Материалдар / Жаңашыл мұғалім-заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңашыл мұғалім-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық-бұл адамдардың өміршындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, жаратушы да. ХХ1-ғасыр әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Оның айғағы зияткерлік мектептер болып табылады.Бұл мектептердегі талаптардың бірі үш тілді еркін меңгерген, білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын шығармашыл,таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңашыл, тәуелсіз ойлайтын ізденімпаз тұлға қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2018
263
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тауекелова Гульмира Еликбаевна

Тауекелова Гульмира Еликбаевна

ОҚО Мақтарал ауданы

«№8 Н.Оңдасынов жалпы орта мектебі»

мемлекеттік мекемесінің физика пәні мұғалімі



«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін

өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім»

Жаңашыл мұғалім-заман талабы

Шығармашылық-бұл адамдардың өміршындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, жаратушы да. ХХ1-ғасыр әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Оның айғағы зияткерлік мектептер болып табылады.Бұл мектептердегі талаптардың бірі үш тілді еркін меңгерген, білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын шығармашыл,таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңашыл, тәуелсіз ойлайтын ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім. Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі. Сонымен, еліміздің дүниежүзілік әлеуметтік кеңістікке кірігу бағытында дамуының өзі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі кадрларының алдына білім беру қызметінің түбегейлі жаңа тәсілін меңгеру қажеттілігін қойды. Бұл педагогтардың үлкен тобының әртүрлі формада оқуға деген жаңа сұраныстарын тудырды.

Қазіргі заман адамының білім алу қажеттіліктері барған сайын алуан түрлі бола түсуде. Бүгінде оларға жалпы орта білім мен қандай да бір мамандық алу қажеттілігі ғана емес, сонымен бірге денсаулығын қорғау және жақсарту, отбасылық өмірінің сапасын жақсарту, қоғамдық өмірге білікті қатысу, бос уақытын мәнді өткізу, өз тұлғасын дамыту үшін оқу қажеттілігі де енеді.

Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік –бұл сын тұрғысынан ойлау. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады ал мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекетіне ынталы болғаны абзал. Қазіргі заман талабына сай білім берудіңшығармашылық жолдарын айқындау барысында адамның шығармашылыққа деген жанданысы оның өз жекелеген қабілетін іске асыруға деген жолын ашады. Шығармашылық әрекет іздену арқылы қалыптасады,әрі қарай дамиды. Мұғалімдер оқушыларды ізденушілікке баулыса, ол өздігінен ой түйіп, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренеді.Осы мақсатта біздің ұстаздарымыз жаңа технология әдістерін ұтымды пайдалануда.

Ұстаз «білім көзі» емес,ол білімге апаратын жолды нұсқаушы, осы жолмен өзі де жүріп келеді. Ол тек қажет кезде ғана шәкірттеріне жәрдемдеседі, сұрақ қояды, тапсырма береді, ақпарат ұсынады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!