Материалдар / «Жақсы көңіл - күй жан азығы».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жақсы көңіл - күй жан азығы».

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг өткізу үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
642
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Семинар-тренинг
«Жақсы көңіл - күй жан азығы».
Мақсаты: Ата-аналардың эмоционалды және көңіл - күйлерін көтеруге жанудың өздеріне құрметпен қарау, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Эпиграф: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз».
Көрнекілік құралдар: музыка аппараты, баяу әуенді диск, тест «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?» ,проектор ,интерактивті тақта, түрлі түсті лента,қалам,қағаз. Тренинг ережесі: 1.Бір – біріне  көңіл  бөлу 2.Тыңдау 3.Сыйлау 4.Көзбе – көз  қарау 5.Тиімді   орынды  таңдау 6.Әзілді  сезіну 7.Ұрыс – керістен  сақтану  сияқты 8.Түсіністік қарым-қатынас. Жоспар 1.Танысу. «Табысты күн» . 
2. «Дыбыстық жаттығу» 3.Релаксациялық жаттығу: «Менің жан-дүниемнің гүл бағы». 4. Жаттығу: «Ауа-райы». 5.Өміршендік ережесі. 
6. Тест : "Сіз көшбасшы бола аласыз ба?"
7. Жүргізілген жұмысты қорытындылау . 8.Кофе брейг Тренинг мақсатын түсіндіру. Тренингтің кіріспе сөзі . 
 Құрметті ата-аналар, бүгін сіздердің психикалық көңіл - күйлеріңізді көтеруге,
өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз - өзіңізге құрметпен қарауға, бір - бірімізге сыйластық қарым - қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Өздеріңізге белгілі, адамдар стресттік жағдайларға жиі душар болатындығы белгілі. Әсіресе, көктем, күз мезгілінде адамдар өте шаршағыш, эмоциялық күй - жағдайлары өте төмен болады. Сондықтан қазір біз сіздермен әр кезде көтеріңкі көңіл - күйде болу үшін, бірнеше жаттығу жасап үйренеміз . Тренинг барысы: 

Picture 1

  1. Бөлім. Танысу. «Табысты күн» Мақсаты: Жақсы қарым-қатынас орната білу,бір-біріне көңілді күй сыйлау. Нұсқау: Бұл тренингті өткізу үшін 30-40 см түрлі-түсті лентаға «көңілді күй сыйлаймын» деп жазып қорапқа салу керек.Ережесі: Әркім өз қалауы бойынша лентаны алып,ұнаған адамына жақсы лебіздер айту арқылы білегіне тағады. Өтініш: Бүгінгі күн күндегіден ерекше. Айналаңа назар салшы. Мүмкін айналаңда көңіл күйі жоқ немесе жалғыздықты сезінген адам бар шығар. Сол адамды назарыңнан тыс қалдырмай, оның көңілін көтеретін жақсы көңіл күй сыйлауға тырыс . 2. Бөлім. Жаттығу. «Дыбыстық жаттығу»
    Мақсаты
    : дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.
    Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрың жүргізуші ережесін түсіндіреді:
    Өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.
    Деміңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауысыңызбен «А» дыбысын айтыңыз - ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
    «Е»- қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.
    «И»- миыңызға, көзіңізге, құлағыңызға.
    «О»- жүрегіңіз бен өкпеңізге
    «У»- асқазан маңындағы дене мүшелеріңізге
    «Х»- денеңіздің тазаруына
    «ХА»- көңіл - күйіңіздің көтерілуіне.
    Талдау: Осы жаттығуды жаттап алып, әркезде орындап отырыңыздар, денсаулығыңыз өз қолыңызда, эмоционалдық стресске шалдықпаудың алдын аламыз.


3. Бөлім.Релаксациялық жаттығу: «Менің жан-дүниемнің гүл бағы».
 Қажетті құралдар; баяу әуенді диск 
Мақсаты:
 Ғажайып баққа саяхат жасау арқылы дүниенің бірлігін, біртұтастығын, әр адамның қайталанбас тұлға екендігін сезінуін қамтамасыз ету,өзін бағалай білуге жетелеу, өзара түсіністік сезімін қалыптастыру. 
• Терең тыныс алыңыз .1...3. 
• Өзіңізді ыңғайлы, қалыпты ұстаңыз да, көзіңізді жұмыңыз, жылы толқын бұлшық еттеріңді босаңсытып жайландырады. Мен сізден естігеніңізді айша елестетіп, естіп, сезінуіңізді сұраймын. 
• Өзіңізді бақылаңыз. 
• Көз алдыңыз қараңғыланып кетті. Қараңғылық ішінен әдемі өрнектері түрлі-түсті қақпа пайда болды да, жарқ етіп ашылып кетті. Әрі қірай өтіңіз. Сіз тамаша бақтың ішіндесіз. 
• Алуан түрлі раушан гүлдер тобы сізге қарап, сүйіспеншілікпен иіліп, тербеліп сәлем бергендей болды. Кенет гүлдер тез көбейе бастады, жүздеген, мыңдаған қызылды-жасылды гүлдер жер бетін жауып кетті. Шетімен шегі жоқ.... 
• Самал жел таза ауа мен гүлдердің иісін жеткізді. Сізді жеңілдік пен еркіндік, қуаныш сезімі билейді. Гүлдердің ішінен өзіңізге Жаны жақын адамдардың бейнесі жымиып, сүйіспеншілікпен қарап түрған сияқты. Олар кімдер? 
• Жүріп келе жатып сізді алыстан көз тартып шақырғандай болып тұрған гүлдің өзіңізге жақын, сізге туысқандық байланысы барын сезесіз. Түсі қандай? Жақындап қараңызшы, ол ешқайсысына ұқсамайды, ерекше және қайталанбайды. Үңіліп қарасаңыз, ол гүлден өз бейнеңізді көресіз. Ол өте әдемі. «Әр гүлдің өз иісі бар, өзіне тән сұлулығы бар екенін ұмытпаңыз!». Өзіңізді бағалай біліңіз. Гүлдер, ағаштар, жемістер бір-біріне еш ұқсамайды, бірақ олар бір жер бетіндегі топыраққа өсіп, тамырын жаяды, оларға ортақ бір ғана күн жылуын беріп, шұғыласын шашады. Адамзат баласы да солай. Ақ, сары, қара, түрлі нәсіл, ұлттардың күні де, жері де ортақ, жаратушысы бір. Осы туралы ойланып көрдіңіз бе? 
• Адамзат әлемінің ғажайып бағында өсіп тұрған алуан түрлі раушан гүлдер сияқты сіз де солардың бірі екеніңізге қуаныңыз. Сіз гүл болсаңыз, өзіңді қалай сезінер едіңіз? Өзіңізге де, айналадағылардың бәріне де сүйіспеншілікпен қарауға тырысыңыз. Сіз өзгелерге қалай қарасаңыз, сізге де өзгелер солай қарайды. Сіз өзіңізді сыйласаңыз, өзгелер де сізді сыйлайды. Маған қосылып іштей қайталаңыз: «Мен – ол – мен» бүкіл әлемде маған ұқсайтын жан жоқ. Менің барлық жеңісім мен табысым тек маған ғана тиесілі. Менің барлық жеңілісім мен қателігім өзімдікі. Менде бәрі жеткілікті. Мен өте тамаша адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді. 
Талдау. 
• Гүлдер жер бетінде өзін қалай сезінер еді? 
• Әлемге қатысты қандай сезім пайда болды? 
 4.Бөлім: Жаттығу: «Ауа-райы».Әдіс-тәсілі; Тар шеңбер болып тұрамыз. Қажетті құралдар; баяу әуенді диск.
Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу.
