Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
«Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектеп жұмысын жетілдіру»
Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
04 Ақпан 2019
769
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Баяндамамды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп отыр. Біз қазір «білім – ғылым - инновация» атты үштік үстемдік құратын пост индустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты. Біз осы оқу барысында жаңа мазмұнда оқыту бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат - міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік. Тек танысып қоймай, тәжірибе барысында іске асты, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар әзірледік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен - Оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен танысып, жұмыс жасау. Мұндағы жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі - оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани - адамгершілік құндылықтарын дамыту. Қоғамда туындап отырған жаңа экономикалық қатынастарға орай білім беруді реформалау мәселесі туындайды. Реформалауың басты мәселесі білім мазмұны толық жаңғырту жетілдіруді талап етеді. Ол білім беру стандарттарын, базалық оқу жоспарларын жасау және тәжірибеге енгізу арқылы жүзеге аспақ. Стандарттар барлық тұрпаттағы оқу құралдарының қай түріне жататынына қарамастан, кадр даярлаудың жоғары біліктілік сапаларын үйлесімді атқаруы тиіс. Бұл күнде өмір өлшеусіз өзгереді. Солардың бірі:- Өз мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу.- Оқушылардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру. Әдебиеті, тарихымен, өнерін қастерлеп, салт дәстүрін меңгерту.- Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамытуҚоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашанда жолға қоярымыз анық. - Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.Егемен еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен ену саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі болып саналады. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол,шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен. Ал XXI ғ. нағыз ұстазы қандай болмақ, казіргі заманда егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс- тәсілдер қолдануда. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөзСапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті болып саналады.Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін : тыңдалым,айтылым,оқылым,жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген.Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім,білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады.Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, сыни тұрғыдан ойланушы, ал,мұғалім осы әрекетке бағыттаушы,ұйымдастырушы бағдаршам тәріздес.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушының еркін сөйлеуіне,пікір таластыруына,достарының ойын тыңдауға,проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шеше білуге бағытталған.Жаңартылған білім мазмұнының талабына сай, қарапайымнан күрделіге біртіндеп өту көзделеді. Осыдан келіп,сыни тұрғыдан ойлаудың ең тиімдісі болып табылатын «Блум. Таксономиясы» стратегиясы.Блум Таксономиясы- білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау,бағалауЕң төменгі деңгейі БІЛУ деңгейі,яғни мектепке дейінгі алған білімі немесе белгілі бір тақырып төңірегіндегі білімі.Келесі ТҮСІНУ деңгейінде оқушы жаңа білім алады.Жаңа білімді мұғалімнен және мұғалімнің нұсқауымен өз бетінше алады.Мысалы: бала тілі дамып,сөзден сөйлем құрап,мектепке келеді. Сөздің, сөйлеудің мағынасын түсіне бермейді. 1-сыныпта оқушы сөз,сөйлем туралы жаңа білім алады. Сурет бойынша, сызба,тірек сөздер арқылы сөз,сөйлем,одан әрі қысқа мәтіндер құруды,оған тақырып ойлап табуды үйренеді. Жыл соңында сурет бойынша, сызба,тірек сөздер арқылы,сұраққа жауап алу арқылы мазмұндама жазумен аяқталады.Қолдану деңгейіне 1-сынып оқушылары түгел жете бермейді.Оқушы білгенін және түсінген ақпаратын қолдана біле бермейді. Мұғалімнің жұмысы осы жерден көрінбек. Бағдарламада көрсетілген жаңа білімді оқушы санасына сіңіріп, өмірде қолдана білуге бағыттауымыз тиіс. Осы үш деңгейде бала білімі қалыптастырушы бағалау арқылы жүзеге асырылады.Әрі қарай ТАЛДАУ,ЖИНАҚТАУ,БАҒАЛАУ деңгейі мәселені өз бетімен шешу,себептерін анықтау,өзіндік ерекше туынды жасау,қарама-қарсы,немесе өзінше көзқарасын білдіру деңгейлерін болашақтың еншісіне қалдырамыз.Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа — адамгершілік — рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата — ана үлгісі» — деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп,өз — өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаруы тиіс.Заманауи оқу арқылы оқушы бойында жігерлілік, алғырлық, бейімділік секілді қасиеттер орын алады. Сонымен қатар «Қазақстандық патриотизм, құрмет, ынтымақтастық, еңбек, шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу» тәрізді құндылықтарды оқушыға дарыту басты назарда тұрады. Жалпы алғанда оқытудың мақсаты ана тілін қадірлейтін, еркін сөйлеп, сауатты жазатын, намысты, рухани бай тұлға қалыптастыруЕлбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Білім алуда жақсы көрсеткіш көрсететін оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, алайда, кейбір балаларымыз мектептен алған білімдерінің қорытындысын өз мүмкіндіктерінде көрсете алмайды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмей де жатадыҚоғамда азаматтардың тек қана білім алуы жеткіліксіз, ең маңыздысы – сол алған білімдерін күнделікті өмірде тиімді қолдана білуі. Сол себепті қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп отыр.Мектеп — үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімдердің басты борышы. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.Жаңартылған білім-болашақтың кепілі Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Соның нәтижесінде оқушылар, білімге деген құштарлықтарын көрсете біледі. Бұлайдеуімнің себебі, оқушылар осындай әдістердің көмегімен өз ойларын жетік айта алады. Неге десеңіздер бұл әдістердің көмегі арқылы, олар өздерін еркін ұстап, бірін – бірі, өзін - өзі бағалай алады. Соның нәтижесінде оқушылар білімдерін білгендерінше қысылмай айтып, өзгенің пікіріне қосылып, нәтижесінде тақырыпты нақты түсініп, жұмыс жасай алады.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)