Материалдар / Жақсы деген немене,жаман деген немене?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жақсы деген немене,жаман деген немене?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатын өткізуге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2018
417
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Жақсы деген немене,жаман деген немене?

Мақсаты: Қайырымдылық, жақсылық жасау дәстүрлері жайында түсінік беру, халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жалғастыруға бағыт беру, үнемі жадында ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қайырымдылық жайында жазылған ұлағатты сөздер:
«Жасаған жақсылығың сатулы болмасын», «Адамға қылған жақсылық өмірінде тозбайды», «Бір - бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтастықтың ауылы да алыстай береді», т. б.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
...
Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат алып келеді.
Әл - Фараби
Жүргізуші:
Ата - бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған.
1 - оқушы.
Көрші - қолаңның, ағайын туыстың жалғыз аты өлсе, оның етін көпшілік болып бөлісіп, орнына бірігіп ат сатып берген.
2 - оқушы
Алыс сапарға аттанғанда, кедейлерге ет - май деп майда малын уақытша болса да қарасып, мініске деп жылқы берген. Көлік - жай деп көшуге, малға жем - шөп даярлауға түйе беріп көмектескен.
3 - оқушы.
Сауын деп кедей - кепшіктерге жаз кезінде сауынға мал берген.
Жүргізуші:
Ата - бабаларымыз қайырымдылық дегенді осылайша түсінісіп, осылай жүзеге асырып отырған.
«Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдынан шығады,» деген екен. Бір - бірімізге жақсылық жасаудан жалықпайық, достар!
5 - оқушы.
Атаны ардақтау, ананы аялау, досты сүю, жолдасты құрметтеу – бізге бабаларымыздан қалған дәстүр. Бұл да – елдігіміздің нышаны.
Жүргізуші:
Ата - әжеге баланың ықыласы мына өлең шумақтарынан көрінеді:
6 - оқушы.
Таң атса күлімдеп,
Жүрегім дірілдеп.
Атама жүгірем,
Күн ашық бүгін, деп.
7 - оқушы.
Жүрерде жер тіреп таяғын,
Орнынан тұрады ол әрең.
Әттең, мен кішкентай баламын,
Әйтпесе, арқалап алар ем.
Жүргізуші:
«Ақыл тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен» - деген ата - бабаларымыздың нақыл сөзі бізге тәрбие береді.
Оқушы:
Жақсы кісі ақылменен тәуір болады,
Мінезі қорғасындай ауыр болады.
Оқушы:
Азаматпен дос бол,
Қадіріңді біледі.
Білімдімен дос бол,
Сасқанда ақыл береді.
Жүргізуші: «Кімге не артық?»
Оқушы:
Тәкаппарға көз артық -
Көріп тұрып, көрмейді.
Жарымеске сөз артық -
Жөн сөйлеуді білмейді.
Оқушы:
Не істесе де оңдырмас -
Артық қолы олақтың.
Тілазарға тыңдамас -
Қажеті жоқ құлақтың.
Ғұмырында, әр уақытта,
Түк істемес құмартып,
Жалқауға
Құлақ та,
Көз де,
Қол да –
Бәрі артық.
Жүргізуші: Балалар, тәкаппарлық пен жалқаулықтан, тілазар болудан бойымызды аулақ сақтайық. Білімді, саналы болашақ. Білімді, саналы достардан әрқашан жақсылық күтуге болады.
Қолынан көп іс келетін адам өзін сенімді де, күшті сезінеді. Жалқаулық ең жаман әдет.
11 – оқушы. Ата – анамыздың көңіл күйі жақсы болсын десек, үй - ішін жинақы, таза ұстауымыз керек. Бөлмені жинастырып болған соң міндетті түрде желдетіп алу қажет.

12– оқушы. Тамақ ішіп болған соң үлкендердің ескертуісіз өз ыдысымызды жуып қойған жөн. «Табағы таза адамның тамағы да таза» дегенді ұмытпайық.
4. Ас үстінде.
13– оқушы. Асқа отырар алдында міндетті түрде қолды жуу керек. Кір қолмен тамақ ішу – тәрбиесіздік қана емес, денсаулыққа да қауіпті. Дастарқан басында өзгелердің тәбетін бұзатын қылық жасама. Тағамды, табақты езгілеп, берекесін алма.
14– оқушы. Ас үстінде көп сөйлемеген дұрыс. «Ас үстінде жалқаумын, саңырау да, мылқаумын» деген мәтел сөз бар.
15– оқушы Үй іші дастарқан басына жайғасар кезде жасы кішілер үлкен адамдар отырып болғанша күте тұруы керек. Нан турасып, ыдыс – аяқ қойысуға көмектесуге болады. Тамаққа үлкендерден бұрын кірісуге болмайды.
5. Телефонмен сөйлесу.
16 - оқушы. Таң атпай немесе түнге қарай ерекше бір жағдай болмаса, телефон шалған дұрыс емес Егер нөмірді дұрыс термесең кешірім сұра.
Топпен жұмыс
І - топ: Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау
ІІ - топ: Ағалы - қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау
ІІІ - топ: Сендер қандай жағдайда риза боласыңдар?
ІҮ - топ: Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады?