Орманындамыз деп ойлайық. Ауа-райы бастапқыда керемет болды. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезгілде самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі (арқаға батыңқырайтын қимылдар жасалады). Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз). Содан кейін жай жаңбыр сіркіреді (көршінің арқасын саусақтарыңмен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауып, сосын жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді жаттығуды ауысып жасайсыз.
Талдау:
-мұндай жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?
-жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?
-өз сезімдеріңіз бен көңіл-күйлеріңізді бөлісіңдер.
 5. Бөлім. Өміршендік ережесі. 
Мақсаты:Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, 
Өміршеңдік ережелерін айтайық . Маған қосылып іштей қайталаңыз: «Мен – ол – мен» бүкіл әлемде маған ұқсайтын жан жоқ. Менің барлық жеңісім мен табысым тек маған ғана тиесілі. Менің барлық жеңілісім мен қателігім өзімдікі. Менде бәрі жеткілікті. Мен өте тамаша адаммын . Менің қолымнан бәрі келеді. 
Жігер деген-Мен 
Күш деген-Мен 
Махаббат деген-Мен 
Кешірім деген-Мен 
Құдірет деген-Мен 
Жасөспірім деген-Мен 
Жастық шақ деген-Мен 
Денсаулық деген-Мен 
Адалдық деген-Мен 
Жарқындылық деген-Мен 
Бар ғажайып деген-Мен 
Хормен:
 Бәрі маған байланысты, 
Бәрі менің қолымда.
 6. Бөлім. Тест: "Сіз көшбасшы бола аласыз ба?" Қажетті құралдар; қалам, қағаз. Ережесі: Әр бір сұрақтын үш жауабы бар солардын біреуіне ғана жауап бересіз.Он бес сұрақтын ұпай саның есептеңіздер.

1. Бала кезіңізде үлкеннің тілін алу мен өзгеге бағыну сіз үшін ауыр болды ма?
Иә (10 ұпай)
Есімде жоқ, білмеймін (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)
2. «Ғылым мен мәдениеттегі жетістіктерге тек билік ете алатын жандар ғана қол жеткізе алады» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
3. «Нағыз ер-азамат әйел затын өз талаптары мен заңдарына бағындыра білу керек» деген ойға көзқарасыңыз?
Өте дұрыс (10 ұпай)
Нақты айта алмаймын (5 ұпай)
Дұрыс емес (0 ұпай)
4. Жақын жандарыңыздың асты-үстіңізге түсіп, еркелеткендігі сізге ұнайды ма?
Иә, оған еш қарсылығым жоқ (10 ұпай)
Кейде-кейде (5 ұпай)
Шынымды айтсам, ұнамайды (0 ұпай)
5. «Әйел заты көнбіс болу керек» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
6. «Мені қоршаған жандардың жағдайын жақсарту үшін мойныма көп дүниені жүктеп алдым. Алайда, мұны біреу білсе, біреу білмес». Сізге таныс жағдай ма?
Иә, дәл қазіргі менің жағдайым (10 ұпай)
Таныс жағдай, тек мұны барлығы білуге тиісті емес (5 ұпай)
Жоқ, мұндай жағдайға ұшыраған емеспін (0 ұпай)
7. «Мықты адам» деген теңеуге сай келетін жан көшбасшы бола алады» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
8. Оңтайлы нәтижені тез табу керек болатын кейбір жағдайларда шешімді тез қабылдайсыз ба?
