Материалдар / Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға арналған эссе
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі.

«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты

шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу.

Онсыз жаңғыру – құр жаңғырық».

Н.Ә.Назарбаев.

Кез-келген дүние күтім көрмесе өледі, өзінің қалпынан айниды. Сол сияқты адам баласы да өзін рухани жаңартып, жаңғыртып, білім нәрімен сусындап отырмаса, алдына биік мақсат қойып, оған жетуге талпынбаса мына заманның ағысынан қалып, өзгелерге зиянын тигізіп, рухани азғындау жолына түседі.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын оқи отырып, әр адам өз елінің патриоты ретінде өзіне бір игілікті іс міндеттеуі тиіс деп ойлаймын. Рухани жаңғыру – адамның жан дүниесін байытуы, ілім іздеуі, заман талабына сай өзін дамытуы, қоғамға оң әсерін тигізетін істермен айналысуы. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік қосар үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес – жас ұрпақты жаңа заманға сай, еңселі ел азаматтарымен иық теңестіре алатындай білімді, алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп тәрбиелеу деп білемін.

Бағдарлама аясында «Туған жер» бағдарламасының да маңызы өте зор екенін білеміз. Өйткені әлемдік деңгейге шығу үшін біз ұлттық болмысымыз бен құндылығымыз, туған жеріміздің тарихын жете білуіміз керек. Осы орайда «Туған өлке» кіші жоспарын құра отырып, өзім жетекшілік ететін сыныппен өлкенің көрікті жерлеріне саяхаттап отырамыз. Әр жеткіншек өз туған жерінің тауы мен тасын, сайы мен қырының тарихына үңіле отырып, тарих толқынында тербеле алады. Яғни Отанға деген сүйіспеншілікті кішкентай ауыл тарихынан бастау арқылы жас буынды елін, жерін сүйетін кемел азамат, саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу қажет.

Елбасының осы мақаласы арқылы біз тағы бір тарихи белестен өтейін деп отырмыз. Бағдарламада атап көрсетілген басымдылықтар қоғамның рухани жаңғыруын жылдамдатып, бізді тарих сахнасындағы орнықты орнымызға шығаруы әбден мүмкін деп ойлаймын. Әлемдегі алпауыт елдермен тереземіз тең болып, тұғырымыздан таймай тұру үшін ел болып, жер болып ат салысу – азаматтық парызымыз. Қарапайым халыққа түсіндіру, насихаттау барысында да мұғалім ретінде рөліміз зор екенін баса айтқым келеді. Елбасымыз айтпақшы «Мақсатымыз айқын, қадамымыз нық». Енді тек осы жолда аянбай еңбек етіп, білім беріп жатқан жас шыбықтарыма бағдарламаның іске асырылуы жолында кішкентай да болса істер атқаруларына көмектесуге тиіспін.

Осы тұрғыда өз әріптестерімді жаңалықтың жаршысы болып, кез-келген экспериментке үрке қарамай, санамызды ашық ете отырып, өз жерімізде білімнің салтанат құруына ат салысуға шақырамын. Ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып, өзгенің қаңсығын таңсық еткенше, тіл үйреніп, әлемдік аренаға шығып, қазақылықты паш етуде де ұстаз ретінде рөліміздің зор екенін түсінгеніміз жөн.

Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға…»-деп, Aбaй aтaмыз бекер  aйтпaғaн. Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін  мaмaндықтардың бірі. Ұстаз әрқашанда іздену үстінде болу керек, үнемі жаңалықты ашушы,ізденімпаз  болуы  керек, Eлбaсымыз айтып кеткеніндей «Біздің басты байлығымыз – адам, және адамдағы бар жаксылық — мұғалімнен» біздерге қазіргі таңда үлкен жауапкершілік артылып отыр, өйткені Қазақстанның болашағы – қазіргі жас ұрпақ, ал болашақтың қандай болатынына тікелей әсер етуші біз- ұстаздармыз. Қазақстанның басты мақсаты-әлемдегі озық елдердің қатарына қосылу болғандықтан, келешекте өз еліне үлес қосып, елімізді әлемге танытатын тұлғаларды қазірден бастап тәрбиелеу біздің басты міндеттеріміздің бірі.  «Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұстаздық ұлы қасиет. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», -дейдi Елбасы бiр сөзiнде. Ендігі алға қойған мақсатым — білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру кeрeк» деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. Қазір жас маманмын — болашақта өзім білім алған ұстаздарым секілді білікті де,ұшқыр маман болу иенің алға қойған мақсаттарымның бірі.

Елбасы Н.Назарбаев «Қaзaқстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер oларға қaлaй бiлiм берсеңiздер, Қазaқстан сол-деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбeкқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұрaтына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра бoлып келе жaтқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жaңғыртып, oны алға бaстырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлeне ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жaстaр еңбек жолына түскенде ғaна қоғамын өрге бастыра алады. Oтаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұрaты — жaстaрдың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрeкеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр.

Мен жас маман –болашақ ел тірегі,

Мен ұстазбын-мектеп ана-жүрегі.

Еңбек етем аянбай ел жолында,

Орындалсын халқымның барлық тілегі!
 

Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.

Халқымызда «Жас келсе — іске» деген керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш -қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз деп білемін.

.Сырт көзге оңай көрінетін тәрбиеші мамандығының қиындығы мен қызығы қатар өрлеген. Мен жас маман болғандықтан, әрбір күнгі ісімнен сабақ алып өз мамандығымның қыр-сырын ұғынып отырамын. Күннен күнге кішкентай бүлдіршіндерге бауыр басып барамын...Менің ойымша, тәрбиеші – ел болашағына үлес қосатын ұлы тұлғаларды тәрбиелеуге бастау болатын жауапкершілігі мол мамандық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында да балабақшалар мен мектептерге көп көңіл бөліп, ел болашағы білім беру ошақтарынан бастау алатындығын баса көрсетті. Күннен-күнге жаңарып, толығып отырған білім беру саласындағы жаңалықтар мектепке дейінгі білім беруден айналып өтпесі белгілі. Сол себепті де бүгінгі балабақша тәрбиешісіне де қойылар талаптар да жоғары. Тәрбиеші бүлдіршіндерді тәрбиелеп қана қоймай, оны алғашқы білім нәрімен сусындатып, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру қажет. Әрі кішкентай кезінен естігені мен көргенін өмірмен байланыстыра білуге бағыттауы керек. Заман талабына сай, жан-жақты әрі үнемі сұранысқа ие тәрбиеші болу үшін талмай еңбектеніп, ізденіп, өз бетімен білімін жетілдіріп отыру – тәрбиеші үшін дағдыға айналған іс-әрекет болуы шарт. Өсіп-өркендеп келе жатқан еліміздің одан әрі дамуына үлес қосу және жаңғыру жолында өзіндік қолтаңбамызды қалдыру үшін үнемі ізденіп, саалы білім мен таза еңбектің тәмін татқан маман болып қалыптасу керек деп ойлаймын. Бұл – менің алдыма қойған мақсатым. Одан әрі аталмыщ мақсатыма жету үшін талмай еңбектенемін.

«Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген

сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол — нағыз ұстаз»

Л. Н. Толстой

Тәуелсіздіктің ұраны көгімізде шарықтағалы бері Елбасымыздың әр жыл сайынғы жолдауы халыққа қарай жол тартады. Бұл жолдаулар — өзін патриотпын деп санаған  азамат пен азаматшаның жүрегіндегі  еліне, жеріне деген махаббатын оятатын бірден – бір құжат. Елбасымыздың айтқан әрбір сөзі еліміз үшін, «Қазақстан» атты бейбіт елдің әрбір ұланы үшін құндылыққа толы. Бүгінгі күнге дейін «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» атты бірнеше стратегиялық жолдаулары қазақтың кең — байтақ жеріне жол тартты. Президентіміздің ой-пікірлерін теледидардан үзбей тыңдап, кез келген қандай да бір жолдауы шықса, ертесіне мақаласын оқуды әдетке қалыптастырғанмын. Мен мұны Қазақстан Республикасының азаматшасы, жас ұстаз ретіндегі міндетім, борышым деп білемін. Сондай құнды құжаттарымыздың бірі Елбасымыздың жуырда жарыққа шығып, «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асыру мақсатында жазылған  «Рухани жаңғыру» атты мақаласы. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын әдеттегідей әлденеше рет оқып, мұқият танысып шықтым. Оқи отырып болашақ ұрпаққа ұстаздық етуші ретінде ерекше әсерде қалып, бірнеше ой түйдім. Бұл ретте Елбасы ең алдымен бәсекелестікке қабілетті болу мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Қазақ халқы үшін бұл – бүгінгі таңдағы ең басты шарт-талаптардың бірі. Яғни, жаңа ғасыр, жаңа заман осыған қарай тез қарқынмен зымырап, бет алып барады. Ендігі жерде кім жанталасып жақсы жұмыс істейді, кім өз мамандығын жетік меңгеріп, жаңалыққа қалай тез қол жеткізеді – соның жолы болады.Міне, елбасымыздың мына біз жас мамандарға да қойып отырған жаңа талабы да осы – адалдық, өз мамандығына, өз ісіне беріктік, шыншылдық. Шындықтың шамы дарияның астында да жанады. Шын жүрекке тұсау жоқ. Қай істе де ашықтық пен адалдық керек. Абайдың: «Адалдыққа еш нәрсе жетпейді» деп айтқан сөзі бар еді. Қандай да бір халық адал жүріп, адал тұрса, байлық пен табысқа сол кенеледі. Сол халықтың жұлдызы оңынан туады. Ендеше Елбасымыздың бізге айтып отырғаны да осы – өз ісіне адалдық, жас мамандардың өз білімі мен тәжірибесін жетілдірудегі еңбеккерлігі. Себебі, біз жас мамандар – Қазақстанның ертеңіміз, болашақ біздің қолымызда. Сонымен қатар Елбасымыз бұл мақаласында білім саласына да ерекше мән берген. Оның ішінде жас мамандардың еңбеккерлігі, нағыз маман болудағы алғышарттарды да атап өтеді. Бұл жолда ұстаздардың алатын орнының ерекше екендігін де айрықша көрсетіп өтті. Осы тұрғыдан алып қарағанда бүгінгі таңдағы мұғалімдердің оның ішінде білімі мен білігі қатар жүретін жас маман ұстаздардың Елбасының сарабдал саясатын жүзеге асыруда ерекше рөл алатындығы нақтыланып тұр.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға — деген қасиетті қағидасын әрдайым жүрегінің түкпірінде ұстайтын ұстанымы етіп алса, өз мамандығының нағыз шебері болары хақ.

Рухани жаңғыру – адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы, сана – сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай алуы. Біздің еліміз бәсекеге қабілетті болуы үшін «рухани жаңғыру» бағдарламасын өркендетуіміз керек.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!