Материалдар / Жапонияға саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жапонияға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Жапон халқының әдет- ғұрпы салт дәстүрі жайлы айтылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
622
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Тақырыбы: Күншығыс еліне саяхат


Мақсаты:


  • 1.Жапония мемлекеті туралы толық мағлұмат алады.

  • 2.Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп, шығармашылық

  • ойларын өсіреді, өз ойларын еркін айтып, қорытынды жасай

  • білуге дағдыланады.

  • 3.Халықтар арасындағы достықты құрметтеуге тәрбиелейді.


Сабақтың түрі: Сыныптан тыс


Әдіс тәсілі: Екі топ қатысады (12 оқушы) Топпен ақылдаса отырып ортақ

ойларын біріктіру, өз ойларын айту, сұрақ-жауап,


Көрнекіліктер: Жапония картасы, слайдтар, кимоно, әнұраны, туы, елтаңбасы оригами, икебана, бонсаи


Барысы:

  1. Таныстыру

  2. Эмблема қорғау

  3. Жапония елімен танысу (командалар ел туралы қысқаша мәлімет дайындайды

«5» баллдық жүйемен бағаланады)

  1. Жапондықтардың ұлттық киімі «3» баллдық жүйемен бағаланады

  2. Шаш үлгісі «5» баллдық жүйемен белгіленеді

  3. Конкурс «икебана». «10» баллдық жүйемен бағаланады

  4. «Оригами» (командалар қағаздан тез арада өсімдік немесе жануар бейнесін жасау қажет)

  5. Жапондықтардың шай ішу дәстүрін көрсету (көрініс)

  6. Ұлттық тағамдары

  7. «Кюдо» конкурсы (капитандар сайысы) «5» баллдық жүйемен бағаланады


Әділ-қазылар алқасымен таныстыру

Мектебіміздің директоры Абуталипова Гүлнар Тұрсынқұлқызы

Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Жақыпбекова Мархаба Тоқтарбекқызы

Тәрбие ісінің орынбасары Ахметжанова Оралхан Аханқызы

География пәнінің мұғалімі Тұмарбаева Мадина Ақшалқызы

Және қонағымыз әдіскер Смаилова Гүлбаршын Керімқызы


Ежелгі қала орналасыпты

Тұзды су мен аралда

Басқа ел мен аудандар

Тыс қалыпты бұл елден

Жер сілкінеді жыл сайын

Толқындары тағы бар

Ғасырлар бойы үйлері

Салыныпты бұл елдің

Не жаратса табиғат

Өлмепті еш ғасырда

Көршілері бұл елді

«Күншығыс елі» деп атаған


Жапондықтардың гимні орындалады

1.«Географиялық орны»

Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей





жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады. Жер көлемі 372 мың км кв.

Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді.

Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның «Күншығыс елі» дейтін атауынан да бейнелі көрініс тапқан Жапония – конституциялық монархиялы ел.Мемлекет басында император отырады Унитарлы мемлкет, состоящее из46 префектура және Хоккайдо губернаторлығынан тұрады..

Халқы: табиғи өсу ерекшелігі, ұлттық құрамы, орналасуы.

Жапония халқының саны жағынан дүние жүзі елдерінің «алғашқы ондығын» аяқтайды. Алайда соңғы онжылдықтарда халқының табиғи өсу сипаты күрт өзгерді. Жапония өсудің екінші түрінен бірінші түріне өткен Азиядағы мемлекетке айналды.

Бұл «демографиялық революция» өте қысқа мерзімге өтті. Ол жапон қоғамының аса ірі әлеуметтік – экономикалық қайта құрылуының, білім беру мен денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде іске асты. Жапония – дүние жүзінде балалар өлімінің көрсеткішінен ең төмендігімен және өмір сүру орта жасы бойынша көрсеткішінің ең жоғарылығымен танылған салауатты адамдар елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік демографиялық саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының мәселелерін жоспарлау жөніндегі сабақтар мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі. Неғұрлым кеш некелесу қатты насихатталады.

Жапония халқының ұ л т т ы қ қ ұ р а м ы мүлде бірыңғай.

Бұл – типтік бір ұлтты ел, мұнда жапондықтар халықтың 99% -ынан астамын құрайды. Жапон тілі қте ерекше және басқа тілдік топтардың бірде-біреуіне қосылмайды. Әрі иероглиф, әрі буындық әліппе ретінде пайдаланылатын қазіргі жапон жазуының жүйесі де өте күрделі.

Елде ерте феодалдық кезеңнің өзінде енген екі негізгі дін бар: синтоизм және буддизм. Дінге сенушілер бір мезетте қатар өмір сүріп жатқан осы екі дінді де тұтынады; қайсысының әсері басым болса, соған көбірек ден қояды.

Жапония – балаларды ең ерте жастан бастап оқытып, тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлетін бірден-бір жоғары мәдениетті, жаппай сауатты ел. Жапонияда университеттердің саны бүкіл Батыс Еуропадағыдан көп. Бұл ел – байырғы мәдениетті, әсемдікті және тұрмыс дәстүрін берік сақтаған, жапондық өмір салты дейтін түсініктің құрамына енетін ежелден келе жатқан мәдениеттті ел.


Т о к и о – Жапон аралдарының ішіндегі ең үлкен Канто жазығында орналасқан дүние жүзіндегі аса ірі қала. Ол 1869 жылы елдің астанасы болды және «Шығыс астана» дегенді білдіретін осы атауына сол кезде ие болған. Өзінің тым ретсіз салынуымен ерекшеленетін Токио - дүние жүзіндегі ең халқы көп қалалардың бірі. Ол жоғарыға да (жер сілкінісіне төтеп берерлік 50-60 қабатты үйлер), төменге де (жер асты сауда орталықтары), жан – жағына қарай да өсіп барады.

Осаки мен Нагой агломерациялары қасындағы Токионың басқа да агломерацияларымен тұтасып, бұрынғылардан да ірі «галактиканы» - жағалауды бойлау 600-700 км-ге созылып жатқан Токайдо мегаполисін дүниеге әкелді. Мұндағы халықтың орташа тығыздығы 1 км2 –ге 800-1000 адамнан келеді, ал ондағы адамның жалпы саны 55 млн-ға жетеді, бұл, мысалы, Италияның бүкіл халқының санымен салыстыруға болады.

Жапондықтардың күнделкті қолданыстағы сөздерімен танысу

  • これは 挨拶 です。(Корэ ва айсацу дэс.)- сәлеметсіз бе. 

  • おはよう(Охаё:- қайырлы таң

  •  今日は (Коннитива)- қайырлы күн

  • 今晩は (Комбанва)- қайырлы кеш

  • ありがとう (аригато:)- рахмет

  • すみません(сумимасэн)- кешіріңіз

  • Яххо! (Yahhoo)-сәлем

  • Гокигэнъё (Gokigenyou) - "Здравствуйте".

  • Оясуми насай (Oyasumi nasai)-қайырлы түн

  • Саёнара (Sayonara) – сау болыңыз


2.Ұлттық киім (екі команда да жапондықтардың өз киім үлгілерімен таныстырады)

3.Шаш үлгісі



4. «Икебана»

Шоқтығын гүлдің жасауды

Өнер деп сен бір қарасаң

Бұтағын алып шиенің

Жапондық тұр күлімдеп

Маржан, қызғылт түстерден

Қиып тастап артығын

Сұлулықты жаратқан

5. Оригами (тез арада қағаздан композиция жасау)

Командалар дайын болғанша басқа елде саяхатта жүрседе өз отанын сағынып жүрген

Мырзаханов Ержанды ортаға шақырамыз. Ержанның орындауында «Қайдасың туған жер әні»

«Мерамдар»

3 ақпан қыстың көктемге ұласуын тойлайды Ғибадатханаларда үйлеріне бақыт әкелсін көктем деп тілейді.

3 наурызда жапондықтар қуыршақ күнін атап өтеді.

8 сәуір жапондықтар Будданың туған күнін атап өтеді.Ғибадатханаларын мейрамға сай гүлдермен безендіреді тәтті шайды Будданың негізін қалаған Сидхарта Гаутаманың басына құядықалған шайды үйлеріне әкетеді.

5 мамыр – ұлдар мейрамы.Ұлдары бар үйлер есіген шардың балық тәріздес формасын есіктеріне іліп қояды.Себебі балық сияқты шыдамды, төзімдіжылдам болсын дейді.

15 қараша сити-чо-сан (7-5-3). Осы жастағы қыздар мен ұлдарды әдемі киімдерге киіндіріп ғибадатханаға апарып сиынады.Балаларға тәтті тағамдар алып береді сосын оны олар достарына таратады.


6.«Шәй ішу дәстүрі» екі команда жапондықтардың әр түрлі шәй ішу дәстүрлерін көрсетеді.

7.Ұлттық тағамдары.

8.Кодо сайысы

Келесі сөз кезегі әділ қазылар алқасында

«Қорытынды»

Міне осымен біздің Жапонияға саяхатымыз аяқталды.















3 қазақ орта мектебі









DrawObject1
















Тақырыбы:Күншығыс еліне саяхат

Класс:11А-Б




География пәнінің мұғалімі:Оразалинова А.Қ.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!