Материалдар / Жақан Смақов «Еңбекті сүйсең-ел деп сүй»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жақан Смақов «Еңбекті сүйсең-ел деп сүй»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Жақан Смақовтың өмірі мен "Елді сүйсең - ел деп сүй" деген өлеңімен таныстыру.Оқушыларды еңбекқорлыққа баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2018
708
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: Б.Асемова

Күні: 8.02.2018 ж.

Пәні: Мәнерлеп оқу

Мұғалімнің есімі: Ходжаназарова Айжан

СЫНЫП: 3«Б »


Сабақтың тақырыбы:

Жақан Смақов «Еңбекті сүйсең-ел деп сүй»

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады.

Барлық оқушылар бүгінгі өтілген өлеңді түсінеді,мәнерлеп оқи алады. Сұрақтарға жауап бере алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Өз бетінше іздене алады. Мәнерлеп оқып,түсінігін айта алады.

Кейбір оқушылар:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Тілдік мақсат


Еңбекті сүйсең-ел деп сүй

Бағалау критерийі

Оқушылар берілген өлеңді мәнерлеп оқи алады.Тапсырмаларды орындай отырып,берілген өлеңді жатқа айта алады.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Алдыңғы оқу

І.Жансүгіров «Торы тай»

Басы


І.Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу.

ә) Оқушыларды талапқа сай отырғызу.

б) Назарларын сабаққа аудару.

в) Қызығушылықтарын ояту.

г) Психологиялық дайындық

Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған достарым!

Ортасы


Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болайын деп тұр.Біздің сабағымызға бүгін қонақтар келіп отыр.

Үй тапсырмасына не берілген еді кәне,барлығымыз жаттап келген өлеңімізді мәнерлеп оқып берейікші.

Ия. Жарайсыңдар!

1.І.Жансүгіров қай жылы дүниеге келген?

2. Ақынның қандай өлеңдерін,шығармаларын білеміз?

3.Біз ақынның қандай өлеңімен таныстық?

4.Жылқы малының қандай қасиеттерін білесіңдер?

Жаңа сабақ

Жақан Смақов «Еңбекті сүйсең-ел деп сүй»

Жақан Смақов (1932, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ынталы ауылы - 1975) - ақын. Ертеден қара кешке дейін түтінін үзгізбей айтқызсаң да, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаштары таусылмайтын. Жақан Атасу селосындағы қазақ орта мектебін С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген."Жетісу", "Қазақстан пионері" газеттері мен "Балдырған"журналында, Қазақ телевизиясында жұмыс істеген. Жақан Смақов мектепте оқып жүрген кезінде-ақ өлең жаза бастағанды. Ақын саналы өмірін, дарынын бірыңғай балалар поэзиясына арнады. Оның мынадай кітаптары бар "Сәбилерге сәлемдеме", "Қаз-қаз бас", "Бақ-бақ", "Жаңғырық". Ақынның мінсіз өлеңдеі ойнақты, оқиғалы-қимылды, сазды болып келеді де , жеңіл оқылады. Танымдық мәні зор. Әсіресе тілі жаңа шыққан сәбиді ана тілінің сиқырлы сазына еліктіретін де сондай әдемі жырлар.

«Еңбекті сүйсең - ел деп сүй»

Еңбекті сүйсең – ел деп сүй,

«Еңбегің кетпес далаға».

Қолғабыс жаса,көрсет сый,

Шаршамасын жан аға,

Шаршамасын жан апа,

Шаршамасын жан ата.

Риза болсын балаға,

Еңбек ет те, көрсет сый,

Еңбекті сүйсең - ел деп сүй.

Дәптермен жұмыс

Жақан Смақовтың мынадай кітаптары бар "Сәбилерге сәлемдеме", "Қаз-қаз бас", "Бақ-бақ", "Жаңғырық".

-Балалар , бүгінгі сабағымыздың мақсаты Жақан Смақовтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат алу. Осы тақырыпты жақсы меңгеру үшін нелерді үйренуіміз тиіс деп ойлайсыңдар?

- Тақтадағы суреттерге назар аударайықшы.

-Балалар мына тақтада ілініп тұрған суреттерге қарап нені байқап отырмыз?

Сергіту сәті


«Дирежор» ойыны

-Балалар бәріміз білетін бір әнді орындайықшы.


«Кім жылдам?» ойыны. Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

Бақыт кілті – еңбекте.

Еңбек ет те, міндет ет.
Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Еңбек етпей елге өкпелеме, 
Егін екпей жерге өкпелеме.

Бағалау

Оқушыларды смайликтермен бағалаймын.

Дескриптор




Соңы

  • Бүгін сабақ сендерге ұнады ма?

  • Несімен ұнады?

  • Жақан Смақов қай жылы дүниеге келген екен?

Үйге тапсырма

Жақан Смақовтың «Еңбекті сүйсең - ел деп сүй» өлеңін жаттап келеміз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!