Материалдар / ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДАҒЫ ОҚУ ӘДЕБИЕТТЕРІНІҢ БІЛІМ САЛАСЫНА ТИІМДІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДАҒЫ ОҚУ ӘДЕБИЕТТЕРІНІҢ БІЛІМ САЛАСЫНА ТИІМДІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған мазмұндағы оқу әдебиеттерінің ерекшеліктері мен тиімділігін Ы Алтынсарин атамыздың әңгімелерімен ұштастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2023
241
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 372.41


ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДАҒЫ ОҚУ ӘДЕБИЕТТЕРІНІҢ БІЛІМ САЛАСЫНА ТИІМДІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Капышева Гульшат Сайрановна

Қостанай облысы

Рудный қаласы әкімдігінің

«Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

aisultan30092016@yandex.kz


Аңдатпа

Бұл мақаламда оқулықтың мазмұнының білім саласындағы тиімділігі мен ерекшеліктері айтылған. Жаңартылған оқу бағдарламасының оқулық мазмұнына жүйеленгендігі атап өтілген.


Аннотация

В данной статье изложены особенности и эффективность содержания учебника в области образования. Отмеченасистематизацияобновленнойучебнойпрограммынасодержаниеучебника.


Abstract

This article describes the features and effectiveness of the content of the textbook in the field of education. The systematization of the updated curriculum on the content of the textbook is noted.


Мына дамыған тәуелсіз ел үшін- ең алдымен сапалы білім қажет.ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің 50 елінің қатарына кіруге бет алды. Сондықтанеліміздіңтуынасқақтатарбілімді, білікті, адамгершілігіжоғарыұрпақтәрбиелеу – біздіңалдымыздағыеңбастыміндет. Алұрпақтәрбиесіндерухани-адамгершіліктәрбиесініңмаңызықайқоғамда, қайкезеңдеболмасынкүнтәртібіненешқашантүскенемес. ОғандәлелАристотельдің «Ғылымдаілгеріұмтылғанмен, адамгершілігіақсапжатса, ондайадамныңалғабасуынангөрі, керікетуітезірек» — дегенсөзідәлел.

Осы тұрғыдажалпыбілім беру жүйесінізгілендіруқажеттілігі, қазіргітаңдарухани – адамгершіліктәрбие беру өзектімәселеретіндеқарастыралады.

Жаһандану уақытында тәрбие беру, ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы. «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған. Өйткені ұрпақ тағдыры дегеніміз – ұлт тағдыры. Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отыр. Қазіргі таңдағы ағымда оңай болып отырған жоқ. Біз қайда бара жатырмыз, қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз, алдымызда не күтіп тұр деген сұрақ әрбір ата-ананың, әрбір педагогтың көкейінде тұр.

Жеке тұлғаның рухани – адамгершілігін дамыта тәрбиелеу баланың мектеп табалдырығын аттаған сәтінен бастап жүзеге асырылса, онда қоғамның әлеуметтік қажеттігін өтейтін рухани бай тұлға қалыптасуына ықпал етеді. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздар маңызды роль атқарады.

Адам бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды дамытып, қалыптастыруды ғылыми және практикалық тұрғыда зерттеп, оның әдістемесін жасау мақсатын туғызды. Егер сабақтарда берілетін білімнің мазмұны мен әдіс – тәсілдері оқушының өзін – өзі әрекетінің субъектісі ретінде тануына мүмкіндік туғыза отырып, оның жан – жақты дамуына бағдарланса, онда бастауыш сыныптан бастап, жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу жүзеге асады. Ал қазіргі таңда жаңа бағдарламаға құрылған әр бір оқулықтың мазмұны тұнып тұрған рухани адамгершілік. Кез келген тақырыппен ұштастырып біздің сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары – үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде.

Алғашқы ұстазымыз ұлы даланың қыран дауысты дарабозы, ілім-білімнің қазынасы, ұлтының тілеу­қоры Ыбырай Алтынсарин әдеби-мәдени, тари­хи, ғылыми дәрежесі жоғары «Қазақ хрестоматиясын» (Орынбор, 1879, 111 бет) құрастырды. Ол «халқымыз өз тілін­дегі ғылыми оқу құралдарына аса сусап отырғанына», «пайдалы нәрсенің бәрі­не жаны құмар халқымызға», «біздің әрқай­сысымыздың да борышымыз екенін» жете, жетік ұғына отырып, жанқияр­лық­пен қызмет етуіміз дұрыс дейді.

Сахара еліндегі білім беру жүйесі та­рихындағы атақты хрестоматияда елтану, жаратылыстану, ел басқару өнегесі, жер тану, шешендіктану, шежіретану, дү­ние­тану, тұлғатану, кәсіпшілік, өнер-білім, ұлттық тәлім-тәрбие, мінез-құ­лық жайында тапқырлыққа, тұспал-иша­ратқа, даналыққа, ізгілікке, ұлттық рухқа құрылған мейлінше жинақы, мағыналы, қызықты тәмсілдер мен мысал әңгімелер жинақталған.

Ыбырай Алтынсарин – ұлт патрио­ты, тәлімгер – санаткері, халық қыз­метшісі. Ұлы даланың шартарабында саңқылдап естілген ұлттың ұранындай, келешектің тұлғасын өнер-білімге ынтызар еткен рухтың жанартауындай, тау­дың таза кәусарындай «Кел, балалар, оқы­лық!», «Өнер-білім бар жұрттар» дейтін классикалық жырлары – ұлттық сана, тіл, мәдениет тарихындағы баға жетпес байлық еді. Ыбырай Алтынсарин бабамыздың «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі» - дегендей, келешек азаматтың дұрыс жол таңдауы үшін, өздігінен саналы әрекет жасау үшін тал бесіктегі тәрбиенің орны ерекше екендігін айта кеткен абзал.

Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» дей­тін төлтума әңгімесінің көркемдік-пәлса­палық қырлары не деген бай, байтақ. Үш жолаушы бұлақ басында «Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!» дейтін жазудың шынайы мағынасын үш түрлі деңгейде түсіндіреді:

1) Сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа же­тесің дегені ме деп білемін.

2) кім-кімге де болса даяр, рақаттандырады, сусы­нын қандырады, ақы дәметпейді, біреуге жақсылық істесең, ол жақсы­лығыңды ешкімге міндет етпе дегені-ау.

3) бұлаққа қарасаң, күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көресің, көңі­лің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұр­сын дегені ме деймін.

Адамның жасағанын, істегенін екін­ші адам да жасайды. Табиғат адам баласына мол мүмкіндік, қабілет берген. Ес­ті болу – мүмкіндіктеріңді жұмсай білу.

Таза бұлақ әңгімесінде қазіргі таңда оқушыларымызды тынбай еңбек етуге, ешуақытта тоқтамай алға жүруге, әрдайым жақсылық жасауға ол әркет қолыңнан келмесе зияныңды тигізбеуге әрекетке шақыруға таптырмас әңгіме, біз үшін мұра.

Ыбырай Алтынсариннің қай әңгімесін оқы­саңыз да мазмұн, идея, тіл, стиль, ойшылдық жағынан мінсіз. Қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің шарттылықтары сақта­лынған. Жыраудың яки бидің тілін­дей жұ­тынып тұр. Айталық, «Қара батыр» ертегісі бастан-аяқ тал жібектей өріл­­ген, күйдей күмбірлеп төгілген жыр іс­петті.

Тағы да айта кететін жайт тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметті, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім – біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс – әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, еліміздің болашағы- жас ұрпақты оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзіреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындай, оны мектеп тәжірибесінде оқулықтың тақырыптарында қарастырылғандығында. Ең қарапайым тақырыптардың бірі бірақ кеңінен таралып жатқан мәселелердің бірі ол біздің «Су».

Біздің күнделікті тұрмысымыздағы су деген не және бұл қазынаның «бағасы» қанша? 1 шыны аяқ кофе үшін қанша су жұмсалатынын білесіз бе?

Шешімін тауып көрейік оқушылар талқыласып өз шешімдерін айтады., дұрыс жауапты айтады. (жауабы берілген слайд көрсетіледі)

1 шыны аяқ кофе үшін 140 литр су қажет Алдымен кофені өсіру қажет.

1 кгқағазүшін 700 литр су қажетболады.

1 кг сиыретідайындауүшін 15000 литр су қажетболады.

«Суды» қорғаушылар сабағының өзектілігі.

Оқушыларарасындасуғадегенжауапкершілікқатынастытәрбиелеу – ТМД мемлекеттерісияқтыбүкіләлемүшін де өзектімәселеПланетамыздағыауыз су қорларықатаңшектелген. Бұлреттесоңғы 100 жылішіндеЖер шары халқы 3 есегекөбейген, ал ауыз суды пайдалану – 7 есе, оныңішіндекоммуналдыққажеттерге -13 есеөскен екендігін осы тақырып бойынша қозғалды. Оқушылар бұл мәселені белсенді іздеу барысында көптеген мәліметтерге қанық болды. Қорытындысында суды үнемдеу оның қадірін білу керектігін түсінді.

Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсатында көзделгенде ғана оқушылардың пәндік функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады, есте сақтау үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым – қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды, өз бетінше ойлауға, ізденуге, нәтижеге жетуге дағдыланады. Сабақта әрбір өтілген мәтінді өмірмен байланыстырып, өз туған өлкеңмен, өз ауылыңның халқымен, тұрмыс жағдайларымен байланыстырып өту, баланың қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді. Ол үшін күнделікті оқыту үрдісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек. Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық ақпараттық материалдың бала өмірінде кездестін түрлі проблемалық маңызы ескерілуі тиіс.  Бұл мақаламда тек оқулық мазмұнының рухани қазынасы мен функциональдық сауаттылығына тоқталып өттім.

