Материалдар / Жаңартылған білім мазмұны – білім жүйесіндегі жаңашыл бастама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңартылған білім мазмұны – білім жүйесіндегі жаңашыл бастама

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны – білім жүйесіндегі жаңашыл бастама атты мақала. Мұғалімдерге пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2018
302
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім мазмұны – білім жүйесіндегі жаңашыл бастамаҚостанай облысы, Жангелдин ауданы Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі ММмұғалімі Абдрахманова С.Ж.

Елбасымыздың «Болашақ- білімді ұрпақ қолында» деген сөзін қолдамайтын азамат жоқ шығар. Иә, білімді болмай, жастардың келешегі жарық болмас. Бұрынғы даналарымыздың «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп» деп айтқан нақыл сөздері дұрыс деп есептеймін. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу. Осыған орай қазіргі кезде еліміздің барлық   жерлерінде жаңартылған білім беру мазмұнында педагогтардың білім алуына көптеген жұмыстар жүргізілуде.Мұғалімдер де жаңа бағдарлама бойынша курстарды оқып, білімдерін жетілдіруде. Қазіргі уақытта 1.2.3,5.6.7.8 сынып оқушылары   жаңартылған білім бойынша оқытылып жатыр. Бұл бағдарламада оқушыларға өз бетінше жұмыс істеп , ізденуға тапсырмалар берледі. Мұғалім тек бағыт бағдар беріп, бағыттаушы болып отырады. Бұл дегеніміз баланың өз бетінше ізденуге, жұмыс істеуге, топпен, жұптасып, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу. Баланың қаншалықты білім алғанын әр бөлім соңында бөлім бойынша жиынтық бағалауда белгілі болады. Ата –аналарға жиынтық бғалаудың рубрикасын беріп, таныстырып отырамыз. БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын орындауында қай жерде қателіктер жібергендігін рубрикаға белгілеп отырамыз. Мұғалімдер сол тапсырмалар бойынша келесі сабақта түсінік беріп отырады. Күнделікті сабақта оқушылар өз ойларын толық жеткізулерін мұғалімдер тексеріп, қарағалап, бақылап отырады. Сонымен қатар топтық жұмыста бірлесіп, топтасып жұмыс істеуде оқушылар бір-бірін тыңдап, ойын бөлісіп, өз пікірлерін айтуға тәрбиелейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – білім алушы оқушылардың оқу, білім алу нәтижелерін жетілдіру, арттыру. Бұл бағдарламадағы ең маңыздысы үштілділікті қолға алу, ақпараттық -комуникациялық технологияларды қолдана алуына аса көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, электронды журналды толтырып, жұмыс істейміз. Тағы да айта кететіні оқушылардың қалыптастырушы бағалау арқылы бағалануы. Оларды мақтау, мадақтау сөздер арқылы бағалау. Мысалы: «Өте жақсы!» «Керемет!», «Жарайсың!», «Тамаша!», «Жақсы». Білімді ұрпақ тәрбиелеп жетілдіру үшін алдымен мұғалімнің өзі білімді, ізденімпаз, болуы тиіс. Білімді ұрпақ тәрбиелеп, біліммен сусындатсам ұстаздық еңбегімнің жанғаны деп санаймын. Бұл менің ең бақытты өмір жолымның бір белесі.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!