Материалдар / Жаңашылдық - жаңа заман талабы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңашылдық - жаңа заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада Білім беру жүйесіне виртуальды демонстрациялар мен зертханалық жұмыстарды енгізу қарастырылады. Сонымен бірге, виртуальды жұмыстарды ұйымдастыру тәсілі айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2022
218
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ

Әлемдік пандемия барлық дерлік салаға әсерін тигізді. Оқу үрдісін ұйымдастыруда оқытушыларға, мұғалімдерге демонстрациялық, зертханалық жұмыстардың орнын толықтыру қажет болды. Бұның шешімі виртуальды демонстрацияларды ұйымдастыру болып табылады. Мұғалім қолындағы виртуальды зертханалық жұмыстар көнеріп, қазіргі заман талабына сай келмеу мәселесі де туындады. Бұны шешу жолы - заманауи виртуальды демонстрацияларды ұйымдастыру. Ол үшін бізге не керек болады деген сұрақ туындайды. Ол үшін арнайы бағдамалар қажет болады. Мысалы: Blender 3D, 3D Studio Max, Python сияқты жасақтаушы орталар.

Менің ұсынысым Blender кеңістікте модельдеу және анимация бағдарламасын қолдану арқылы жаңа демонстацияларды, зертханалық жұмыстар кешенін дайындау болып табылады. Демонстрациялық жұмыстарды толықтыру мақсатында Математикалық маятниктің моделі жасақталды. Осындай жолмен виртуальды жұмыстар кешенін дайындап арнайы бағдарлама көмегімен Windows, Linux, MacOS сияқты программалық орталарында қолданысқа енгізіліп, іске асыру жоспарланып отыр.

Виртуальды эксперименттердің алғашқы модельдері өткен ғасырдың екінші жартысында мектептерде де, университеттерде де физикаға танымдық және ғылыми қызығушылықты арттыру қажеттілігіне байланысты пайда болды. Оқушыларды физикалық ғылымға тарту үшін сабақты дамытушылық оқыту принциптерін жүзеге асыратын шығармашылық процеске айналдыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама жасалды. Енді сабаққа сәйкес қажетті материалды таңдауға, оны жарқын, анық және қол жетімді етуге мүмкіндік бар. Сабақта АКТ-ны қолдану білім алушылардың оқу процесіне деген ынтасын арттырады, мұғалім адам ойлауының іргелі заңдылықтарының жақсы түсінуге, оқушылардың Әлемді тану және зерттеу құралдарын алуына жағдай жасайды және танымдық белсенділікті арттырады. Құбылыстағы басты нәрсені бөліп көрсетуге, екінші факторларды жоюға, заңдылықтарды анықтауға, өзгермелі параметрлермен бірнеше рет эксперимент жүргізуге, нәтижелерді сақтауға және ыңғайлы уақытта зерттеулерге оралуға болады.


1-сурет. Blender 3D виртуальды бағдарламасы көмегімен орындалған математикалық маятник демонстрациясы

Қорытындай кетсек, виртуалды демонстрация тек Жалпы білім беру мектептерінде ғана емес, сонымен қатар Жоғары оқу орындарында демонстрациялық, зертханалық жұмыстар ретінде, сонымен қатар студенттердің материалды игеруін талдауда қолданылатыны белгілі болды. Виртуалды физикалық эксперимент физиканың барлық салаларында табиғи тәжірибемен қатар қолдана алады. Әр түрлі білім ордаларында мұғалімдер өз жұмысында виртуалды экспериментті қолданады, содан кейін жасалған модельдер мен оларды білім беруде қолдану әдістерімен бөліседі. Әрине, виртуалды физикалық эксперимент табиғи, нақты экспериментті алмастырмайды, бірақ сабақты осындай ресурстармен толықтыруға мүмкіндік болған кезде мұғалімдер оны өте жақсы қолданады. Осы себептен, пәнге қатысты демонстрациялық, зертхана кешендерін алдынғы қатарлы технологиялар көмегімен құрастырылған жұмыстарды ұсыну міндеттелуі және оқу үрдісінде барлық оқушылардың, студенттердің виртуальды жұмыстарды қолдануы ыңғайластырылуы тиіс.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!