Ұсыныс

-Жаңартылған білім мазмұнындағы бағдарламаларға жаңа тақырыптарға көбірек сағат санын бөлінсе;

-тақырыпты қарастырғанда жас деңгейіне көңіл бөлінсе;

-оқулықтағы мақсатқа сай емес тапсырмалардың арттықтығы;

- оқулық тақырыптары бағдарламамен (математика оқулығы) жүйелендірілсе;

Қорыта айтқанда, Ыбырай атамыздың ойшыл ұстаздың тізбек-тізбек жөң­кілген замана көшінде көнермейтін, ескір­мейтін ұлы, қуатты идеялары ел­дің, мемлекеттің, халықтың көркеюіне мәң­гілік мағына дарытары сөзсіз. Олар:

«Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы: тамаша жақсы педагоги­ка құралдары да, ең жақсы үкімет бұй­рықтары да, әбден мұқият түрде жүр­гізілетін инспектор бақылауы да оқыту­шы­ға тең келе алмайды».

Ұстазымыздың аудиториямен байланы­сы хақында мынадай тұжырымды па­йым­дауларды өз ұстаздық жолымда қолдануға тырысамын: «оқушылардан оқы­ғандарын қайталап сұрап отыру қажет», «балалармен сөйлескенде ашулан­бай, жұмсақ сөйлесуі, әрбір нәрсені де ықы­ласпен, түсінікті етіп түсіндіру керек, мәнерлі сөз, орынсыз терминдерді қол­данбау керек»

Ұлы ұстаз атамыз Ыбырайдың балаларға арналған шығармаларында қандай тақырыпта жазса да алдымен нені мақсат етіп көрсетуге болар еді деген мәселеге тоқтайды.

Жазған әңгімесін өмірде кездесетін, баланың өзі назар аударатындай заттармен, іс-әрекеттермен байланыстырып отырады. Себебі, мектеп жасындағы  бүлдіршіндердің зейіні тұрақты болмағандықтан, бүлдіршіндерді қызықтырып, назарын аударту педагогтің ең басты міндеттерінің бірі екенін білген қазақ елінің дарынды перзенті әңгімелерінің бәрі де бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұнды,тартымды, олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп берілгендігін атап көрсеткен.

Осы әңгімелерді мұғалімдер мен ата-аналар балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында оқу үрдісінде, сынып сағаттарында, таңдаулы сабақтарда пайдалануға болады. Ұлы ағартушымыз артына қалдырған асыл мұрасы сан мыңдаған ғасырлар өтсе де, өз маңызын жойған емес. Жас өспірімдерді өскелең мәдениетке жетелейтіндей өмір оқулығы, отаны үшін алысқан күрес құралы болуы тиіс деп ойлаймын.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған Ыбырай атамыздың шығармалары қазіргі бағдарламалаға кеңінен енгізілсе, себебі баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыруда зор үлесі бар.Атамыздың әрбір әңгімесі, шығармасы өмірмен тығыз байланыста. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетіне асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылғаноқубағдарламасыаясында тек өзпәнін, өзмамандығыншексізсүйетін, бала үшін  ұстазғұмырынқұдіреттідепсанайтынбілімдімұғалімдерғанажұмысістейалады. Ата-бабамыз «Оқу – инеменқұдыққазғандай» демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстазғанатабыстыболып, нәтижегежетеді.»Білімді болу дегенсөздіңмағынасы – белгісізнәрсеніашуғақабілетті болу», — дегенӘл-Фарабидіңсөзінежүгінетінболсақ, ел ертеңібілімдіұрпақпенғанаөлшенбек.


Әдебиеттер тізімі:

1.ҚазақстанРеспубликасында орта біліммазмұнынжаңартушеңберіндеқазақтіліндеоқытатынмектептердегібастауышсыныппəндерібойынша педагогика кадрларыныңбіліктілігінарттырукурсыныңбілім беру бағдарламасы МАН /ЕкіншіБасылым/ 2015ж.

2.Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы Мұғалімдердің Біліктілігін Арттыру Бағдарламасы /Екінші Басылым/ 2015 ж.

3.Мұғалімге Арналған Нұсқаулық Бірінші (Ілгері) Деңгей /Екінші Басылым/ 2014 ж.

4.Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин Атындағы Ұлттық Білім Беру Академиясы «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» Дербес Білім Беру Ұйымы Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне  арналған критериалды бағалау  басшылығы Астана 2016

5.Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 31 қаңтар  2017ж.

6.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

7.Жаңартылган білім беру стандарттары мен оқу бағдарламалары мазмұнында«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының жүзеге асырылуы

8.Қабдиева С. Ұрпақ тәрбиесіндегі адамгершілік мәселелері. Бастауышмектеп, №2, 2005.

9.Сламбекова Т. Оқушылардыадамгершіліккетәрбиелеу - бастымақсат. Бастауышмектеп, №2, 2004.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!