"Жапырақтар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жапырақтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды біркелкі заттар мен геометриялық пішіндерді ортақ пішініне қарай біріктіруге және ажыратуға үйрету; пішіндер қасиеттерін қоршаған ортадағы заттар арасынан тауып алып, бөлуге жаттықтыру; пішіндерді, үлгіге немесе сөздік нұсқамаға сүйеніп, ортақ қасиеттер бойынша біріктіру, бөлу тапсырмаларын орындауға дағдыландыру; айырмашылығы мен ұқсастығы жақын пішіндерді (домалақ пен сопақша) салыстыра білу қабілеттерін қалыптастыру; қолдың ұсақ моторикасын, байқағыштық, таным және сөйлеу бірліктерін игеру қабілеттерін дамыту; балалардың қоршаған заттар қасиеттеріне қызығушылықтарын ояту; ойындар барысында жағымды эмоционалды қатынастарды сақтай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Сенсорика»

Мақсаты: Балаларды біркелкі заттар мен геометриялық пішіндерді ортақ пішініне қарай біріктіруге және ажыратуға үйрету; пішіндер қасиеттерін қоршаған ортадағы заттар арасынан тауып алып, бөлуге жаттықтыру; пішіндерді, үлгіге немесе сөздік нұсқамаға сүйеніп, ортақ қасиеттер бойынша біріктіру, бөлу тапсырмаларын орындауға дағдыландыру; айырмашылығы мен ұқсастығы жақын пішіндерді (домалақ пен сопақша) салыстыра білу қабілеттерін қалыптастыру; қолдың ұсақ моторикасын, байқағыштық, таным және сөйлеу бірліктерін игеру қабілеттерін дамыту; балалардың қоршаған заттар қасиеттеріне қызығушылықтарын ояту; ойындар барысында жағымды эмоционалды қатынастарды сақтай білуге тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: Бала тілін "жапырақтар", "үшбұрыш", "дөңгелек","сопақша" сөздері арқылы жетілдіру. Әдіс-тәсілдер: Бейнеролик көрсету, дамытушы ойын, аудио жазба тыңдау, ойын жаттығулары, тақпақты мәнерлеп оқу. Құрал-жабдықтар: Бейнеролик (күз туралы), екі шелек, үлкен геометриялық пішіндер (пластик, не ағаш, не картон), көрсеткіш, аудиожазбалар. Үлестірмелі материалдар:Сары, қызыл, жасыл үшбұрыштар (жапырақтар), бір (екі) ойығы (дөңгелек пен сопақша) бар шағын панно, табақшалардағы ұяшыққа сай үлкен немесе кішкентай геометриялық пішіндер.

Барысы: Шаттық шеңбері: «Күзгі жел» аудио тыңдау арқылы қимылдар жасау. Кіріспе бөлім: Күз туралы мазмұнды суретті сиқырлы қалам арқылы сөйлету. -Балалар, біздің даламызға алтын күз келді. Сары, қызыл, қоңыр жапырақтар желмен бірге ұшып барады. Негізгі бөлім: "Жапырақ жинайық" дамытушы ойыны. - Балалар, күз келіп, барлық жапырақты аулаға шашып тастапты. Ауланы тазалайық. Балаларға картоннан жасалған үш түсті үшбұрыштар ұсынылады. - Балалар, жапырақтарды екі шелектің түстеріне сай жинаймыз: қызыл және сары. Балалардың назарын шелектер түстеріне не сол түстердегі белгілерге аудару. Шарт бойынша жасыл үшбұрыштар жерде қалады. Егер балалар қателессе, оларға көмектесіп, нұсқау беру керек. - Ал, қанеки, ойынымызды бастаймыз. Бір-бірімізді итермейміз, асықпаймыз. Жарайсыңдар! - Балалар, ал мына үшбұрыштар қандай? Дұрыс, жасыл. Қайтала. Жасыл жапырақтар жазда қалады (Алып тастау). "Кімде не бар?" дамытушы ойыны. Ойын үстел басында ұйымдастырылады. - Балалар, сендердің алдарыңда не жатыр? Иә, пішіндер. Қайталаймыз. Жарайсыңдар. - Мен алдымдағы пішіннің бірін атаған кезде үстелде жатқан сол пішінді көтеріп, "Міне" деп маған көрсетесіңдер. - Жарайсыңдар. Балалар алдында түсі дәл үлгідегідей немесе өзге пішіндер жатады (қызыл, сары, көк). Мақсаты – бала тек пішінді бөліп көрсетуі тиіс. Педагог көрсеткіш таяқшамен көрсетіп, пішіннің бірін атайды "Міне, домалақ (ұшбұрыш, шаршы)". "Пішіндерді түстеріне сәйкес орналастыру" ойын-жаттығуы. Үстелдерге фетерден жасалған пішіндер: дөңгелек пен сопақшаның үлкен және кішкентай нұсқалары ұсынылады. - Балалар, алдарыңдағы пішіндер тұрады екен, бірақ оларды түстеріне сәйкес фетерге орналастыруға болады. - Жарайсыңдар! "Не қандай болады?" тақпағын оқып беру.

Тақпақты айтып жатқанда белгілі пішіндегі картаны көрсетіп тұру қажет. Қызыл алма дөңгелек, Алтын күн де дөңгелек, Басым менің дөңгелек, Добым ол да дөңгелек. Сары банан сопақша, Шұжық еті сопақша, Тәтті сәбіз сопақша, Таяқша да сопақша. Қортынды:  Оқу қызметінің қорытынды бөлімінде педагог балалардың білімдерін пысықтау үшін сұрақтар қояды: - Балалар, бүгін оқу қызметінде қандай пішіндердің қасиеттерімен таныстық? - Көк, сары, қызыл ұшбұрышпен таныстық. - Жарайсыңдар, балалар! - Балалар, осы жерде неше пішін бар? Түстері қандай? Ішінде қайсысы домалайды екен?

- Үш пішін бар, ешқайсысы домаламайды екен, түстері көк, сары, қызыл, - Балалар, бұлар қандай пішіндер? Бәрі де үшбұрыш. Жарайсыңдар, балалар! - Жақсы, балалар, бүгін алғашқы оқу қызметіне белсенді қатыстыңдар, рақмет, сау болыңдар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.08.2022
491
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі