. Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аласың. Қазақ тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында үнемі қолданамын. Білім алу барысында балалар өздерін көрсете алады, өзара қарым-қатынасқа түседі, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдылары жақсарып, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Сабақта түрлі әрекет болу керектігін аңғардым. Бірақ қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде?Қай кезде жақсы нәтиже береді? Бұл сұрақтар мені үнемі толғандыратын. Себебі мен бұл сұрақтарға бірден жауап бере алмадым. Әріптестеріммен кеңестім, көптеген әдебиеттерді оқыдым, командалық сабақтар әзірлеп, баспа құралдарын оқып, сабақ жоспарларын зерттеп, талдадым. Осы технология арқылы тақырыптарды жеңіл, оңай меңгеруге болатынын түсіндім.
Сонымен мынандай қорытындыға келдім.
Сабақта жиі қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімнің үлгілері. Лексиканы меңгеру үшін түрлі әдіс- тәсілдер пайдаланылады. Нақты мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн. Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз - сөздің мағынасын контекс арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру. Контекстерде грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары жаңа сөзге аударылады.
Оқушыларды міндетті түрде сұрақ қоюға, сұраққа жауап беруге үйрету керек, бірақ ол жаттанды түрде болмауы тиіс. Фонетикалық материалды меңгерту үшін фонетикалық дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру үшін жаңылтпаштар, тақпақтар, өлеңдер жаттатамын.
Орфографиялық сауаттылыққа арналған тапсырмалар.
Мақсаты: сауатты жаза білуге дағдыландыру.Әр оқушы өзіне берілген рөлге байланысты өзінің тиісті орынын табуға тырысады;күлімсіреген күйде бір-бірімен пікір алысу;
шеңберге тұрып, бір біріне жылжи отырып пікірлесу;
қатысушылар бір біріне жақындасып сөйлеседі;
оқушылар бір біріне жағымды, жақсы сөздер айтып сөйлеседі;
оқушылар өзге сыныптастары арқылы олар туралы қандай пікірде екенін болжайды;
оқушылар өзінің қасындағы оқушының оқылымын мұқият тыңдайды;
Дайын рөлдер берілсе де болады, мысалы: оптимист, пессимист.
Пікір алысу немесе сұхбат алу: оқушылар белгілі бір тақырыпқа байланысты сұрақтар дайындайды және неғұрлым көп оқушылардан жауап алуға тырысады. Сұрақтарын кесте түрінде жасап, жауаптарын белгілеп отырса тиімді болады.
Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзіреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретіндегі игеруіне бағдарланған. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосып, тек Қазақстан ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті шәкірт дайындау бүгінгі ұстаздардың қолында.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http://adilet.zan.kz/rus
-
Ж.Жонтаева «Оқубағдарламаларыныңмазмұнынжаңарту»\\ Білімді ел\\ 16, тамыз, 2016ж. №15.52.
-
Б.А. Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесіқызметкерлерініңбіліктілігінарттырудаақпараттықкоммуникациялықтехнологиялардыңқолданылуы»
-
А.Жапбаров Оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. (5 – 10 -сыныптар). 4-кітап.