Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Қызылорда облысы Шиелі ауданы №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет.
Н.Ә.Назарбаев.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын құзыреттілікке және сапаға бағытталған тың бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критерийлер арқылы бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Білімнің қайнар көзі болып саналатын қазақ мектептерін XXI ғасырда әлемнің озық елдері таңдап алған жаңа бағытқа бұрып, дара тұлғаны дамытуға бағытталған, жүйеге нақты қол жеткізу үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек, ол үшін дәстүрлі педагогикада айтқан мектепке бала емес, өмірге қажеттіліктен оқитын шәкірттердің мол болғанын мақсат ету қажет болып тұр.
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс - тәсілдермен оқытып, ой - өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні - баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді, педагогикалық білімдерді жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың міндеті болуы керек. «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі негізінде өткен сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, жұптық және ұжымдық бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады.
Кез келген ата-ананың көкейінде «бұл бізге не береді?» деген сауалдың болуы заңды. Қолданыстағы дәстүрлі білім мазмұнымен салыстырып көретін болсақ, мәселен, қолданыстағы білім «мектепте нені оқытады?» деген сұрақ аясында болып, баланың теориялық біліміне, яғни, бала біледі және түсінеді дегенге бағытталған. Ал қазіргі жаңартылған білім мазмұны «мектепте не үшін оқу керек?», «оқытуды қалай ұйымдастыру керек?» деген сұрақ аясында болып, білім мазмұны күтілетін нәтижеге және баланың бойындағы түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталады.
Оқу жылы басынан бастап 1 сынып сабақтарына ену барысында, мұғалімдер оқушыларға бағдарламадағы оқу мақсаттарын игертуде нәтижелі жұмыс жасап жатыр. Қыркүйек айында бастауыш сынып бірлестігінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында жаңартылған білім беру бағдарламасы арнайы тақырып ретінде жоспарға еніп, бекітілді. Сонымен қатар 1-сыныпта ата-аналар жиналысы өткізіліп, 1-сыныпқа қабылданған балалар жаңартылған білімнің көшбасшысы екені айтылып, оқытудағы, бағалаудағы өзгерістер туралы таныстырылды. Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі - пәндер бойынша ортақ тақырыптардың болуы жайлы хабардар болды. Жаңадан енгізілген пәндер қатарында, ағылшын тілі, жаратылыстану және ақпараттық технология сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар. Жаратылыстану пәнінде (химия, физика және биология пәндері) дүниетану пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдары қалыптастырылады. Жекеленген пәндерде үш тілділік мақсатын жүзеге асыруда тақырыпқа қажетті тірек сөздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сабақта қолданылуы жүзеге асады. Әр пән бойынша жиынтық бағалау кестесі жасалып, бекітілді. Бұл бағдарлама бойынша жетістіктермен қатар, жекелеген пәндер бойынша қиындықтар да кездесті. Атап айтсақ, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінен кезекші сөздерін қолдануда қалыптастырушы ортаның жоқтығынан оқушыларда тілге төселу баяулық танытуда. Әйтсе де пән мұғалімдерінің шеберлігімен оқушыларға жеке жұмыстар жүргізіліп, оқушыларды алға жылжыту үшін саралау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, материалды-техникалық жабдықталудың жеткіліксіздігі мен тапсырмаларға критерилер мен дескриптер құрастырудағы қиыншылықтарды атауға болады.
Білім беру үрдісінің бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критерийлер арқылы бағалау жүйесі енгізілді. Критериалды бағалауды ерекшелігі оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенетіндігінде. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен яғни, қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау арқылы бағаланады. Критериалды бағалау жүйесінің оқушы үшін ерекше екендігін алғашқы тәжірибе барысында байқалды.
-
Қалыптастырушы бағалау шынайылыққа бағытталады.
-
Оқушының өз беті мен жұмыс жасап, тұжырым жасауына ықпал етеді.
-
Мұғалім үшін қай оқушының қандай деңгейде екендігін байқауға мүмкіндік береді.
-
Оқушының өзара бір-бірін бағалауын қалыптастырады.
-
Ата-ана өз баласының қай оқу мақсатынан төмендігіне көз жеткізіп, сол бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік жасайды.
