Материалдар / Жаңаша білім беру көздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңаша білім беру көздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру беру түрлері,әдістері, педагогтарға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
457
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

" Жаңа білім мазмұнын құру- білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе"

Білім мена ақпарат үстемдік құрған қоғамда Білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болсада, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын,кәсібилігін,өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін,оған сай өз білімін пайдалану ғана емес,оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Осындай қоғамда келешек ұрпақты қалай оқытқан тиімд ?

Бұл сұрақ әрбір педагогті толғандырары сөзсіз. Педагог-білім тасымалдаушыдан-Білім әлеміне жол көрсетушіге айналуы тиіс. Сонымен жаңаша білім беру жағдайында ұстаз қандай болуы тиіс:- педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған,рухани дамыған,толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндебілім беру үдерсінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер еніп отыр. Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан,оларға терең де сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күнің өзекті мәселесі болып отыр. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін,белсенділігін арттыру,білімге деген құштарлығын ояту,өмірінде оны қолдана білу,отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау-ұстаздың басты міндеті деп білемін.

Технология- бұл қандай да бір істе,өнерде қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы,дидактикалық жүйенің құрамдас бөлігі. Ал инновациялық білім бреу деп -тұлғаның бағдарлы көзқарасты,білімдегі дәлдікті,шығармашыл бастауды,сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды меңгеруді айтады.

Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларының мақсаттары мен міндеттері:

Сабақты жаңаша ұйымдастыру

Мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау,

Теориялық,ғылыми -педагогикалық зерттеулерге сүйене отырып,оқушылардың құзыреттілін қалыптастыру



Оқушының ойлау қабілеттерін арттырып, ақпараттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамыту.

Баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай қолдану.

Инновациялық әдістер-оқытудың интерактивті оқыту модулі

Интерактивті әдістер:

презентациялар,пікірталастар, кесте,кейсстадийлер,топпен жұмыс, миға шабуыл, сын тұрғысынан ойлау,шағынзерттеулер,іскерлік ойындар,рөлдік ойындар,блиц-сұрақтар,жағдаяттық шығарма әдістері.

Оқытудың интерактивті модулінің негізгі өлшемдері:

Емін-еркін таласқа түсу мүмкіндігі,белгілі бір мәтінді еркін түрде баяндау,топтық тапсырмалардың қолданылуы, жазбаша жұмыстарды орындау,ұжымжық іс-әректтерді дамыту,оқушылар бастамалалары.

Қорытындылай келе, әр ұстаздың алдына қойған мақсаты -оқушыларға

ұлттық педагогикалық тәрбие және білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру-әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп санаймын.

«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» деп Стронг айтқандай, ұстаздық білімділікпен қоса ізденпаздықты, дарындылық, ұйымдастырушылық, тағы да көптеген құндылықтарды талап ететін маман иесі.

Шығармашылық қабілет баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!