1 - Жүргізуші: Көрініс. «Қиын есеп»
Басы қатты баланың,
Шығара алмай есебін.
Іздеп түрлі амалын,
Күбірлейді қос ерін.
Қиналғандай көрініп,
Оның... тісі де.
Қарындашты кеміріп,
Кіріскен өз ісіне.
Талай тәсіл қолданып,
Бір жазып,
Бір өшіріп,
Отыр бала ойланып,
Ақ қағазға тесіліп.
- Мейірбек, не істеп отырсың?
- Мына есепті шығара алмай отырмын.
- Е - е, соншама қиналғаның не, мә, көшіріп ал!
- Рахмет. Жақсы болды, қазір - ақ көшіріп аламын.
Жүргізуші:
Балалар, кім - кімге жақсылық жасады? Осы жақсылық па?
(Оқушылар өз ойларын ортаға салады).
2 - Жүргізуші: - Кім, не қасиетсіз?
Оқушы:
Өз ойы болмаса, ер қасиетсіз.
Жігері болмаса жігіт қасиетсіз.
Бал болмаса, ара қасиетсіз.
Жанбай қалған, шала қасиетсіз.
Өнерсіз болса, бала қасиетсіз.
Әділетсіз болса, дана қасиетсіз.
Ұятсыз болса, қыз қасиетсіз.
Көк шықпаса, жер қасиетсіз.
Оқушы: Қайырымдылық – асыл қасиет. Шексіз мейірімді, шексіз рақымды. Алла мұсылман құлдарына әрқашан да бір - біріне мейірімді, қайырымды болуға үндейді.
Оқушы: Рамазан айы – мейірімділік, қайырымдылық айы. Бұл айда мұсылмандар пітір таратады. Бір - біріне қолынан келгенше қайырымдылық жасайды.
Оқушы: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Әуелі – надандық, екінші – залымдық, үшінші – еріншектік» - деп Абай атамыз айтқан екен. Міне, осы үш нәрседен бойымызды аулақ ұстайық.
Оқушы:
Кісіге адамшылық не керек?
Адамдық – өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттей қалай дейсің,
Аямай әл келгенін жұтып жемек.
Мейірім – жақсы, залымдық жаман дейсің,
Қасқырлыққа қайтесің құр дөңгелеп.
Жан ашып, ешбір жанға жәрдем қылмай,
Өткен адам – өсіп - өсіп құлаған бір бәйтерек.
(Ш. Құдайбердиев)
Оқушы
:Өмірде еш өкініш болмасын,
Имандылық босын сенің жолдасың.
Әр түрлі жағдаяаттарды талқалау.
1. Бала сабақта ұрсатынын біле тұрса да, бала бағаны өшіріп тастайды. Сендер не істер едіңдер?
2. Сен сабаққа кешігіп асығып бара жатырсың жолдан үлкен қарт кісінің өте алмай тұрғанын көрдің сен не істейсің?
3. Сен досыңның біреудің затын ұрлап алғанын білесің. Бірақ мұғалім басқа баладан күдіктеніп тұр. Сен не істейсің?
Көшеде бір қарт адам құлап қалды.Не істер едіңіз?
Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз.Не істер едіңіз?
Сіз дүкенде кезекте тұрсыз.Сіздің артыңызда әжей тұр.
Көшеде, мектепте, үйде таныс кісілер, мұғалімдер кездессе не деу керек?
Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр оған не деу керек?

Қорытынды:Бір - бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтықтың ауылы алыстай береді. Ата - бабаларымыздан қалған асыл қасиеттерден жұрдай болсаң, қазақпын деуге құқымыз бола қояр ма екен? Енді ата - бабаларымыздың нақыл сөздеріне кезек берейік (Нақыл сөздер айтады).
Біз – халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жандандыратын, жалғастыратын ұрпақпыз.
Өмір тауқыметін шегіп отырған кемтар адамдарға, көп балалы отбасыларға, қарттарға, зейнеткерлерге қайырымдылық қорлары да өз көмектерін көрсетуде.
Халқымыздың осы бір бағалы дәстүрін – қайырымдылық пен жақсылықты ұмытпайық!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!