-
Әр мұғалім қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жасау арқылы өздерінің кәсіби бағытта дамуына қол жеткізеді.
Мектептегі білім беру мазмұнын жаңартудағы мұғалімнің атқаратын маңызды рөлін ескере отырып, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және тәжірибесін тарату мақсатында мектебімізде «Жаңартылған білімге –жаңаша көзқарас» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинар барысында 1-сынып мұғалімдері бірінші кезеңде оқу жоспарлары мен қысқа мерзімді жоспар жасау үлгілерімен аймақтағы әріптестеріне таныстырды. Ал екінші бөлімде математика, сауат ашу, дүниетану, музыка пәндері бойынша ықшам сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерін әріптестерімен бөлісті.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы қандай өзгерістер әкелді дегенге тоқталсақ;.
-
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында курсынан өткен мұғалімдердің жеке стилі мен оқыту әдістемесі, оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау тәсілдерінде өзгерістер қалыптасты;
-
Мұғалімнің оқыту әдістемесіндегі өзгерістер балалардың оқу мен танымға деген ішкі ынтасына өзгерістер әкелді;
-
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында курстардан өткен мұғалімдер арасында өзара және кәсіби қолдау қалыптасты;
-
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау қолданылуымен оқушының оқу жетістіктерінде жағымды өзгеріс байқалды;
Алайда өзгерісті мектеп тәжірибесіне енгізу үшін неден бастау керек деген сауалға жауап табуда мектеп-лицейде І, ІІ, ІІІ деңгейлі сертификатталған мұғалімдермен жаңа бағыттағы жұмыстың бірізді жүзеге асуына көп көңіл бөлінді. Алдымен мектеп әкімшілігімен жалпы жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілуі қажет жұмыстар жоспарланды. Ең алдымен мұғалімдерге ақпараттық оқыту семинарын өткізу жоспарланды. Себебі мұғалімдердің көзқарасын өзгертіп, жаңалыққа қызықтыра білу басты мақсат еді. Осы мақсатта «Жаңаша оқыту - білім сапасын арттыруға бағытталған негізгі қадам» тақырыбында деңгейлік бойынша оқыған мұғалімдерге әдістемелік онкүндік ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты - сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы өзара тәжірибе алмасу, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Онкүндік барысында "LеssonStudy" тәсілі - білім сапасын арттырудың тиімді жолы тақырыбындағы коучингті «Мұғалім көшбасшысы» курсы бойынша сертификатталған мұғалім тиімді ұйымдастыра білді. Педагогикалық қоғамдастық мүшелері "LеssonStudy" туралы көптеген мағлұматтар алып, қызығушылық танытты. Алдағы уақытта "LеssonStudy" өткізуді бірауыздан мақұлдап, зерттелетін сынып анықталып, тізбектелген сабақтарда фокус тобы мен мұғалімдердің зертеуші тобы құрылды.
Сонымен қатар онкүндік аясында жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолданатын мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау, білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату, кәсіби әлеуетін көтеру мақсатында «Білім беру мазмұнын жаңартудың идеялары негізінде сабақты жоспарлау – оқушылардың табысқа жету мүмкіндігін арттыру» тақырыбында ашық сабақтар тізімі жасақталып, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасуда белсене қатысты.
«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының тыңдаушысы «Ой өзгермей, адам өзгермейді... Сын тұрғысынан ойлау» тақырыбында коучинг өткізді. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауын көздейтінін түсініп, балалардың табысты оқуы үшін пәнге деген қызығышылығын оятатыны, оқушылардың сенімділігін арттыратыны, сапалы білім алуына жетелейтініне көз жеткізді. «Жаңаша оқытуға-жаңаша көзқарас» тақырыбында идеялар аукционы өтті. Аукционда қоғамдастық мүшелерінің озық тәжірибелері сарапқа салынып, мектепішілік таратылды.
Әр нәрсе сөз арқылы емес, көрсету арқылы есте қалады. Сондықтан да мектептегі тәжірибеде қандай әдіс-тәсілдерді қолдану қажет екендігіне саралау жүргізілді.
