"Жақсы деген немене,Жаман деген немене"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жақсы деген немене,Жаман деген немене"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Жақсы деген немене,

Жаман деген немене.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Балаларға жақсы мен жаманды айыра білуге, жақсылық жасауға, жамандықтан қашуға үйрету.

ә) Дамытушылық: Балалардың дүниетанымын, ақыл-ойын, танымын, шығармашылығын арттыру. Жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту.

б) Тәрбиелік: Балаларды еңбексүйгіштікке, жақсы істер мен әрекеттер жасауға, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрініс, өлең-тақпақтар оқу, топтастыру, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: сурет, топтастыру, сызба, кесте, үнтаспа, қанатты сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.


ІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын ертегі жұмбақ жасыру арқылы ашу.

«Жақсылық пен жамандық» ертегісін балаларға баяндап беру.

Бүгінгі жарыс сабағына 4 «А», 4 «Ә» сынып оқушылары қатысады. Оқушылар екі топқа бөлінеді.

4 «А» сынып «ӘДЕПТІЛІК» тобы

Топ басшысы: Бердібай Назерке

Топ ұраны: «Ата-анаңның ақылы –

Сайрап жатқан жолмен тең»


4 «Ә» сынып «СҮЙІСПЕНШІЛІК» тобы

Топ басшысы: Рахметқызы Манат

Топ ұраны: «Ақылдының ақылы –

Сарқылмайтын көлмен тең»


Сабақтың шарттарымен таныстыру:


  1. Көркем сөз – көңіл кілті.

  2. Адам болам десеңіз...

  3. Мақал - сөздің мәйегі.

  4. Түйінді ой жүректен орын алса...

  5. Өнерлі болсаң, сынға түс.



Әділ – қазылар: бастауыш сынып мұғалімдері



1- сайыс: «Көркем сөз – көңіл кілті»


Мұғалім: Өмір таны, өнер қу,

Өнер табу – ол да оқу.

Талаптансаң, тартынба

Өз күшіңде жол табу.


«ӘДЕПТІЛІК» тобы «Үш ұл» атты ертегісіне көрініс көрсетеді.

Назерке – автор

Оразхан – қария

Бірінші ана – Зарина, баласы – Айда

Екінші ана – Айтолқын, баласы – Зияда

Үшінші ана – Ұлбала, баласы – Иманғали


«СҮЙІСПЕНШІЛІК» тобы «Сүйіспеншілік» мәтініне көрініс көрсетеді.

Манат – автор

Гүлмира - әйел

Қуат – отағасы

Шұғыла – баласы

Мұхит – байлық

Қажмұхан – сүйіспеншілік

Рамазан – сәттілік


2 - сайыс: «Адам болам десеңіз...»


Мұғалім: Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба.

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

«ӘДЕПТІЛІК» тобы адамның бойындағы жақсы қасиеттер туралы өлең-шумақтарын оқиды.


«СҮЙІСПЕНШІЛІК» тобы адамның бойындағы жаман қасиеттер туралы өлең-шумақтарын оқиды.


3 - сайыс: «Мақал – сөздің мәйегі»


Мұғалім: Биязы мінез тіл алғаш,

Бал-бұл жанып жүретін

«Әдептілік»: Бауырмалдық сол - ?

(Жақсы)

Ұшып – қонып жүретін,

Шегірткедей жеңілтек,

Ұшқалақ болсаң сол - ?

(Жаман)

Ашу деген бәледен,

Алшақ жүріп жанаспай,

Ақылды болсаң сол - ?

( Жақсы)

Мұғалім: Беті-қолың кір-кір боп,

Берекесіз ыржақтап,

«Сүйіспеншілік»: Бейбастық өссең сол - ?

(Жаман)

Үйдің ішін тазалап,

Үстіңе де қарайлап,

Үлгере алсаң сол - ?

(Жақсы)

Ата-ананың ақылын,

Ала білмей кезінде,

Ақымақ болсаң сол - ?

(Жаман)

3 – сайыс бойынша «Әдептілік» және «Сүйіспеншілік» топтары жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер айтып жарысады.


4 – сайыс: «Түйінді ой жүректен орын алса...»


Мүғалім: Ұқыпты болуға (болады)

Әдепсіз болуға (болмайды)

«Әдептілік» Мейірімді болуға (болады)

Ұқыпсыз болуға (болмайды)

Мұғалім: Білімді болуға (болады)

Жаман болуға (болмайды)

«Сүйіспеншілік» Дос болуға (болады)

Мейірімсіз болуға (болмайды)


4-сайыс бойынша «Әдептілік» және «Сүйіспеншілік» топтарына жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді топтастыру стратегиясы беріледі. 4-5 минут уақыт бөлінеді. Оқушылар тапсырманы орындап болғанша әуен ойнап тұрады.


5 – сайыс «Өнерлі болсаң, сынға түс»

Мұғалім: Өнер сүйсең жиренбе,

Дамыта бер, үйрен де!

«Өнер алды кең»,- деп біл,

Қалсын үлгі кейінге!

Әр топ дайындап келген өнерлерін ортаға салады.


«ӘДЕПТІЛІК» тобы би билейді.

«Көңіл толқыны» күйіне бишілер – Назерке, Зияда, Айда, Айтолқын.


«СҮЙІСПЕНШІЛІК» тобы би билейді.

«Ұлытау» күйіне – бишілер Манат пен Шұғыла.


Сабақты қорытындылау:

Әділ-қазылар балалардың жинаған балын топтап, жеңімпаз топты анықтайды. Қорытынды сөз айту.


Мұғалім: Балалар, бүгінгі «Жақсы деген немене, Жаман деген немене» атты сабағымызда өз бойымызға қандай ұранды ұстандық.


Оқушылар: Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мақтау, мадақтау, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.06.2018
9907
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі