Материалдар / Жануарлар әлемінің көптүрлілігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жануарлар әлемінің көптүрлілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жануарлардың алуан түрлілігі. Жануарларды қорғау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2023
322
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ: Жаратылыстану

Тақырыбы: Жануарлар әлемінің көптүрлілігі

Күні:


Мұғалім :

Сыныбы:2

Қатысқандар:

Қатыспағандар:



Сабақтың оқу мақсаттары:

2.2.2.2 жануарлар класының өкілдерін ажырату: жәндіктер, балықтар, қосмекенділер,бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер;

Қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандырын зерделеуге қажетті жағдайларды және зерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жануарлардың алуан түрлілігін біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Зерттеу арқылы жануарлардың белгілерін анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: Жануарлар топтарын ажыратады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сүтқоректілер, бунақденелілер, құстар.

Құндылықтарын дарыту

Жануарларды қорғау, олар да тірі табиғатқа жатады.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, дүниетану

Алдыңғы оқу:

Алуан түрлі жануарлар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

Сабаққа дайындық.

Ширату жаттығуы.

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.


.

Ортасы

Өткенді қайталау

1.-Бауырымен жорғалаушылар туралы не білесің?

2.-Қосмекенділерге нелер жатады?

3.-Суқойма дегеніміз не? Онда нелер мекендейді?

4.-Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың ерекшеліктерін ата.

(Қошемет)


«Не артық?»

  1. Жылан, кесіртке, тасбақа, құмырсқа

  2. Аю, қарға, түлкі, қасқыр

  3. Қолтырауын, балық, ешкі, ұлу

Артық шыққан жануарларды тірек сөздердің қасына жапсырып отыру.

Сабағымыздың тақырыбы: Жануарлар әлемінің көптүрлілігі.

Бүгінгі сабақтың мақсаты:

  1. Жануарлардың көп түрлі екендігін білу

  2. Зерттеу арқылы жануарлардың белгілерін анықтау

  3. Жануарлар топтары бойынша ажырату.

Сабаққа қажетті тірек сөздерге оралып, жануарлардың көптүрлі екендігін анықтау.

Сүтқоректілер тобына қандай жануарлар жатуы мүмкін? Неліктен оларды сүтқоректілер деп атайды?

Ал бунақденелілер ше? Неліктен осылай аталады деп ойлайсыңдар?

Қосымша мәлімет беру. Бунақденелілердің денесі үш бөлікке, бунаққа бөлінген. Құстардың қауырсыны болады, қанаты. Ал сүтқоректілер балаларын, төлдерін сүтпен қоректендіреді.. Осы айтылған ерекшеліктерге келе бермейтін мынадай жануарлар да бар екен.

Қосымша мәлімет: Үйректұмсық пен түрпі. Басқа Аустралия елінде мекендейтін, балаларын сүтпен қоректендіретін сүтқоректі жануарлар.

1-мақсатқа оралу. Жануарлар әлемінің көптүрлі болатындығын білдік пе?

Қандай топтарын білдік?

Келесі мақсат: Зерттеу арқылы жануарлардың белгілерін анықтау.

Жұптық жұмыс. Берілген жануарларға жұппен бірге қарай отырып, олардың әрқайсысының өзіне тән белгілерін зерттеу.

Жылқы , арыстан, құс (әтеш), балық, жылан, құрт (бунақденелі), қолтырауын, көбелек, сиыр.

Жұптық жұмыс бойынша балалар өзін өзі бағалау жүргізеді, қошемет көрсету арқылы.

(2-мақсатқа жеткен оқушылар табыс баспалдағы арқылы белгілеп көрсету)

Сергіту сәті. Бір оқушы шығып жануардың қимылын көрсетеді, қалған оқушылар қайталайды және қай жануар екендігін табады.

Топтық жұмыс.

  1. Жануарларды топтары бойынша суретін тауып жапсыру

  2. Екі жәндікті салыстыру. (Ара, құмырсқа) Венн диаграммасы.

  3. «Буриме»әдісі

... көкте,

... жерде.

... суда,

... жүзеді.

... ... сүреді.

4.Семантикалық картамен жұмыс.
Шыбын, маса-------------- Бунақденелілер
Бүркіт, түйеқұс------------ Құстар
Сазан, шортан------------- Балықтар
Бақа,саламандра --------------- Қосмекенділер
Сиыр, түйе------------------ Сүтқоректілер
Жылан, кесіртке--------- Жорғалаушылар

Топтардың бірін бірі бағалауы:

«Бағдаршам» әдісі

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:

Берілген жануарларды өз топтарымен сәйкестендіру.





























Сүтқр

Сүтқоректілер, құстар, бунақденелілер,

Жауабын тексеріп, 3-мақсатқа жеткен оқушылар табыс баспалдағы арқылы белгілейді

«Сұхбат»дидактикалық ойыны






«Не артық?»










Тірек сөздер







Сүтқоректілер суреті

(слайд)















Жануарлардың макеті, ойыншықтар








Топ тапсырмалары, А 3 қағазы.






















Қб тапсырмасы жазылған парақшалар

Соңы

10 минут

Рефлексия:

  • Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

  • Қай мақсатқа жету күрделі болды?

  • Неліктен?

«Менің сөзім» әдісі арқылы оқушылар өз ой пікірін білдіреді.



Саралау – сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Зерттеу жұмысы арқылы жануарлардың жекелеген ерекшеліктерін анықтайды, оларды салыстрады, айырмашылығын көрсетеді.

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс

Бағалау – оқушылардың сабақ барысында үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын бере отырып, олардың сабақ барысында түсінгені мен үйренгенін тексереуді жоспарладым.


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Тапсырмалар сәйкес болды ма? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Сабақ мақсаты оқу бағдарламасына сай, шынайы қойылған. Сабақ мақсаты толық жүзеге асты. Оқушылар сабақтан жануарлардың алуан түрлерін, олардың ерекше белгілерін, өзара айырмашылықтарын білді.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақта зерттеу жұмысы табысты өтті.

2: «Буриме» әдісі оқушының жас ерекшелігіне сай тиімді қолданылды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?

Өлеңнің ұйқасын тауып жазуда, ұйқас сөздердің қайталана бермеуін ескеру керектігін байқадым.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!