Жаңартылған білім мазмұны негізінде
қысқа мерзімді жоспарды
жоспарлау және оның тиімді
жолдары.
Жумиева Сандуғаш
Садуоқасқызы
Ж.Досмұхамедов атындағы
жоғары педагогикалық
колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының
оқытушысы
ХХІ ғасырдың оқушылары алған
білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана
білуіне басты назар аудару болып табылады. Осы дағдыларды
қалыптастыру үшін мұғалімдерде жұмыстарына уақыт бөле білулері
керек, тек бұл ғана емес, оның оқуын барынша даралап, баланың
бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруына
мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары
тиіс. Осындай тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімдер оқушылардың
жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратындай
тиімді сабақ өткізулері керек. Ол үшін ең алдымен мектеп
ұстаздарының шеберліктерін шыңдау жолында иновациялық шығармашылық
жұмыстар жүргізуге дағдыландыру керек екені анық. Сондай дағдыны
оқушының бойынан көру үшін және оқушы жетістігін ары қарай өрістету
үшін, мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан да
білімге жаңаша көзқараспен қарайтын кез келді. Себебі күннен-күнге
жаңалыққа, ақпаратқа толы заманда, өскелең ұрпаққа білім берудің
басқаша әдіс-тәсілдері қажеттілік етті. Дәстүрлі сабақ жүргізу
қазіргі балалардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын төмендетіп
отыр.
Сабақты жоспарлау алдында
алдымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2017-2018
оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
әдістемелік нұсқау хатының мына бір тұсына тоқталған жөн
болар:
«Қысқа мерзімді жоспар құрған
кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына
болады:
–
сабақты ұйымдастыру кезінде
оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды
басшылыққа алу қажет;
–
орта мерзімді жоспарда
ұсынылған барлық іс-әрекеттерді ұйымдастыру
ұсынылады;
–
мұғалімнің қалауы бойынша
іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып
отырады.
Жаңа форматты сабақ балаларды
оқыту процесіне белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын,
өткен материалды талдау және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалау
пікірлерін айту, өзін-өзі бағалау және т. б.
көздейді.
Сабақтың міндетті элементі
ретінде оқушыны қолдауға бағытталған мұғалімнің әрекеттерін
түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы
тиіс.
Қысқа мерзімді жоспарлау
кезінде мұғалім міндетті түрде мыналарды анықтап, әзірлеуі
қажет:
–
тілдік оқу мақсаттары –
терминдермен жұмыс және т.б.;
–
саралау: білім алушыларға
қолдау көрсету қалай жоспарланады? Қабілетті білім алушылардың
алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда? Білім алушылардың
материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге
болады?
–
метапәндік
байланыстар;
–
денсаулығы мен қауіпсіздігін,
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарымен және АКТ-мен
байланысын қамтамасыз ету.
Мұғалім тек білім көзі ретінде
ғана емес, білім алушылардың өздерінің оқу-танымдық әрекеттерінің
белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс» (2017-2018 оқу
жылында ҚР-ның жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін
ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. –
Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 211
б.). Мұнда тілдік мақсаттар, сабақ мақсаттарын саралау, пәнаралық
байланыстар, денсаулық пен қауіпсіздік, құндылықтар, АКТ
құзіреттілігін дамыту сабақ жоспарының міндетті компоненті ретінде
ұсынылады. Бұл мынаны білдіреді: «оқу бағдарламаларының тек пәндік
білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың
қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады»
(Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4
сыныптар) арналған оқу бағдарламасы . – Астана, 2016 , 6
б.).
Қазіргі таңда бала өзінің
біліміне жауапты екенін сезіне білуі керек, ол үшін мұғалім
оқушының білім алуға деген құштарлығын оятуы тиіс. Сондықтан
мұғалімнің әр жоспарланған сабағы оқушыға тиімді өту үшін мұғалімге
көп ізденуді қажет етеді. Мұғалім сабағының өзгеше
өтуі - жаңартылған бағдарлама
бойынша жоспар құруынан басталады. Бағдарламаның өзі ұзақ мерзімді,
орта және қысқа мерзімді жоспарды
қарастырады.