Мектеп көшбасшысы ретінде қоғамдастық мүшелерінен көмек ретінде фокус-топ құрылып, мектептің дамыту үдерісін іске асыру үшін жүргізілген зерттеулерден соң нақты не істелу керек екені жоспарланды, оларды іске асыру жолдары талқыланды.
«Оқыту мен оқуда сыни тұрғысынан ойлау мен жазу дағдыларын дамыту арқылы сыныпта ынтымақтастық орта қалыптастырудың білім сапасын көтерудегі тиімділігі» тақырыбы мектеп тәжірибесіне енгізудігі басым бағыт етіп алынды. Жоспарлауда топ мүшелерінің ортақ пікірлерімен келісіліп, топтық жұмыстың не екенін дәлелдеп, одан күтілетін нәтижелер анықталды. Жоспарланған жұмыстар шынайы, қолжетімді, уақытқа шектеулі, нақты түрде орындалу қажет екендігі ескерілді. Жаңаша бағытта жұмыс жасау ұстаздар қауымы арасында зор шығармашылық шабыт туғызды. Бұған дәлел мектебімізде мұғалімдердің жаңа қарқындағы сабақтары мен сапалы білім көрсеткіші.
Мұғалімдер білімдерін ұдайы жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қарулана отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру нәтижеге бағытталған жұмыстың негізгі міндеті болып табылады. Бұл бағытта мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру мектеп жұмысының негізгі саласы болып саналады.
Бәсекеге қабілетті экономикасы қоғамдық жаңаруға негізделген жан - жақты білім беру жүйесі керек десек, оның алғашқы ізденістері, іргетасы мектептен басталады. Қазіргі уақытта қоғам мұғалімдерден жан-жақтылық, іс-әрекетіндегі жүйелілікті талап етіп отыр. Мұғалімдердің осы талаптар тұрғысынан табылуы кәсіби даярлығын, шеберлігін шыңдайтын әдістемелік бірлестік жұмысына көп байланысты. Әдістемелік пән бірлестіктерінде мектеп-лицейдің дамыту жоспарында анықталған проблемалар төңірегінде коучингтер мен тәлімгерлік жұмыстарын бір ізге қоюға көп көңіл бөлінді. Себебі, коучинг - әріптестердің ынтымақтастық ортада проблеманы бірлесе шешудің оңтайлы тәсілі. Осы мақсатта коучинг пен тәлімгерлік жұмыстары жыл көлемінде жүйелі жүргізіліп келеді.
Барлық жұмыс түрі ретімен орындалу үшін төмендегі бағыттарға басымдық берілді.
-
Күнделікті сабақ үдерісіндегі топтық жұмыс жүргізуде жаңалық, өзгеріс енгізу.
-
ҚМЖ және ОМЖ–ны нақты жоспарлау.
-
Оқушыларды зерттеу мен мұғалімдермен тығыз байланыс орнатуда LessonStudy өткізу.
-
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруде коучингтер ұйымдастыру.
-
Жан-жақты толық ақпарттармен, іс-тәжірибемен ой бөлісіп, жинақтауда желілік қоғамдастық құру, ұйымдастыру.
Мұғалімдерге Кембридждік оқыту мақсаты мен тиімді тәсілдерін, жаңа тәсілдердің тиімді жақтарын, біздің қолдануымызға әкелер жетістіктері мен мүмкіндіктерінің мол екенін, өзіміздің оқу үдерісімізге қолданатын тиімді жақтарының бар екенін ұғындыруға жұмыс жасалды. Мұғалімдердің бұл үдеріске деген қызығушылығы арта түсті.
Жоспарды іске асыру мақсатында сертификатталған мұғалімдерге тәлім алушы мұғалім бекітіліп және коуч мұғалім таңдап алынды. Оларға жеті модульді талдап, әр модульді жеке қарастырып, жете түсіну үшін тапсырмалар беріліп отырды. Олармен тақырыптарды уақытылы талдауда бірқатар кедергілер болды. Дегенмен, бірлескен топтық жұмыс жүйелі жүргізілді. Тәлім алушы мұғалімдерге үлгі ретінде тізбектелген жаңа топтық үлгідегі сабақтар берілді. Тәлім алушының сабағына қатысу арқылы проблема анықтап, сол проблема көлемінде «Диалогтік оқыту - оқытудағы жаңа тәсіл» тақырыбында коучинг өткізілді. Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, диалогтік оқытудың білім берудегі тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру және түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру мақсат етілді.