Иә, тез табуға тырысамын (10 ұпай)
Нақты айта алмаймын (5 ұпай)
Жоқ, шешімді бірден қабылдай алмаймын (0 ұпай)
9. Мен өзгелерді өзіме бағындырып, билік ете аламын
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, билік ете алмаймын (0 ұпай)
10. Ешкімнің алдында ашылып сөйлеп, өзімді толық көрсеткім келмейді
Иә (10 ұпай)
Білмеймін, әр кезде әр қалай (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)
11. Мен беймаза, тыныш өмірді армандаймын
Иә, іште жатқан сондай арманым бар (10 ұпай)
Білмеймін, ол туралы ойланбаппын (5 ұпай)
Менің ондай арманым жоқ (0 ұпай)
12. Бағынышты адам бастығының кез келген тапсырмасын орындай білуі керек
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
13. Жақын жандармен тілдескен кезде, әсіресе, олардан өтініш-жәрдем сұрағанда іштей бір қарсылықтың тұрғанын сеземін
Иә, мұндай сезімдер менде жиі болады (10 ұпай)
Білмеймін, аса мән бермеппін (5 ұпай)
Жоқ, мұндай сезімде болған емеспін (0 ұпай)
14. Менен өзгелер түсінік сұрап, ақталуымды талап етеді.
Иә, онсыз да түсінікті дүниелерді қайта сұрап жатады (10 ұпай)
Білмеймін, байқамаған екенмін (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)
15. Менің мінезім үйіміздің тірегі әкемнің/анамның мінезіне ұқсас
Иә (10 ұпай)
Білмеймін (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)
Тест нәтижесі
150-100 ұпай: Сіз өктем жансыз. Сіз үшін алынбайтын қамал жоқ. Кез келген жағдайдың оңтайлы шешімін таба аласыз. Өзгені өзіңізге бағындыра аласыз. Басшы болуға лайықты жансыз.
99-50 ұпай: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақалмен өмір сүресіз. Барлығын ақылға салып, сабырлықты серік етесіз. Сіз басшылық ете аласыз, сондай-ақ, берген тапсырманы тыңғылықты орындайсыз.
49-0 ұпай: Сіз өте көнбіс жансыз. Өз күшіңізге өзіңіз сенбейсіз. Алайда, сіз оңтайлы шешім қабылдай аласыз. Өзгеден үлгі алып, мінез-құлқыңызды өзгертуге тырысып бағасыз.
 7. Бөлім. Сергіту сәті .« Жұмыр қылыш» Қажетті құралдар;баяу әуенді диск. Барлығымыз орнымыздаң тұрайық бойымызды тік ұстаймыз. Көнілді көңіл кұймен аяғымызды қозғап аздап бүгеміз, қолымызды да бірге қозғап айналдырамыз, денемізді бірге қозғаймыз,4рет қайталаймыз. Оңға,солға жүріп қолымызды аздап бүгіп қозғаймыз ,басымыз бірге қозғалады,4 рет қайталаймыз.Орнымызда тұрып денемізді қозғап қолымызды бүгіп оңға бір ,солға бір қозғаламыз,4 рет қайталаймыз . Алдыға бір рет, артқа бір рет жүреміз,қолымызды әдемі қылып қозғаймыз. Аяқты бірге ұстап қозғаламыз оңға бір ,солға бір жүреміз ,қолымызды жоғары, төмен қозғаймыз, осы кыймылды қайта қайталап аяғымызды көтереміп оңға бір.солға бір қозғаламыз Орнымызда тұрып аяғымызды қозғап қолды бірге қойып айландырамыз,4рет.алдыға жүріп қолымызды айналдырамыз, артқа жүргенде қолымызды түсіріп сілкеміз көңілді көңіл күймен қозғаламыз.Орнымызда тұрып ақырындап оң жаққа бұрылып аяғымызды көтереміз,сол жаққа бұрылып тағыда аяғымызды көтереміз ,қолымызды түсіріп алақанды жазамыз, 4 рет, белімізді бірге қозғаймыз.Айналамыз қолымызды аздап көтеріп айландырамыз, орнымызда тұрып қолымызды түсіріп,орында тұрып жүгіреміз болды деп тұра қаламыз.

8.Қорытындылау . «Тілек гүлі». Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.
 «Жақсы көңіл - күй жан азығы». атауының мәніне терең үңілер болсақ, гүлдің де үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан гүлді бір-бірімізге беріп тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына гүлді бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.
 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!