Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Жаңартылған білім мазмұны-биік мақсаттарға жету жолы
Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
04 Ақпан 2019
300
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жаңартылған білім мазмұны – биік мақсаттарға жету жолыМемлекет болашағының кепілі – жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»,-деген.Дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да,әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі.Осыған орай,білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп,олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі – жалпы педагогикалық, ғылыми – теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай бағдарлама.Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу.Оқушылар мектепте оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып,алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп,болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады.Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып,тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа,тез өзгермелі,білімді де білікті,тың серпіліске,өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті.Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым – қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр.Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл,икемді,өзгерісті тез қабылдай алатын, жан – жақты, жаңа педагогикалық инновациялық техноголияларды меңгерген болуы керек.Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері,соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.2018жылы ОҚО,Мақтарал ауданы,Жетісай қаласында математика пәні мұғалімдеріне арналған курсты тәмамдай келе, мен төмендегі тың ақпараттарды меңгере білдім: Дамыған елдердің білім беру жүйесінде мынадай тенденциялар байқалып отыр: білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы;білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі,білім беру жүйесінде жетілдірілген модельдердің жасалуы; білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы; жаңа білім технологияларының енгізілуі;оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы,сындарлы білім білім беру моделіне көшу; терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы; ұрпаққа азаматтық – патриоттық,рухани–адамгершілік,көп мәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі, білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы. Әлемдік білім беру жүйесіне негізделген осындай басым бағыттар ұрпақты озық, саналы, дара тұлға деңгейінде қалыптастырады.Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенділігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда,біліктілікке ұмтылуда,яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу шешуші рөл атқарады,оң нәтиже береді. 1.Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрлымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстым;2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдер;3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесі;4.Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдылар;Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсерлерім өте көп. Ондағы жүргізілген әдіс-тәсілдер педегогтарды оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға,сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған. Жаңартылған білім беру бағдарламасы-озық технологиялардың барлық қыр- сырларын білуге жетелейді. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау-оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі.Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау,бірін- бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені,дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін және оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келген болатын.Сол кезде оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей келді, күмәнмен қарады.Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік беретін бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс болмады. «Бағалау» терминінің өзі «жақын отыру» дегенді білдіреді.Ал, бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа бағалауда мұғалім түрлі-әдіс тәсілдер қолдана алады. Біріншіден оқушының қызығушылығы артады,екіншіден мұғалім жұмысы да жеңілдейді.Қалыптастырушы бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.Қалыптастырушы бағалау күнделікті сабақта үлкен рөл атқарады,себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қорытынды жасауға және нәтижені жақсартуға,керекті шешім қабылдауға ықпал етеді. Қалыптастырушы бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау,мадақтау,жылы шырай таныту,қолдау көрсету, ынталандыру қалыптастырушы бағалаудың түрлері болып саналады. Қалыптастырушы бағалау оқыту кезеңінде күнделікті қолданылады.Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып,әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.
Бұл мақалам «Педагогикалық шеберлік» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының №1 маусым 2018ж санында жарияланған
Фазилова Зада БахытжановнаМ.Горький атындағы №1 мектеп-гимназиясы, математика пәні мұғаліміТүркістан облысы. Жетісай ауданы, Жетісай қаласы
Бұл мақалам «Педагогикалық шеберлік» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының №1 маусым 2018ж санында жарияланған
Фазилова Зада БахытжановнаМ.Горький атындағы №1 мектеп-гимназиясы, математика пәні мұғаліміТүркістан облысы. Жетісай ауданы, Жетісай қаласы
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)