Міндеттері:
-
Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады;
-
Оқу үдерісіне тиімді тәсілдерді енгізеді.
Джеймс «Оқушы табысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі болып табылады» деп атап көрсеткендей, мұғалімдер білім алатын кәсіби мәдениетті жүйелі түрде дамытуға жұмыс жасауда. Оқыту мен оқудың үздік әдістерін меңгермей, сапалы білім беру мүмкін емес. Өйткені оқушы ғана емес, мұғалім де үнемі жетіліп отыру қажет. Табысқа қол жеткізуде ойлану қажет. Ал, біздер көп ойланудан гөрі жаттанды біліммен шектелеміз. Бұл бағыттан өзгеру үшін мұғалімдерден үздіксіз оқуын жалғастыруы талап етілуде. Мұғалімдер жүргізілген коучинг, тәлімгерлік барысында үздіксіз оқу әрекетінің бір үлгісін іске асыра алатындығына көз жеткізе алды.
«Құзырлы тәлімгер тәлім алушыға ол үшін нақты проблеманы белгілеуге көмектеседі және оның жеке тәсіліне, нақты мәнмәтінге, жұмыс тәсілінің ыңғайына сәйкес келетін іс-әрекеттің оңтайлы бағытын таңдауға септігін тигізеді»-деген мақсатта қарым-қатынас жасадық деп ойлаймын.(МАН,39-б.)
«Желілік қоғамдастық-оқыту қоғамдастығында жүріп жататын ақпарат алмасу үдерісі мұғалімдердің тәжірибесі мен жұмысының мазмұнын арттырып, оған тартылған адамдарды өзара тығыз байланыстырып, олардың сырт көзге көрінбейтін, күнделікті жұмысына түр береді» Энн Либерман.
Өз мектебімізде шектелмей мектепті өзгерту, дамытуда желілік қоғамдастық жұмысы да өз нәтижесін беруде. Қоғамдастық аясындағы жұмыстар коучинг, дөңгелек үстел, презентациялық таныстырылым, шеберлік сыныбы, кәсіби әңгіме, аймақтық, аудандық семинар түрінде бірлесіп атқарылуда.
Ауданымыздағы №40, №41, №142, №153, №228, №141 мектеп мұғалімдерінің қолдауымен аймақтық «ЖАДА» желілік қоғамдастығы құрылды. Бірлесіп қоғамдастықтың бағдарламасы, мақсат, міндеттері анықталды. Семинар барысында тәжірибе алмасу, ой-пікірлерді түйіндеу, зерделеу жұмыстары жасалды. Семинар жұмысына әкімшілік, мектеп ұжымы, деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдер, коуч-тәлім алушылар, ынталы топ мүшелері тартылды.
Осы уақытқа дейін атақарылған жұмыстар барысында теориялық білімді тәжірибеде пайдалана отырып, болашақта мектептің дамуы үшін тиімді тәсілдерді қолдану жолдарын қарастырып, оған мектептің барлық мүдделі топтарын тарту бағытында жұмыс жасауға болатыны көз жеткізілді.
Ұстаздың жан-жақтылығы, үнемі ізденіс пен шығармашылық жолындағы талабының болуы шәкірт жүрегіне бірден-бір жол салады. Ондай ұстаздан шығармашыл, құзіретті және жаңа үлгідегі мұғалім күтіледі. Ал жаңаша мұғалім тәжірибенің өзгеруіне, яғни білімнің өзгерісіне талпыныстағы ұстаз. Осы үлгідегі өзгеріске бағытталған ұстаз келбеті өзімнен де табылу керек екенін түсіндім.
Баяндамамды Майя Аджелоудың «Барлық ұлы жетістіктер уақытты талап етеді» деген сөзімен қорытындылағым келеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
-
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан халқына жолдауы» Астана,
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2016ж
-
Дәріс материалдары.
-
«Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журнал № 4 (6), 2013 ж