Қысқа мерзімді жоспар- жеке,
дербес сабақ жоспары болып табылады. Мұғалімнің өткізген сабағының
сәтті өтуі осы қысқа мерзімді жоспарының дұрыс құрылғандығына
байланысты. Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлауда оқудың әрбір
кезеңінен бастап, сабақтың соңына дейін оқушылардың қажеттіліктерін
ескеру керек. Сыныпта оқушының оқуына бағытталған оқу ортасын
құруды жоспарламас бұрын мұғалімдер бағдарлама аясында төмендегі
сұрақтар төңірегінде ойлануы тиіс
• Балалар қалай
оқиды?
• Нені оқыту
керек?
• Оқушылар не
қалайды?
• 7 модульді ықпалдастыру не
береді?
Оқу ортасын ұйымдастыра және
олардың оқуында ілгерлеуді қамтамасыз ете білу
қажет.
Қысқа мерзімді жоспар SMART
мақсатты нақты қоя білуден басталады.
Мақсат - нақтылық,
өлшенетіндей, қолжетімді, шынайы, уақытқа негізделген болуы қажет.
Мақсат қойылса бір сабақта сол мақсатқа жететіндей болуға
негізделуі тиіс. Бір мақсаттан, бір нәтиже көретіндей болуы керек.
Қандай мақсат алсақ та қолжетімді болуы шарт, сабақ жоспарында
мақсаттың нәтижесін көру үшін тапсырмаларды да тиімді қолдана білу
қажет. Жоспарды құру кезінде мұғалім төмендегі сұрақтар бойынша
ойлануы керек:
-
Оқушы осы сабақта нені білуі
қажет?
-
Оқушы не
істейді?
-
Яғни, жоспарлаған
тапсырмаларды оқушылар орындаған кезде оқушылардан сіз не
күтесіз.
-
Тыңдалым, оқылым, айтылым,
жазылым дағдылары бойынша қандай тапсырмалар
бересіз?
-
Берілген тапсырмалар олардың
жас ерекшеліктеріне сай ма?
-
Нәтижесінде оқушы не
білді,алған ілгерлеу болды ма?
Қандай тапсырма болса да
оқушыға бағытталуы керек. Әр тапсырма орындалғаннан кейін кері
байланыс орната білуі тиіс.Кері байланыс ұстаз бен оқушының
арасындағы бір-біріне деген сенімге негізделіп, сабақты
талдаудың,бағалаудың келесі сабақты тиімді жоспарлаудың түрі болып
табылады. Ал, сабақ барысында мұғалімнің рөлі қандай болуы
тиіс:
-
Бірінші кезекте сіз бағыт
берушісіз, себебі оқушылар тапсырманы қалай орындау керектігін
түсіндіргенде нұсқау бересіз. Оқушылар тапсырма орындап жатқан
кезде, сіз үнемі оларды бағыттап отыруға
тырысасыз.
-
Екіншіден бақылаушы,
бағалаушысыз . Бақылаушы болғанда оқушының оқуы туралы дерек
жинайсыз, қадағалайсыз, ал бағалаушы рөлінде болғанда
қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау
жүргізесіз.
-
Үшіншіден мұғалім қолдаушы
болуы тиіс, мысалы сіз оқушы тапсырманы орындаған сайын қолдау
көрсетіп отырсаңыз, ол ынталанады.
Сабақтың соңында мұғалім өзіне
рефлексия жүргізгені дұрыс, себебі неге қол жеткізгендігі туралы,
сабақ үстінде сәтсіз болған тұстарын қалай жоюға болатыны туралы
келесі сабаққа ойластырып келеді. Сонымен қатар әрбір ұстаздың
басты мақсаты күнделікті сабақ жоспарын жоспарлауда шәкіртінің
өздігінен білім алуына, үйренуіне, алған білімін өмірде қолдана
алуына бағытталуы тиіс. Осындай жан-жақты ойластырылған жоспарлауда
ғана мұғалім жоғары нәтижелерге қол жеткізе
алады.
ҮЙГЕ
ТАПСЫРМА:
-
2-4 сынып «Әдебиетті оқу» пәні
оқулығын пайдаланып, қысқа мерзімді жоспар
құрыңыз.