Жаңғырған салт-дәстүр әндері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңғырған салт-дәстүр әндері

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка пәні мұіалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ халқының дәстүрлі

тұрмыс-салт әндері және

заманауи музыкасы: 2-бөлім

Мектеп: «Күйкен орта мектебі»


Күні:27,28,29,30.11.2017


Сынып: 5 А,Ә,Б,В,Г,Д

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жаңғырған салт-дәстүр әндері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты :

5.1.2.4 - ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминдерді пайдалану;

5.1.1.1 - музыкалық жанр мен көркемдеуіш құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау;

5.1.3.1 - әнді орындау барысында музыканың көңіл күйі мен көркем бейнесін жеткізу;

5.3.1.1 - өз жұмысын таныстыру, бағалау және жетілдіру.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан қазақтың тұрмыс-салт әндері мен музыка өнерінің байланыстылығын ұғынады;

дәстүрлі отбасылық үйлену, қыз ұзату тойларында айтылатын: «Жар-жар» әндерінің музыкалық әуендерімен танысады.

Оқушылардың көпшілігі:

бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан қазақтың тұрмыс-салт әндері мен музыка өнерінің байланыстылығын үғынады, пікірін ортаға салады;

дәстүрлі отбасылық үйлену, қыз ұзату тойларында айтылатын «Жар-жар» әндерінің музыкалық әуендерімен таныс, орындап алады.

Кейбір оқушылар:

тұрмыс-салт әндерінің заманына сәйкес қайта жаңғыруы туралы: пікірлерін ортаға сала біледі, интонациялық түрленімдерін көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Әндерді мәнерлеп орындау.

Өз жұмысын көрсете білу және бағалау.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Жаңғырған салт-дәстүр әндерін талдау және талқылауға сәйкес терминдерді қолданады, өз жұмысына түсініктеме беріп, оны жақсарту үшін ұсыныстар жасай алады.

Талқылауга арналган сұрақтар:

«Жар-жар» әндерін тындау барысында мен ...

Тілек сөздер айтылғанда ...

Егер де ... мен өз жұмысымды жақсартар едім.

Құндылықтарды дарыту:

Қазактың тұрмыс-салт әндерін тыңдауға үйрету, мәдени құндылықтарды жаңғырған салт-дәстүр әндері арқылы оқушыларға дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, әдебиет, тарих, дүниетану

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақтан алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы






















































Саралау -оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлай-сыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?




Тұрмыс-салт жырларымен

танысу барысында мұғалім кейбір

оқушыларға көмек ретінде арнайы

сипаттамалық тірек ұғымдар

ұсына алады. Тұрмыс-салт жырларымен танысу барысында окушылар мұғалім көмегіне жүгінбей өз пікірін айта алады.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты

1-тапсырма. Тыңдау және талдау.«Жаңғырған салт-дәстүр әндері» тақырыбымен танысу мақсатында оқушылар «Қазақтың дәстүрлері-ай» әнін (әнін жазган: Н. Адамбеков, өлеңін жазган Т. Әшімов) бейнежазбадан тындайды. Ән тыңдауға берілгенімен, қайырмасын оқушылардың орындауына болады. Мұғалім оқушыларға ән мазмұнындағы бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан салт-дәстүрлерді атауды тапсырады. Сонымен бірге үйлену салтына байланысты әндер сабақтың негізі болғандықтан, келесі сұрақта әндегі «Құда түсу, сырға салу, беташарым-ай» сөздерінің қандай салт-дәстүрге жататынын анықтауға бағытталған. Мұғалім окушылармен бірге үйлену тойының әндері қай жерде және қашан айтылатыны жөнінде әңгіме өткізіп, үйлену тойы жырларының түріне (қыз сыңсу, жар-жар, беташар) тоқталады. Қыз сыңсуы ұзатылатын қыздың өз жұртына деген қимас сезімін білдіреді. Жақын жеңге, құрбы қыздарын ертіп, дос-жолдас, көрші-қолаңдарын аралап, қоштасып шығады. Беташар - түскен жас келінге өлең түрінде айтылатын ақыл-кеңес. Онда келінді елін сүюге, ата өнегесін ардақтауға, инабатты, әдепті болуға шақырады. «Жар-жар» әндерін талқылау оқулықта көрсетілген әнді орындаумен қатар қарастырылады.

2-тапсырма. Ән орындау. Оқулықта оқушылар «Жар-жар» әнінің мәтініне қарап, қайсысы қай тойда айтылатынын анықтайды (қыз ұзату, үйлену). Мәтіннің мазмұнына тоқталады. «Жар-жар» қыз ұзату тойы үстінде қыздың мұңы түрінде, екінші жағынан, ұзатылған қызды жұбату сарынында айтылатын тұрмыс-салт айтысына жатады. Бұл айтысқа екі жақ болып қатысады, бір жағы - қыздар, екінші жағы - жігіттер немесе қыз алушы-қыз беруші құдалар. Әдетте «Жар-жарды» жігіт бастап, үйін, ауылын, ата-анасын қимаған қыздың кеңілін аулайды. Үйлену тойында айтылатын «Жар-жарды» тойға жиналған жігіттер мен қыздар орындайды. Олар екі жасқа ақниетті талап-тілектер айтады. Ата-ананың арман-тілегін, ананың ақ сүтін ақтауды міндет етеді.Оқушылар үнтаспадағы «Жар-жардың» екі нұсқасын орындайды. Мүғалім оқу ресурсында берілген бейнежазбалармен қатар үйлену салт әндеріне байланысты басқа да бейнежазбалар ұсынуына болады.

Өз жұмысын таныстыру және бағалау.

Сабақтың аяғында оқушылар халқымыздың салт әндерінің осы кезеңге дейін сақталып, жаңа заманға сәйкес қайта жаңғырғаны жөнінде пікірлерімен бөліседі. «Жар-жар» әндерінің өзіне ұнаған нұсқаларын ұсынады.

Рефлексия:

Мен не білдім?

Бүгін мен не үйрендім?

Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?

Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?



Бағалау -

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?






Бақылау;

Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша;

Пікір алысу мен әнді орындау кезінде оқушылар бірін-бірі өзара бағалайды.








Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

«Музыка»

оқулығы .Нота

хрестоматиясы

Аудио-бейне

хрестоматия



















































Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Денсаулық сақтау

технологиялары

Белсенді іс-әрекет түрлері

Жалпы баға

Сабактың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз):

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың анстістіктері/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2018
1937
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі