Материалдар / ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША САБАҚ ҮЛГІЛЕРІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША САБАҚ ҮЛГІЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жалпы орта білім беру мектебінің ұстаздарына үлгілік жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Мамыр 2021
463
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША САБАҚ ҮЛГІЛЕРІ

Бибігүл Мадатқызы Шажанканова

«Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебі» ММ, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Білім жайлы бағдарлама жаңадан

Өзгертіліп енгізілді қайтадан

Алға қарай самғау керек қашанда

Заман соны талап етер байқасам -

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру — оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар — соның дәлелі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында (17 қаңтар, 2014 жыл) белгіленген «орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген болатын. Жолдауға орай Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 2015 жылғы 30 наурызда бекітілген басты құжаттармен жұмыс жасауды қолға алуда.

Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?

Елімізде білім беру саясаты мен тәжірибеге ықпал ететін келесі маңызды салаларда айтарлықтай өзгерістер орын алды:

-экономика; -адамдардың өзін өзі басқаруы; -қарым-қатынас көлемі және жылдамдығы; -еңбек нарығының құрылымы; -шекарамыздың ашықтығы; -еліміздің азаматтарына ашылған мүмкіндіктер кеңістігі; -оқыту мен үйретудің анағұрлым нәтижелі тәсілдерінің анықталуы.

Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсам, ол:

-әлем стандартына сай білім беру;

-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;

-табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру;

-әлем азаматын тәрбиелеу;

-тәжірибелік дағдыларды дамыту;

-функционалдық сауаттылықты арттыру;

-мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы мақсаты мен міндеттерін айқындады. Айта кететін болсам, бағдарламаның мақсаты:

-гуманитарлық пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

 

Бағдарламаның міндеттері:

  • Барлық пәндер бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

  • Барлық пәндер бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

  • Барлық пәндер бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

  • мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында барлық пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Білім берудің тиісті деңгейлері Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты деген не?

- бастауыш білім берудің жалпы білім беретін бағдараламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісін ұйымдастыруға арналған негізгі құжат болып табылады, себебі:

- оқушылардың дайындық деңгейіне, бастауыш білім беру мазмұнына, оқушылардың ең жоғары жүктемесіне қойылатын талаптарды айқындайды, мөлшерлейді:

- мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетін, оқушылар, ата-аналар, қоғамдық өкілдері, барлық білім беру деңгейінің басқарушыларының  іс-әркетін, білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің даму үдерісін реттейді.

Қазіргі жаһандану заманында  ХХΙ ғасырдың азаматтарының бойында қандай білік, дағды қалыптасу керек?  сұрағы негізгі мәселеге айналып отыр. Бұл кезекте жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасының ерекшеліктерін жете түсініп, меңгерген барлық сынып мұғалімі болашаққа бағдарланған оқушыны қалыптастырады деп ойлаймын.

Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының сперальды берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:

  • оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;

  • әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;

  • жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.

(Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы 14- бет).

Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.

Кесте №1

Блум таксономиясы арқылы сұрақ қоя білу шарттары

Кесте №2

Бұл жақсы ма және неліктен?

Бұл қисынды ма және неліктен?

Жорамалдау, бағалау, таңдау, анықтау, санау, өлшеу, айыптау

 

Үшінші ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. Бастауыш сыныптарда сегіз ортақ тақырып бар. Олар барлық пәндерде де беріліп отырады. Тақырыптар бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтастықта өтеді.

Кесте № 3

Демалыс мәдениеті.

Мерекелер

Болашаққа саяхатТөртінші ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.

Кесте №4

·         Оқу бағдарламасы

·         Пәннің мазмұны

Орта мерзімді жоспарлау

·         Жұмыс сызбасы

·         Тізбектелген сабақтар

Қысқа мерзімді жоспарлау

·         Жеке, дербес сабақ

Бесінші ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек.

Оқушылардың бойында қалыптастыруды қажет ететін рухани құндылықтар мен дағдылар:

Кесте №5

Алтыншы ерекшелігі білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою болып табылады.Білім беру салалары мен пәндеріне тоқталатын болсақ, ол 6 саладан тұрады. Олар бір бірімен сабақтасып байланыста болады. 

Бастаушы сыныпта оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту негізгі мәселенің бірі. Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған баланың бойында пәнді терең түсіну дағдысы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясына байланысты оқушының бойында қалыптасатын дағдылары:

  • Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;

  • Ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу;

  • Проблеманы шеше білу;

  • Пікірталасты жүргізе білуге қабілетті.

Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған бала өмірден өз орнын таба біледі.

Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:

  • Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы;

  • Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қорғай білу;

  • Қажет болса өз көзқарасын өзгерту;

  • Топтық тұжырымдарға келе білу;

  • Топ алдында өз тұжырымын айта білу.

 Білім алушының әлеуметтік үдерісіне пайдалана алатын негізгі құзыреттіліктер:

Басқарушылық

(проблеманы шешу қабілеті)

Сегізінші ерекшелігі оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы). Белсенді оқу — оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс (Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді (Peters, 1998). Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға» («Go») деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.

Жаңартылған білім мазмұны мен дәтүрлі білімді салыстыратын болсақ, ерекшеліктерді терең байқауға болады.

Кесте №6

Жаңартылған білім үлгісі

Оқыту мақсаты

Оқыту бағдарламасында белгіленген білім көлемін меңгертуге бағытталған оқыту нәтижесі

Оқушының оқу қызметін оның танымдық қызметі негізінде ұйымдастыру, білім алуға үйрету

Мұғалімнің рөлі

Басқарушы, жетекші, оқыту үдерісінің субъектісі, білім көзі

Оқыту үдерісін, оқушының танымдық қызметін ұйымдастырушы, кеңесші, менеджер

Оқушының рөлі

Дайын білімді селсоқ қабылдаушы, оқыту үдерісінің объектісі

Белсенді, білім іздеуші, оқыту үдеріснің субъектісі

Білімді ұсыну формалары

Дайын күйінде, үлгі бойынша,

Сөздік әдістер мен мәтіндік формалар арқылы

Аудио, визуалдық, графикалық көрнекіліктер мен интерактивті әдістер арқылы

Білімді қолдану

Білімді бақылауға дайындық мақсатында титік тапсырмалар мен жаттығуларды қолдану

Алынған білімді нақты жағдайда қолдану

Оқушы қызметінің формасы

Фронтальды және жеке

Оқушының өз бетінше жұмысы, топтық, жұптық, ұжымдық формалары

Оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері

Сөздік әдістер

Мұғалім мен оқушының, оқушылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуіне негізделген интерактивті тәсілдер

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», — деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы МАН /Екінші Басылым/ 2015ж.

  2. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы Мұғалімдердің Біліктілігін Арттыру Бағдарламасы /Екінші Басылым/ 2015 ж.

  3. Мұғалімге Арналған Нұсқаулық Бірінші (Ілгері) Деңгей /Екінші Басылым/ 2014 ж.

  4. Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин Атындағы Ұлттық Білім Беру Академиясы «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» Дербес Білім Беру Ұйымы Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне  арналған критериалды бағалау  басшылығы Астана 2016

  5. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 31 қаңтар  2017ж.

  6. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!