Материалдар / Жаңартылған білім мазмұны бойынша қолданылатын әдіс -тәсілдер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңартылған білім мазмұны бойынша қолданылатын әдіс -тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға және басқа да әріптестерге көмегі тиеді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
702
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  оқу бөлмесіБастауыш сынып мұғалімі Едигеева Ф.А..1.11.2018 ж
Тақырыбы:Жаңартылған білім мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында әдістерді тиімді пайдалану
Сілтеме:Нұсқаулық
МақсатыСабақ үрдісіндегі  жаңа әдіс- тәсілдердің  оқытудағы маңызын ажыратуқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасу. Оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер туралы  жаднама тарату.
Оқу нәтижесі:Оқу үрдісінде әңгімелесудің маңыздылығын түсінеді;Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады;Жаңа-әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді;Оқушыларға  қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелдеулерін нанымды жеткізе білетін ,ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған құзіретті оқушы даярлайтынын  сезінеді:
Түйінді идеялары:Әңгімелесу- мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне тартуға көмектеседі.
Барысы:    1.Қызығушылықты ояту «Заряд алу» (сергіту сәті )А.Ж.Егізбаев бойынша Оқушыны ұқыптылыққа, мұқияттылыққа, сезімталдыққа үйрету. Ресурс қажет етпейді. Оқушылар ынтымақтасады. Көңілдерін көтереді. ЖАДА, жағымды ахуал қалыптастыруШаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.

    2. «Мина алаңы» әдісі. Оқушылардың көзін орамалмен байлап, мина алаңынан өткіземін. Минаны басқан қатысушы сол сұраққа жауап береді.Сұрақтар:Қандай әдістерді білесіз?Тараз қаласының бұрынғы атаулары қандай?3. « Кофе таяқшалары » әдісі арқылы сыныппен қозғалыс үрдісін талқылау.(таяқшаларға оқушылардың аттары жазылады, ішінен таңдап алынған таяқшада аты жазылған оқушы сұраққа жауап береді. Не, қалай, не үшін, неге, кімде, неліктен?     4.Рефлексия                    
Жұмыс мазмұныКоуч мұғалімнің іс- әрекетіМұғалімдердің іс-әрекетіРесурстар
Тренинг3 мин    1.Қызығушылықты ояту «Заряд алу» (сергіту сәті )А.Ж.Егізбаев бойынша Оқушыны ұқыптылыққа, мұқияттылыққа, сезімталдыққа үйрету. Ресурс қажет етпейді. Оқушылар ынтымақтасады. Көңілдерін көтереді. ЖАДА, жағымды ахуал қалыптастыруШаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.Коучинг сессия мақсатымен таныстырады.«Мозайка» арқылы топқа бөлінедіМозайка қағаздары
Ой қозғау стратегиясы    2. «Мина алаңы» әдісі.  Оқушылардың көзін орамалмен байлап, мина алаңынан өткіземін. Минаны басқан қатысушы сол сұраққа жауап береді.Сұрақтар:Қандай әдістерді білесіз?Тараз қаласының бұрынғы атаулары қандай?

Мұғалімдер сұрақтарға жауап береді.Олар топтастыру  арқылы әдістер туралы жазадыОрамал,сұрақтар жазылған қағаздарБелсенді оқыту стратегиялары тақырыптыры жазылған парақшалар
ДәйексөзМишель Монтен Мұғалім оқушының құлағына воронкаға су құйғандай айқайлайды,ал оқушының жауапкершілігі тек қана айтқанды қайталау. Мен мұғалімнің осы қателегін жөндегенін қалар едім»  
ПрезентацияЖаднама қағаздарын таратады.Осы белсенді оқыту стратегияларын пайдалану арқылы «Жаңашыл сабақ»  үлгісін  презентациялайдыРесурс қағаздарыПостер қорғау
 

 
  
Сергіту сәті Бір адам күнде жұмысқа барар кезде 9- қабаттан төменге лифтімен түседі екен де, жұмыстан қайтарда 5- қабатқа дейін лифтімен барады да, ары қарай жаяу көтеріледі екен,неге? Себебі ол лилипут екен.   
 Рефлексия «Бөлмедегі заттар», «Шабадан,еттартқыш,қоқыс жәшігі»  
      


































«Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы» Жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам: Мәтінді әр оқушыға жеке оқу.2-қадам: Оқу үрдісінде қаңқаның басына мәтін қарастырылатын проблема белгіленеді.3-қадам: Жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.4-қадам: Балықтың «құйрығына» қорытынды жазылады.5-қадам: Жұпта, топта жұмысты талқылау. 6-қадам: Топ жұмысын аудиторияда презентациялау.















Себептері Себептері







«Төрт сөйлем» Бұл тәсіл арқылы оқушылар тақырып туралы пікірлерін білдіреді:Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен айтыңдар немесе жазыңдар.Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.Қорытынды. Аңыз мазмұны бойынша қорытынды шығарыңд

Рефлексия«Бөлмедегі заттар»Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді. Мысалы: «Мен столмын. Бүгін маған тыныштық болмады. Алдымен, топқа бөліну үшін құлағымнан ұстап алып жан-жаққа сүйреледі. Содан соң үстіме қағаздар жайып тастап, постер сызды. Мен бүгін «Сын есімнің түрленуі оның шырай формасына енуі екенін. Шырайдың екі түрі болатынын айтып бере аламын.» т.с.с. жалғасып кете береді.





«ВЕЕР»Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.







Тапсырма: «Веер» қағазына 3 сұрақ жазып, келесі топқа беріңіз.







«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан тік сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағынаБөліктің сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.Сол әсер еткен үзінділер жайында пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылған дұрыс.Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға, ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, кұдіретін, сипаты мен табиғатын ашып түсінуге бағыттайды. Сондай-ак, әдістің тиімділігі - мұнда сабақтан тыс калатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады. Мына пікір бойынша өз ойларын білдіру. Мишель Монтен :« Мұғалім оқушының құлағына воронкаға су құйғандай айқайлайды,ал оқушының жауапкершілігі тек қана айтқанды қайталау. Мен мұғалімнің осы қателегін жөндегенін қалар едім»

«ПОПС формуласы»

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....» Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

«Ойлан, бірік, бөліс!»Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс). Бірде бір шәкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кенет жол шетінде жатқан тозығы жеткен бір аяқ киімге көздері түседі. Шәкірт ұстазына:- Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді. Сосын бір жерге жасырынып қалай абдырап сасқанын қызықтайық, - дейді. Сонда ақылды ұстазы: - Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық сыйлағың келе ме? Онда оны мазаққа айналдырмай керісінше..........

«Стоп кадр»Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте – стоп-кадрдың сыныпқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын сыныпқа, суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді.

Тазалық кері байланысы



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!